Исламға толық мойынсұну – ілім, амал
және ықыласпен (ихлас) жүзеге асады. Барлық сөзде, барлық жағдайда және барлық
әрекетте өздігінен пайда болатын ықылас “мұхлас” адамға нәсіп болады.
Ықылас (ихлас) – халис, таза ету,
ниетті тазарту, дүниелік пайдаларды ойламай бүкіл істерді, әрекеттерді тек Аллаһ
үшін жасау дегенді білдіреді.
Ықылас денемен немесе мал мүлікпен
жасалатын бүкіл парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық, қайырымдылық
жасау, мұсылмандарды қуанту, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды
Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.
Хазреті Имам Раббани былай деген:
«Бүкіл мұсылмандар ғибадат жасағанда Аллаһу та’ала әмір еткені үшін және ұнатқаны үшін жасауға ниет етеді. Осылайша ықыласпен жасайды. Бірақ бүкіл істердің, жақсылықтардың үнемі ықыласпен жасалуы үшін бұл ықыластың көңілге дереу келуі керек. Кейбір адамдарда ғибадатқа бастағанда жасалған ниет, ықылас, өзін қинаумен, мәжбүрлеумен пайда болады және қысқа уақытқа созылады. Кейін көңілге нәпсінің қалаулары келеді. Ықыластары тұрақты болған адамдарға мұхлас делінеді. Өзін қинаумен пайда болатын, тұрақсыз ықылас иелеріне мухлис делінеді. Мухлас адамға ғибадат ету ұнамды және оңай болады. Өйткені бұларда нәпсілерінің қалауы және шайтанның уәсуасасы қалмайды. Мұндай ықылас адамның көңіліне тек қана әулиенің көңілінен келеді.»
Іс және ғибадат етуден мақсат ықыласқа қол жеткізу. Ал ықыласқа қол жеткізуден мақсат шынайы илаһ және шартсыз бар болған Аллаһу та’аланы жақсы көру.
Ғибадат жасай бастағанда жүректе нәпіс және шайтанмен күресіп, тұрақсыз болған ықылас пайда болады. Мұндай ықыласпен жасалған ғибадаттар да уақыт өтуімен нәпісті әлсіретеді, тұрақты ықыласқа қол жеткізуге себепші болады. Бірақ бұған қауышуға жылдар кетеді.
Расулуллаһ алейһиссалам хазреті Муаз бин Жәбелді Йеменге әмірші қылып жіберерде былай деп бұйырады: «Ғибадаттарыңды ықыласпен орында. Ықыласпен жасалған аз амал, қиямет күні саған жеткілікті.»
Бір күні пайғамбарымыз алдында отырғандарға былай дейді:
«Қиямет күні бірінші болып есепке тартылатын үш сынып адам бар. Бұлардан біріншісі Аллаһу та’аланың ілім берген адамы. Хақ та’ала оған:
- “Саған ілім бердім. Бұл іліммен не істедің, нендей амал істедің” деп сұрайды. Ол адам:
- “Йа Рабби, азаннан кешке дейін маған берген іліміңмен саған құлшылық еттім. Құлдарыңа Сенің дініңді түсіндірдім және бұларды Сенің разылығың үшін істедім” дейді. Аллаһу та’ала ол кісіге:
- “Өтірік айтасың. Сен, саған берген іліміммен адамдардың пәлен кісі не деген білімді, не деген ғалым еді деп айтуларын көздедің және де солай мәшһүр болдың” дейді періштелер де:
- “Йә, дәл солай болды Йа Рабби” деп Хақ та’аланы қоштайды. Ең алдымен есепке тартылатын үш сынып адамның екіншісі Аллаһу та’аланың мал-мүлік берген адамы. Аллаһу та’ала:
- “Мен берген мал-мүлікпен, байлықпен не істедің?” деп сұрайды. Ол адам:
- “Йа Рабби, маған берген мүлкіңді күн-түн демей сенің құлдарыңа тараттым, Сенің разылығың үшін садақа бердім” дейді. Аллаһу та’ала:
- “Өтірік айтасың. Адамдар пәлен кісі не деген жомарт, қайырымды екен десін деп тараттың, олар да солай деп айтты, мұратыңа қауыштың” деп бұйырады. Ең алғаш есепке тартылатындардың үшіншісі болса соғыста өлген адам. Аллаһу та’ала:
- “Менің саған берген күш-қуатыммен не істедің” деп сұрайды. Ол адам:
- “Йа Рабби, маған берген күш-қуатыңды сенің жолыңда жұмсадым, сенің разылығың үшін дұшпандарыңмен соғыстым және өлтірілдім” дейді. Аллаһу та’ала және періштелер:
- “Өтірік
айтасың. Пәлен адам, не деген қаһарман, не деген ер жүрек батыр екен десін деп
соғысқа аттандың, соғыстың және өлтірілдің. Сен де дегеніңе жеттің, сен туралы
да адамдар солай айтты” деп бұйырады.»
Кейін пайғамбарымыз хазреті Әбу Хурайраға бұрылып «Ей Әбу Хурайра қиямет күні
жаһаннам отының бірінші болып өртейтін адамдары осылар» деп бұйырады.
Хазреті Дауд Искәндәри былай дейді:
«Амалдың және ілімнің халис болғанын
сұра! Халис ниетпен Аллаһу та’алаға ғибадат еткенде адамдық халі кейбір
кемшіліктерің болса, олар үшін дереу тәубе ет!»
Хазреті Ибни Хафиф былай дейді:
«Ақылды адам алдымен иманын түзейді және Раббына қауышуға дайындалады. Ниетін халис қылады, істерін таза етеді. Ғибадатын дұрыс орындап, ахырет азығын жинайды. Өзінің босқа жаратылмағанын біледі.»
Хазреті Салим бин Абдуллаһ былай дейді:
«Егер Аллаһу та’аланың разылығын көздесең Аллаһу та’ала саған көмекші адамдар жібереді. Аллаһу та’аланың көмегі әркімнің ниетінің дәрежесіне қарай болады. Егер ниет толық халис болса, Аллаһу та’аланың көмегі де толық болады. Егер ниет нұқсан болса, Аллаһу та’аланың көмегі де соған байланысты болады.»
Хазреті Суфйан бин Уйайна былай дейді:
«Халал азықпен, халис көңілмен қырық күн ғибадат еткен адамның көңілі нұрланады, хикмет айта бастайды.»
Адам шайтанға қарсы тек ықыласпен қорғана алады. Өйткені ислам ғалымдарының ұлыларынан болған Маруфи Кәрхи өз-өзіне «Ей нәпсім! Халис бол, құтылу үшін таза бол!» дейтін еді.
Хазреті Омар хазреті Әбу Мусәл Әшариге жазған бір хатында: «Ниеті халис болған кісіге адамдар арасындағы істерінде Аллаһу та’ала жеткілікті болады» деп бұйырған.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024