Көз тию хақ, яғни көз тию деген нәрсе бар. Көз тиюдің рас екендігі аяти каримамен бекітілген. Хадис шәрифте де «Көз тию хақ» делінген. (Мүслим)
Адамға, жануарға, тіпті жансыз заттарға да көз тиеді. Көз тию ауру қылады, тіпті өлтіруі де мүмкін. Кітаптарда әйелдер мен балаларға көбірек әсер ететіндігі жазылған.
Кейбір адамдар бір затты көрген кезде ұнатып қалса, көзінен шыққан сәулелер зиянын тигізіп, жанды және жансыз барлық нәрсенің бұзылуына себеп болады. Мұның мысалдары көп. Ғылым, бәлкім, бір күні бұл сәулелерді және әсерін зерттеп таба алады.
Көзі тиетін кісі, тіпті әр адам ұнатқан затына қараған кезде «Машаллаһ» деп айтып, одан кейін сол зат туралы сөйлеуі керек. Алдымен «Машаллаһ» десе, көз тимейді.
Көз тиюге қарсы қорғасын құю, көз моншақ тағу, егістікке малдың бас сүйегін асып қою бидғат емес. (Хиндия)
«Хания» кітабында да «Егістіктерге, қауын-қарбыз егінжайының арасына тұлып (чучело) қоюдың зияны жоқ» делінген.
Бірақ, білу керек болған жайт, көз моншақ немесе малдың бас сүйегі көз тиюдің алдын алмайды. Көз тиюден сақтайтын Аллаһу та'ала. Қараған адам алдымен осыларды көріп, назары алдымен осы заттарға түседі де, көзінен шыққан зиянды сәулелер соларға тиген болады.
Қазіргі таңда, өкінішке орай, сәләфи, уаһһаби сенімінде болғандар және оларға ергендер аяти карима жазылған тұмар және көз моншақ қолдануға, пайғамбарлар мен әулиелердің қабірі басында оларды арашы қылып дұға етуге ширк дейді. Тіріге жәрдем бергізген Аллаһу та'аланың өліге де жәрдем бергізе алатынына сенбейді.
Хадис шәрифте: «Көз тию адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді» делінген. (Ибн Адий)
Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі өткір бір кісі бар еді. Үш күн ештеңе жемей, кейін отаудың бір шетін көтеріп, сол жақта өтіп бара жатқан түйелердің біріне қарап, «Мынадай түйе еш көрмеппін» деп таңқалып қараған сәтінде түйе бірден жерге құлап ауырып қалатын. Мүшриктер ол адамды тауып, пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрады. Аллаһу та'ала Расулуллаһты оның көзінен қорғады. Бұл туралы «Қалам» сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құлатпақшы болған еді» деген 51-ші аят түскен.
Олай болса, көз тиген адам не істеуі керек? Көз тиген адамға Фатиха, Аят-ул күрси және төрт «Құл» (Кафирун, Ихлас, Фәлақ, Нас) сүрелерін жеті реттен оқып, үстіне үрлесе, сиқырға, дуаға, көз тиюге және барлық дерттерге қарсы жақсы келеді.
Хадис шәрифте: «Фатиха мен Аят-ул күрсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді» делінген. (Дәйләми)
Басқа хадис шәрифте: «Таңертең-кешке (Бисмиллаһпен) үш рет "Бисмиллаһилләзи лә ядурру мә-асмиһи шәй-ун фил әрди уә лә фиссәмә-и уә һу-уәссәмиул алим" дұғасын оқыған адам сиқыр (дуа) мен көз тиюден қорғанады» делінген. (Ибн Мажа)
Аллаһу та'ала баршамызды көз тиюден сақтасын. Әмин!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024