Барлық дерттің дауасы бар

Сұрақ: Кейде миымыз қатып кетеді, басымызға бәле келіп немесе бір нәрседен қорқамыз, қарызымызды өтей алмай қиналамыз. Бұлардан құтылу үшін бір дұға бар ма?

Жауап: Әрбір дерттің дауасы, шарасы бар. Аллаһу та’ала шарасыз дерт жаратпаған. Өмір сүру, мал-мүлік иесі болу секілді дүние ниғметтерінің барлығы үшін себептер жаратқан. Себептеріне жабыспаған адам бұл ниғметтерден әлбетте мақұрым қалады. Ақырет ниғметтеріне қауышу да осылай. Мәселен жалқаулықтың дәрісі намаз оқу. Адам басына түскен келеңсіз жағдайларда ғафыл болмай (ұйықтамай) шарасына қарауы керек:

1- Юнус алейһиссалам оқыған дұғаны оқу керек. Екі хадис шәрифте былай делінеді:

«Дерт пен бәле келгенде Юнус нәби оқыған «Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин» зікірін айтқан адам дерт пен бәледен құтылады». (Тирмизи, И. Сүнни).

«Ауру адам қырық рет «Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин» деп оқыса, шәһид болып қайтыс болады. Жазылса күнәлары кешіріледі». (Нәджатул-мусалли).

2- Бір нәрседен қорқып қиналған адам «Хасбиаллаһу уә нимәл уәкил» деуі керек.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«”Хасбиаллаһу уә нимәл уәкилсөзі барлық қорқыныш үшін амандық болады». (Дәйләми).

«Қиыншылықтан құтылу үшін “Хасбиаллаһу уә нимәл уәкил” дұғасын оқыңдар!». (И. Мәрдәуәйһи).

«Азанда және кешке жеті рет “Хасбиаллаһу лә илаһә иллә һу, алейһи тәуәккәлту уә һуә Раббул аршилазыйм” деп оқыған адам дүние және ахырет қиыншылығынан құтылады». (И. Сүнни).

Қорққан кезде «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһил алиилазыйм» тәсбихын оқу керек. (М. Раббани).

3- Қарызы бар адам көп истиғфар айтуы керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Истиғфар (әстағфируллаһ) айтып жүретін адам күн көріс тапшылығынан құтылады және ойламаған жерінен ризықтарға қауышады». (Ибн Мажә).

«Үйге кірерде «Ихлас» сүресін оқитын адам кедейлік көрмейді». (Т. Қуртуби).

«Әр түні «Уақиа» сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді». (Ибн Асакир).

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһил алийил азыйм» десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді». (Шира).

Қарыздан құтылу үшін «Аллаһуммә әкфини бихәлаликә ән харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуакә» дұғасын оқуы керек. (Йа, Раббым! Мені халалмен қанағаттанып, харамнан сақтанатын ете гөр және ұлылығыңмен сенен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр).

Кедейліктен құтылу үшін «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһил алийил азйым» тәсбихын көп айту керек. (Тәғриб-уссалат).