УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (35)

35) «Хадиқа» кітабының алты жүз қырық сегізінші бетінде жазылғаны бойынша, илми захирден біраз нәрсе үйреніп, илми батыннан ештеңе білмейтіндер тасаууф кітаптарын оқыса арифтердің сөздерін күпірлік және адасушылық деп санайды. Өздері түсінбеген марифет ілімдеріне сенбейді. Мухиддин Араби, Омар бин Фарид, Ибн Сәбин Ишбили, Афифуддин Тәләмсани, Абдулқадир Гейлани, Жалалуддин Руми, Сәйид Ахмед Бәдәуи, Ахмед Тижани, Абдулуаһһаб Шарани, Шәрәфуддин Бусайри сияқты тасаууф ғұламаларын (рахимә-һумуллаһу та'ала) жақтырмайды. [Мухиддин Араби 638 [м.1240] жылы Шамда, Омар бин Фарид 636 [м.1238] жылы Мысырда, Ибн Сәбин 669 [м.1270] жылы Меккеде, Афифуддин Сүлейман Тәләмсани 690 [м.1290] жылы Шамда, Абдулқадир Гейлани 561 [м.1166] жылы Бағдадта қайтыс болды.]

Батын ілімдеріне сенбейді. Ал батын ілімдеріне сенбеген адам Мұхаммед алейһиссаламның дінінің сырларына сенбеген болады. Ондай адамға бидғатшы және адасушы делінеді. Ондайлар иманды болып көрінгенімен, мунафиқ (екі жүзді) сияқты. Имам Суюти және Хатиб жеткізген хадис шәрифте: «Дін ілімі екіге бөлінеді: біріншісі, жүректе болатын пайдалы ілімдер. Екіншісі, сөзбен түсіндірілетін захир ілімдері» делінген. Тағы Суюти мен Дәйләми жеткізген хадис шәрифте: «Батын ілімдері Аллаһу та'аланың сырларының бірі. Оның үкімдерінің бірі. Оны Өзі қалаған құлдарының жүрегіне береді» делінген. Имам Малик айтқан: «Илми захирге ие болған адам илми батынға қолжеткізе алады. Захир ілімі бар адам білімімен амал ететін болса, Аллаһу та'ала оған батын ілімін нәсіп етеді.» Әли бин Мұхаммед Уәфаның арифтік сөздеріне таңырқап қалған Имам Омар Булқини «Бұларды қайдан үйрендіңіз?» дегенде ол «Бақара» сүресіндегі «Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһу та'ала Одан қорққандарға білмегендерін үйретеді» деген аяти кариманы оқыды. [Жалалуддин Руми 672 [м.1273] жылы Конияда, Ахмед Тижани 1230 [м.1815] жылы Фаста, Шәрәфуддин Мұхаммед Бусайри 695 [м.1295] жылы Мысырда, Ибнууәфа 807 [м.1404] жылы Мәдинада қайтыс болды.] Әбу Талиб Мекки айтқан: «Илми захир мен илми батын, жүрек пен көңілдің бірге болуы сияқты.бір-бірінен ажырамайды. Батын ілімдері арифтің жүрегінен басқа жүректерге ағады. Захир ілімдері ғалымның сөзінен үйреніледі. Құлаққа кіріп, жүрекке кірмейді.» Хадис шәрифте: «Ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері» делінген. Ол ғалымдар тек қана захири ілім иесі болғандар емес. Ол ғалымдар білгендерімен амал ететін, тақуа болған, пайғамбарлардағы ілімдердің барлығына қолжеткізген шынайы ғалымдар. «Захири ілім» иелерінің ниеттері таза болмағандықтан және шәһуаттарынан құтыла алмағандықтан, ілімнің нұры жүректеріне кірмейді, миларына қонбайды. Олардың жүректерін, миларын тозақ оты тазалайды. Имам Мунауи Имам Ғазалиден (рахимә-һумуллаһу та'ала) хабар бергені бойынша, ахирет білімі екі түрлі: біріншісі, кәшфпен (аянмен) пайда болады. Бұл «Илми мукашәфә» және «Илми батын» деп аталады. Барлық білімдер осы ілімге қолжеткізу үшін себепші, арашы. Екіншісі, «Илми муамәлә». Арифтердің көбінің айтуынша, илми батыннан нәсібі болмаған адамның имансыз кету қаупі бар. Бұдан нәсіп алудың ең төменгісі – бұл білімге сену. Бойында бидғат немесе тәкәппарлық бар болған адамға батын ілімі нәсіп болмайды. Дүниеге берілген және үнемі нәпсінің қалауына еріп жүрген адам да, көп нәрсе үйренгенімен, батын ілімінен ештеңеге қолжеткізе алмайды. Батын ілімі – тазаланған жүректерде пайда болатын нұр. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Сондай білімдер бар, олар өте жасырын. Оларды тек қана марифет иелері біледі» деген. Бұл хадис шәриф батын ілімдерін көрсетуде. Имам Маликтің (рахметуллаһи алейһ) илми батынға жеткізеді деген захир ілімі оның заманындағы амалда жүзеге асырылған ілім. Қазіргі дүниелікке қолжеткізу, атаққа бөлену үшін үйренілген нәрселер емес. Аллаһу та'аланың әмірлері мен тыйымдарын дұрыс орындай алу үшін әркімге қажет болған «Илми хал» (ғылымхал) білімдерін аз уақытта және оңай үйренуге болады. Онымен амал еткен кезде илми батын пайда болуы мүмкін.

