Шихабуддин Хамауи хазреттері – Шафии фиқһ ғалымы. 583 (м.1187) жылы Сирияда Хама қаласында туылды. Бастауыш білім алғаннан кейін Бағдатқа кетті. Ол жақта Шафии фиқһын үйренді. Оқуын бітіріп, Хамаға қайтып, дәріс бере бастады. Кейіннен Хамада қазы болып тағайындалды. 642 (м.1244) жылы сол жерде қайтыс болды. Уағыздарының бірінде былай деген:
Әйелінің жақсы мінезді болуын қалаған адам алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келген қиыншылықтар өзінің күнәлары себебімен келетіндігі айтылған. Олай болса, дініміздің бұйрықтары мен тыйымдарына мән беретін адам әйеліне жақсы қарайды.
Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп, хал-жағдайын сұрау және мұңы мен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені, ол басқалардан үмітсіз және тек саған ғана адал дос, дерт ортағы, сені қуантушы, балаларыңның тәрбиелеушісі және әртүрлі қажеттіліктеріңе жәрдемші. Құран кәрімде былай делінеді: «Жақсы әйелдер Аллаһқа бағынады және күйеулерінің ақыларын сақтайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)
Хадис шәрифтерде былай делінген: «Мұсылман кісі әйеліне ашуланбасын! Жаман қасиеті бар болса, жақсы қасиеті де болады.»
«Әйел әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемей жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!»
«Әйелімен жақсы қарым-қатынаста болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, олардың ризықтарын арттырады.»
«Әйеліне жылы жүзбен қараған ер кісінің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.»
«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы қараған және қамқор болған кісі.»
«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы – әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған кісі. Араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырлы, ең пайдалы болған менмін.»
«Әйелдеріңді қинамаңдар! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Оларға жұмсақ болып, жақсылық жасаңдар!»
«Жазықсыз әйелін ұрған адамның қияметте шағымданушысы мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһқа және Расулына дұшпан болады.»
«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешқандай жақсы амалы қабыл болмайды.»
(Намаздары қабыл болмайды дегені – намаз міндетінен құтылады, бірақ намаз оқу арқылы берілетін үлкен сауапты ала алмайды деген сөз. Намазы босқа, зая кетеді деген мағынада емес. Әйелдің күйеуі разы болмаса, әйел күнәсінің жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Жәннатқа тек қана кәпірлер кірмейді. Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде жәннатқа кіреді.)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024