Сұрақ: Намаз, ораза, зекет және құрбандық сияқты ғибадаттардың қабыл болуы үшін не істеу керек, қалай амал еткен жөн?
Жауап: Барлық ғибадаттардың қабыл болуы үшін Аллаһу та'ала үшін орындалуы және солай ниет етілуі шарт. Жаман ниеттер ғибадатты бұзады. Ғибадаттарды өзіне ұнайтындай етіп өзгертуге болмайды. Адамдар ұнататын ғибадатты Аллаһу та'ала да ұнатады деп ойлау үлкен қателік. Егер солай болғанда, пайғамбарлардың жіберілуіне қажеттілік қалмас еді, әркім өзі қалағандай, өзіне ұнайтындай түрде ғибадат етіп, Аллаһу та'ала соны қабыл ететін еді. Алайда, ғибадаттардың қабыл болуы үшін адамдарға ұнауы, көргендердің, естігендердің көп болуы емес, адамдардың ақылы жетпесе де, пайдаларын түсінбесе де, Ислам дінінің көрсеткеніне сай болуы қажет. Бүкіл ғибадаттардың қабыл болуы халал азыққа байланысты. Хадис ғалымы Ахмед бин Абдуллаһ Исфахани хазреттері «Хилят-ул-әулия» кітабында былай дейді:
«Ғұламалардың көбінің айтуынша, ғибадаттар он бөліктен тұрады. Тоғыз бөлігі табысты халалдан табу. Қалған біреуі, біз білетін, басқа барлық ғибадаттар.»
Сондықтан, әр мұсылман табысын халалдан табуға тырысуы керек. Харамнан және күмәнділерден сақтануы қажет. Әбу Хурайра хазреттері Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дегенін жеткізген:
«Аллаһу та'ала өзі көркем. Тек қана көркем түрде (жақсылап) орындалған ғибадаттарды қабыл етеді. Аллаһу та'ала пайғамбарларына әмір еткенін мұсылмандарға да әмір етті және: "Ей, пайғамбарларым! Халал жеңдер және салих, жақсы амалдар жасаңдар!" деді. Мұсылмандарға да: "Ей, иман келтіргендер! Сендерге берген ризықтарымнан халал болғандарын жеңдер!" деді. Алыс жолдан келген, шашы-сақалы алба-жұлба, жүзін шаң басқан адам қол жайып дұға етеді. Йа, Раббым деп жалбарынанды. Алайда, жегені харам, ішкені харам, азығының бәрі харам. Оның дұғасы қалайша қабыл болсын?» Яғни харам жегеннің дұғасы қабыл болмайды деді.
Харамды, халалды, күмәнділерді және пайызды білмейтін, оларды бір-бірінен ажырата алмайтын адам харамнан құтыла алмай, жасаған ғибадаттары босқа кетеді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024