Хижаби Абдулбақи хазрет Турхал шәйхы Мұстафа хазреттің ізбасары болып, Қырымның Бақшасарай ауылында дүниеге келген. Қырым Ресей империясының басқыншылығына ұшырағанда ол Амасья (Түркия) қаласына хижрет етті. Кейіннен Турхалдағы Мұстафа хазреттен білім алып, жетіліп, ижазат (диплом) алған соң Амасьяға қайтып, шәкірт жетілдірді. 1238 (м.1822) жылы қайтыс болды. Ол «Нуқут-и Тәухидия» атты кітабында былай жазған:
Барлық нәрсені жататқан – жалғыз Аллаһу та'ала. Бірақ Аллаһу та'ала барлық нәрсені бір себеппен жаратады. Осылай екендігін аяти карималар, хадис шәрифтер және күнделікті көріп жүрген құбылыстарымыз айқын көрсетуде. Сауатсыздар да, ғалымдар да осындай екендігін біледі. Осы себепті дүние өміріне «Алем-и әсбаб» (себептер әлемі) делінген. Бір нәрсеге қолжеткізу үшін сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын істі атқару қажет. Бір нәрсенің себебіне жүгіну «Фатиха» сүресіне қарсы келу болып саналмайды. Хадис шәрифтерде: «Барлық нәрсеге қолжеткізудің өз жолы бар. Жәннаттың жолы – білім», «Мағфиратқа (кешірімге) қолжеткізудің себебі – мұсылмандарды қуанту», «Мағфиратқа қолжеткізетін себептердің бірі – аш мұсылманды тойдыру», «Біз мүшриктен көмек сұрамаймыз», «Есте сақтау қабілетін күшейткісі келген адам бал жесін!», «Шарап ішу – жамандықтардың себепшісі» делінген.
Хадис шәрифтер Аллаһу та'аланың барлық нәрсені себептермен жаратқанын көрсетуде. Аллаһу та'ала «Кәһф» сүресінде «Зұлқарнайнға барлық нәрсенің себебін үйреттім» деді.
Жанды, жансыз, жақын, алыс, барлық нәрсе бір құбылысқа себепші. Жансыз заттардың және жануарлардың адамға пайдалы себеп болуы үшін адамның оларды ақылға сай қолдануы қажет. Адамның бір нәрсеге себепші болуы үшін алдымен себеп болуды қабылдауы, кейін бір іс атқаруы немесе дұға етуі қажет. Адамның бір нәрсеге себепші болуды қабылдауы оған қажеттілік бар екенін өздігінен ұғынуы арқылы немесе өздігінен талап етуі арқылы жүзеге асады. Хадис шәрифтерде: «Дін бауырына артынан, оның хабарынсыз жасалған дұға қайтарылмайды», «Зұлымдыққа ұшыраған адамның дұғасы қабыл болады», «Үмбетімнің күнә істемейтін жастарының дұғалары қабыл болады», «Әкенің ұлына жасаған дұғасы пайғамбардың үмбетіне жасаған дұғасы секілді» және «Дұға бәле-жаланы қайтарады» делінген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024