- Өте бай болу үшін не істеу керек?
- Қанағатшыл болған кісі адамдардың ең байы болады.
- Кім ең қайырлы?
- Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны.
-Ең әділетті кім?
- Өзіне қалаған нәрсесін өзге адамдарға да қалаған кісі – адамдардың ең әділеттісі.
- Аллаһтың ең таңдаулы құлы болу үшін не істеу керек?
- Аллаһты көп зікір етіп, есінен шығармаған кісі – Аллаһтың ең таңдаулы құлы.
- Ихсан иесі болу үшін не істеу керек?
- Аллаһқа Оны көріп тұрғандай ғибадат еткен кісі ихсан иесі болады.
- Кемел иманға қолжеткізу үшін не істеу керек?
- Көркем мінезді болу қажет.
- Қиямет күні нұрға бөленген күйде қайта тірілу үшін не істеу керек?
- Ешкімге зұлымдық жасамаған кісі нұрға бөленіп тіріледі.
- Күнәлардың азаюы үшін не істеу керек?
- Истиғфар етіп, күнәлардың кешірілуін тілеп Аллаһқа жалбарынған кісінің күнәлары азаяды.
- Ізгі кісі болу үшін не істеу керек?
- Аллаһқа құлдарын шағымданбайтын адам ізгілікті болады.
- Ризықтың мол болуы үшін не істеу керек?
- Тазалықты сақтайтын, таза жүретін адамның ризығы мол болады.
- Аллаһу та'аланың және пайғамбарымыздың бізді жақсы көруі үшін не істеуіміз керек?
- Олардың бізді жақсы көруі үшін олардың сүйгендерін жақсы көру, ал жақтырмағандарын жақсы көрмеу керек.
- Аллаһтың ашуынан құтылу үшін не істеу керек?
- Дүниелік үшін ешкімге ашуланбайтын кісі Аллаһтың ашуынан құтылады.
- Дұғалардың қабыл болуы үшін не істеу керек?
- Харамдардан сақтанып жүретін адамның дұғалары қабыл болады.
- Өзгелердің алдында масқара болғысы келмейтін кісінің не істеуі керек?
- Намысын қорғап жүрген, арлы кісі адамдардың алдында масқара болмайды.
- Кемшіліктеріміздің жасырын қалуы үшін не істеу керек?
- Дін бауырларының кемшіліктерін жасырған кісінің кемшіліктерін Аллаһ жасырады.
- Күнәлардың кешірілуіне не себеп?
- Көз жасы мен аурулар.
- Қай жақсылықтың маңызы зор?
- Көркем мінез, қарапайымдылық, бәле-жалаға сабыр ету және тағдырға разы болу...
- Ең үлкен күнә қандай?
- Жаман мінез.
(Берілген жауаптардың барлығы – хадис шәрифтер).
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024