Инемен дәрі егу (екпе, дәрі тамызу) төрт мазһабта да оразаны бұзады. Саадати Әбәдия кітабында Мәрақил фәлах шәрһінен алынып былай жазылған:
«Бастағы және кеудедегі жараның бетіне қойылған дәрінің сұйық болса да, қою болса да, миға және асқорыту жолына өткендігі белгілі болса, ораза бұзылады. Ішке кіргендігі нақты белгілі болмаса, дәрі сұйық болса, Имам Ағзам «Бұзылады» деген. Ал екі имам «Ішке кіргендігі нақты мәлім болмайынша ораза бұзылмайды» деді. Ішке өтіп кеткендігі нақты белгілі болмаған дәрі егер қою болса, үш имам да оразаны бұзбайтындығын мәлімдеген.
Бұдан аңғаратынымыз, ішке кіргендігі нақты белгілі болған дәрі сұйық болса да, қою болса да, үш имам бірауыздан «Оразаны бұзады» деді. Қолға, аяққа және барлық жердің тері астына, тамырға инемен дәрі енгізу, екпе, инъекция (укол, капельница) жасау оразаны бұзатындығы осыдан аңғарылуда (С.Әбәдия).
Күндіз ораза кезінде вакцина салдырғандардың Рамазан аяқталған соң сол күннің қазасын ұстауы қажет болады. Бұл жағдайда кафарат өтеу қажет емес, тек бір күн қазасын ұстайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024