Адам не үшін жаратылды

Сұрақ: Aллаһу та’aла адамды не үшін жаратты?

Жауап: Аллаһу та’ала дүниені және бүкіл әлемді адам үшін жаратты. Өсімдіктерді, жануарларды, су, тас, топырақ, жер асты кен-байлықтары секілді барлық нәрсені адамның қолдануы үшін жаратты. Ал адамдарды өзін тануы үшін және өзіне ғибадат етулері үшін жаратты. Бұл танудың және ғибадаттың пайдасы тағы адамдар үшін.

Хазреті Имам Раббани былай деген:

Аллаһу та’ала ешнәрсеге мұқтаж емес. Жаратылу арқылы біз мәртебелендік, біз қадірлендік. Зариат сүресінің 56 аятында «Адамдарды және жындарды маған ғибадат етулері үшін жараттым» делінеді. Мұндағы ғибадат етулері үшін дегені мені танулары үшін деген сөз. Яғни Аллаһу та’аланы тану, иман келтіру үшін жаратылдық. Аллаһу та’ала хадис құдсиде «Барлық нәрсені танылу үшін жараттым» деп бұйырғаны да мені тану арқылы мәртебеленулері үшін дегенді білдіреді. (1/266)

Жаннат пен жаһаннам да адамдардың амалдарына қарай жаратылды. Иман етіп жақсы істер жасаған адамдар жаннатқа, ал иман етпегендер жаһаннамға түседі және де бәрі сонда мәңгілік қалады. Ешкімге зұлымдық етілмейді, ол жақта барлық адамдар жасаған амалдарының қайтарымын алады.