Абдуллаһ бин Әби Муләйка хазреттері хадис ғалымы, әрі табииннің (сахабалардан кейінгі буын) ұлыларынан. Мекке қаласында өмір сүріп, сол жерде 117 (м.735) жылы қайтыс болды. Фиқһ, тәфсир, хадис және қыраат ғылымдарында үлкен ғалым болып, өз дәуірінің әйгілі ғұламасы еді. Меккеде өзін халифа жариялаған Абдуллаһ бин Зубәйрге қазы болды. Тарауих намазының хуләфа-и рашидин (төрт халифа) және асхаби кирам (сахабалар) заманында да жиырма рәкат оқылғанын риуаят еткен көптеген табиин дәуірі ғалымдарының бірі еді. Мәкрух уақыттарда (күн шығарда, дәл төбеде тұрғанда және күн батқанда) намаз оқудың мәкрух екендігін жеткізген риуаяты да бар. Риуаят еткен хадис шәрифтерінің кейбірлері:
Хазреті Айшадан (радиаллаһу анһа) риуаят етілген хадис шәрифте: «Мүминге тіпті тікен кірсе немесе басына одан да үлкен қиыншылық келсе, ол (күнәларына) кафарат (өтем) болады.»
Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Кісінің есепке тартылғаны оның азапталғаны болмақ» деді. Хазреті Айша «Аллаһу та'ала "Осылайша оңай есепке тартылады" (Иншиқақ сүресі, 8) демеген бе?» деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз: «Бұл сенің айтқаның амалдардың иелеріне көрсетілуі, әйтпесе адам егжей-тегжейлі есепке тартылатын болса, құриды» деп жауап берді.
Пайғамбарымыз алейһиссалам махшар алаңында да адамзаттың ең үстемі. Мұны өзі былай хабар берді: «(Қабірден) тұратын кезде алғаш шығатын адам менмін. Раббыларының алдына келгенде сөйлеуші менмін. Үміттерін үзген кезде де сүйіншілері менмін! Мақтау байрағы менің қолымда. Раббымның алдында адамзаттың ең қадірлісімін. Мақтанып жатқан жоқпын, ақиқатты айтып жатырмын. Ақиқатты айту менің міндетім.»
Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) риуаят еткен хадис шәрифте: «Жәннат киімдерінен маған бір киім кигізіледі. Кейін Арштың оң жағында тұрамын. Бүкіл жаратылыстан ол дәргейде менен басқа ешкім болмайды» делінген.
Ибн Аббас (радиаллаһу анһума) жеткізген хадис шәрифте пайғамбарымыз айтты: «Жәннат есігін ең алғаш қағатын да менмін. Маған (жәннат) ашылады және ол жаққа менімен бірге мүминдердің кедейлері кіреді...»
Әнас бин Маликтен (радиаллаһу анһ) жеткен хадис шәрифте: «Қиямет күні жәннаттың есігіне келемін де, ашуын сұраймын. Қарауыл «Сен кімсің?» деп сұрайды. «Мен Мұхаммедпін» деймін. Сонда ол «Маған (жәннатты) саған ашып беру бұйырылды. Сенен бұрын ешкімге ашпаймын» деп қарсы алады» делінген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024