Мүгедекті аяу

Сұрақ: «Мүгедекті аяма, сүйіспеншілік таныт, аяған адам өзі аянышты жағдайға түседі» деген сөз естіп қалдым. «Аяуға болмайды» дегені дұрыс па?

Жауап: Әрине дұрыс емес. Аяу – мейірім көрсету, рақымды болу деген сөз. Аллаһу та'аланың көркем есімдеріндегі «Рахман, Рахим, Рауф» секілді есімдерінің мағынасы – мейірім танытушы, жанашыр, қамқор, рақымды. Бір аяттың мағынасы:

«Аллаһ – жанашыр, аса мейірімді». (Фурқан 70)

Әрхамур-рахимин дегеннің мағынасы – мейірімділердің ең мейірімдісі, жанашырлардың ең жанашыры деген сөз. Аллаһу та'ала ардақты сахабаларды «Бір-біріне жанашыр» деп мақтаған. (Фәтх 29)

Аяудың терісі – қатыгездік, зұлымдық, мейірімсіз және тасжүрек болу. «Аяма!» дегені «Зұлымдық жаса!» дегендей естіледі. «Аяма, ұр!» дегендей келеді. Аяу, жанашыр болу – иманның шарты. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жанашырлығы көп еді. Тасаууф – баршаға жанашыр болу деген сөз. Жанашыр адам басқаларға дерт пен пәлекет келгеніне мұңаяды, бәрінің қиыншылықтан құтылуына тырысады. Кәпір-мұсылман баршаға, тіпті бүкіл жан-жануарға қамқор болу керек. Сүйікті пайғамбарымыз «Мейірімді, жанашыр болмаған, аямаған адамның иманы болмайды» дегенде сахабалар: «Йа, Расулаллаһ, бәріміз мейірімдіміз ғой» десті. Сонда пайғамбарымыз: «Бір досыңа мейірім көрсетуің жеткіліксіз. Бүкіл жаратылысқа қамқор болу керек» деген екен. (Табарани)

Пайғамбарымыз жаны ашып, бір соқыр кісіні қырық қадам жетектеп алып жүрген адамның жәннатқа лайық болатынын хабар берді. (Бәйһақи)

Бірнеше хадис шәриф:

«Аллаһқа ант етемін, бір-бірлеріңе жанашыр болмайынша жәннатқа кіре алмайсыңдар». (Хаким)

«Тек қана мейірімді, жанашыр адам жәннатқа кіреді». (Бәйһақи)

«Бейшара және мұқтаждарды аяғандарға сүйінші!» (Бұхари)

«Мүгедектерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге жанашыр болыңдар!» (Шира)

«Жердегілерді аясаңдар, көктегілер (періштелер) сендерге жанашыр болады». (Тирмизи)

«Жердегілерді аямағандарды көктегілер аямайды». (Табарани)

«Жанашыр болмаған адам жанашырлық көрмейді». (Мүслим)

«Үлкенін құрметтемеген, кішісіне жаны ашымаған адам бізден емес». (Тирмизи)

«Адамдарды аямағанды Аллаһу та'ала аямайды». (Табарани)

«Ата-анасының жүзіне жанашырлықпен қараған кісіге қажылық пен умра сауабы беріледі». (И.Рафии)

«Мұсылмандар жанашырлықта тұтас дене секілді. Дененің бір жері ауырса, бүкіл дене мазасызданғанындай мұсылмандар да бір-біріне жанашыр болуы керек!» (Бұхари)

«Йа, Раббым, бізді аямайтындарды басымызға бәле қылма!» (Тирмизи)

«Шақи (тозақтық) адам аяусыз (қатыгез) болады». (Шақи – бақсыз, тозақтық деген сөз).

Пайғамбарымыз тозақты харам қылатын амалдардың бірінің әлсіз, кемтар, мүгедек жандарға жанашыр болу екендігін хабар берді. (Дәйләми)

Дініміздің осы бұйрықтарына қарамай «Мүгедекті аяма!» деп айту қаншалықты ождансыз, мейірімсіз сөз болмақ. Қате болғаны аяу емес, мүгедекті кемсіту, қор көру.