Әбу Исхақзада Исхақ хазрет Осман империясының 83-ші шәйхулисламы. 1090 (м.1679) жылы Стамбұлда дүниеге келді. Медресені бітірген соң мұғалім, Стамбұл қазылығы, Анадолы мен Румелі әскери қазылығынан кейін шәйхулислам қызметтерін атқарған. 1147 (м.1734) жылы Стамбұлда қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген:
Тамақтану (ішіп-жеу) әдебі: Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Ішіп-жеңдер, ысырап етпеңдер. Өйткені Аллаһу та'ала ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (Араф-31) деген. Ал пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифте: «Араларыңнан бірің бір нәрсе жейтін кезде «Бисмиллаһир рахманир рахим» деп айтсын. Егер басында бисмиллаһ айтуды ұмытып, кейіннен есіне түсірсе, «Бисмиллаһи әууәлуһу уә ахируһу» деп айтсын» деді.
Тағы пайғамбарымыз ас ыдысын көрсетіп «Мұның шетінен жеңдер. Ортасынан жемеңдер. Өйткені берекет астың ортасына түседі» деді.
Ризық мәселесін көп ойламау, уайымдамау керек. Бүкіл уақытты сонымен өткізбеген жөн. Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Небір жануарлар бар, өз ризықтарын жүктеп тасуға шамалары жетпейді. Оларға да, сендерге де ризықты Аллаһу та'ала береді. Аллаһу та'ала Сәми, Алим» деген (Анкәбут 60).
Тамақтанған кезде аштықты басуға, нәпсіне хақысын беруге, ғибадат пен ізгі амалдарды орындауға күш-қуат жинауға ниет етіледі. Тамақты тек ләззат алу ниетімен жеуге болмайды. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) хадис шәрифте «Нәпістің адам мойнында хақысы бар» деген. Ұлы ғұламалардың бірінен «Тасаууф ғалымдары қалай тамақтанады?» деп сұралғанда «Науқастың шипа алу үмітімен дәрі қабылдауы секілді» деп жауап берген екен.
Тамақтанған кезде асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, ал қалған үштен бірін ауаға ажырату қажет.
Ас дайын болғанда күтпеген жөн, уақытты тамақтанумен өткізбеу керек. Тамақты қалыпты уақыт ішінде аяқтау қажет.
Тамақтанған кезде ешбір тағамды жамандамау керек. Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) «Расулуллаһ ешбір тағамды мүлде жамандамады» деген.
Қарын ашпай тұрып тамақтанбай, тек қарын ашқан кезде ғана тамақ жеу керек. Пайғамбарымыз хадис шәрифте: «Жеген тамақтарыңды Аллаһу та'аланы ойлап және намаз оқу жолымен қорытыңдар. Тоқ күйде ұйықтамаңдар. Әйтпесе жүректерің қатаяды» деді.
Тамақты жалғыз жемеген жөн. Отбасымен немесе достармен бірге жеу керек. Өйткені Расулуллаһ хадис шәрифтерінде айтқан:
«Ең қайырлы ас – көп адаммен бірге жеген ас».
«Достармен бірге тамақтану шипа болады».
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024