Науқас немесе жаралы адамның ғұсылы

Сұрақ: Жол апатына ұшыраған, аяқтары сынып, орнынан тұра алмайтын адам қалай ғұсыл алады?

Жауап: Барлық дәрет мүшелерінің жартысынан көбі немесе төрт дәрет мүшесінің екеуі сау болса, дәрет алып, жаралы жерлерін мәсіһ етеді. Мәсіһ зиянды болса, онда таңғыштың үстін мәсіһ етеді (сулы қолмен сипап өтеді).

Дәрет мүшелерінің жартысынан көбі жаралы болса, тәйәммум алады. Тәйәммум алған кезде кейбір жерлерін сумен жуып қоюға болмайды.

Дәрет пен ғұсыл үшін тәйәммум бірдей.

Тәйәммумді өзі ала алмаса, біреудің көмегіне жүгінуге болады.

 

 

Гипстелген қол

Сұрақ: Қолы гипстелген адам дәретті немесе ғұсылды қалай алады?

Жауап: Гипстің астына қолға су өткізу қажет емес. Гипстің немесе таңғыштың үстіне мәсіһ етеді.

 

Тұмауратқанда

Сұрақ: Тұмауратып жүргенде мұрын бітеліп қалады. Бұл ғұсылға кедергі бола ма?

Жауап: Қиын болмаған шамада тазалау жеткілікті.

 

Жуына алмайтын адам

Сұрақ: Салих дәрігер сумен жуынуға тыйым салса, науқас адам ғұсыл ретінде тәйәммум алады ма?

Жауап: Иә.

 

Денесінде жарасы көп адамның ғұсылы

Сұрақ: Денесінің көбінде және дәрет мүшелерінде жарасы бар адам ғұсыл мен дәретті қалай алады немесе мұның басқа бір жолы бар ма?

Жауап: Жүніп (ғұсылсыз) адамның денесінің жартысынан көбі жара (немесе қызамық, желшешек) болса, тәйәммум алады. Терісінің көбі сау болса және жарасына су тигізбей жуынуы мүмкін болса, сумен ғұсыл алып, жараларына мәсіһ тартады. Мәсіһ тарту зиянды болса, үстіне бір немесе бірнеше мата қойып, соған мәсіһ тартады.

Барлық дәрет мүшелерінің жартысынан көбі немесе төрт дәрет мүшесінің екеуі сау болса, дәрет алып, жара жерлерін немесе мүшелерін мәсіһ етеді. Мәсіһ зиянды болса, таңғыштың үстінен мәсіһ тартады. Барлық дәрет мүшелерінің жартысынан көбі немесе дәрет мүшелерінің үшеуі немесе төртеуі де жаралы болса, тәйәммум алады. Тәйәммум зиянды болса, намазды қазаға қалдырады. Егер тең болса, тәйәммум алмаған жөн. Тәйәммум алған адамның кейбір жерлерін сумен жууы жаиз (рұқсат) емес. Дәрет алғызатын көмекшісі бар науқас тәйәммум алмайды. Жаралы жерлерге су тигізбей жуына алмаса, тәйәммум алады.