Адам алейһиссаламнан бері барлық діндерде намаз бар еді. Әр үмбетте күніне бір уақыт парыз болатын. Біреулеріне таң намазы, ал біреулеріне ақшам намазы парыз еді. Әр үмбетте әр түрлі уақытта парыз болған намаздар Мұхаммед алейһиссаламның үмбетіне бәрі бірден парыз болды.
Иманнан кейінгі ең маңызды ғибадат болған намаз адамдарды нашар, жаман және тыйым салынған нәрселерден аулақ қылады. Ол күнәлардың өтемі. Көркемдігі басқа ғибадаттардан ерекше болып, иман секілді өздігінен. Намаз – бойында ең көп ғибадаттарды қамтыған және адамды Аллаһу та'алаға ең көп жақындататын амал.
Намаз оқымайтын адамның ешбір шүкіршілігі қабыл болмайды. Көзінен жас орнына қан ақса да, Аллаһу та'аланың оған берген ниғметтеріне шүкір еткен болмайды. Дұғаның қабыл болуы үшін де намаз оқу шарт.
Жәбрейіл періште (алейһиссалам) 4000 ахирет жылы бойы екі рәкат намаз оқып, «Йа, Раббым! Әлем жаратылғаннан бері осылай намаз оқыған басқа құлын болды ма, бар ма?» деп сұрайды. Аллаһу та'ала айтады: «Ақыр заманда келетін Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен бір құлым қателесіп, шатасып, басына мың түрлі ой кіріп-шығып және қанша рәкат оқығанын білмей екі рәкат намаз оқиды. Оның оқыған екі рәкат намазы сенің 4000 жылда оқыған намазыңнан жағымдырақ болады!»
Жәбрейіл періште «Йа, Раббым, неліктен олардың намаздары осыншалықты құнды болады?» деп сұрағанда Аллаһу та'ала: «Өйткені олар дұшпанымды құлатып алдыма шығады. Ал сенде дұшпан жоқ қой! Дүние қызығынан бастартады, нәпістерінің зиянынан құтылады, шайтанның арбауынан бастартады» деп жауап береді.
Осындай сүйіншілері бар маңызды ғибадатқа мән бермей қоюға бола ма?
Сахаба Әбу Умама (радиаллаһу анһ) айтып берген: «Расулуллаһпен бірге мешітте отырғанымызда бір жас жігіт ішке кірді де:
- Ей, Аллаһтың Расулы, мен бір күнә істедім, жазамды дереу беріңіз, – деді.
Пайғамбарымыз оған жауап бермеді. Жігіт қайталап айтты. Расулуллаһ сонда да үндемеді. Сол кезде намаз уақыты кіріп, Билал Хабәши хазрет азан айтты, бәрі жамағат болып бірге намаз оқыды.
Намаз біткен соң әлгі жігіт қайтадан «Мен күнә істеп қойдым, йа, Расулаллаһ, жазамды беріңіз» дегенінде пайғамбарымыз:
- Сен қазір бізбен бірге намаз оқымадың ба? – деп сұрады. Жігіт:
- Иә, бірге намаз оқыдым, йа, Расулаллаһ! – деп еді:
- Олай болса қандай күнә туралы айтып отырсың? Аллаһу та'ала екі намаз арасындағы күнәларды өшіреді! – деген екен.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024