Батын ілімдеріне қауышпаған дін адамдары өздері білмеген білімдерге сенбейді. Батын ілімі ретінде түсінгендері және айтқандары – өздері сияқты сауатсыздардан естіген немесе батын ғалымдарының кітаптарынан оқып жаттап алған нәрселері ғана. Олардың тот басқан жүректері ашылмаған, рахмани нұрға қауыша алмаған. Өздерін батын ғалымы санаған бұл сауатсыздар – өз ақылдарының тұтқындары. Олар ғұламалардың (рахметуллаһи алейһим әжмаин) үйреткендерін шолақ ақылдарымен өлшеп, қате түсінуде. Құран кәрімді және хадис шәрифтерді де осылай қате түсініп, қате, зиянды тәфсир кітаптарын жазады. Сөйтіп, мұсылмандарды пәлекетке түсіреді. «Нұр» сүресінің «Аллаһу та'ала бір адамға нұр бермесе, ол мунаууар бола алмайды (нұрға бөлене алмайды)деген қырқыншы аяти каримасы осыны көрсетіп тұр.

[Сиражуддин Омар Булқини Мысри 805 [м.1402] жылы, Әбу Талиб Мұхаммед Мекки 386 [м.996] жылы Бағдадта қайтыс болды.]

[Аллаһу та'алаға қауышу, Аллаһу та'алаға жақындау, Аллаһу та'аланы тану, Аллаһу та'аланы жақсы көру, фәйз алу, нұрлану, ариф болу, илми батын иесі болу сияқтылардың бәрі жүрекпен (көңілмен) орындалады. Оларға ақыл жетпейді, түсіне алмайды. Аллаһу та'ала барлық нәрсеге қолжеткізу үшін себеп жаратқан. Бір нәрсеге қолжеткізе алу үшін ол нәрсенің себебіне жүгіну қажет. Атап өткен нәрселерімізге қолжеткізудің себебі – көңілді масиуадан тазалау, жаратылыстардың болмысын, оларды жақсы көруді жүректен шығару. (Масиуа – Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсе.) Бұл «Фәна-и қалби» деп аталады. Көңіл Аллаһтан басқа барлық нәрсені толықтай ұмытса, жоғарыда атаған нәрселеріміз өздігінен көңілге толады. Көңіл – көзге көрінбейтін, ұстауға келмейтін нәрсе. Яғни зат емес. Орын алып тұрмайды. Жүрек деп аталатын ет бөлшегімен байланысы бар. Ақылдың мимен байланысы сияқты. Ыдыстың ішіне ауаны кіргізу үшін күш жұмсау қажет емес, сұйықтықты төгу керек. Ыдыстағы сұйықтықты босатқан кезде ауа өздігінен кіреді. Жүрек (көңіл) те осындай. Жаратылысты жақсы көру, тіпті ойлау жүректен шығарылса, Аллаһқа деген сүйіспеншілік, фәйз, нұр, марифет өздігінен жүрекке (көңілге) келеді. Жүректі жаратылыстардан тазалаудың себебі – Әһли сүннет сенімі, харамдардан сақтану, парыздарды және нәпіл ғибадаттарды орындау. Нәпіл ғибадаттардың ең әсерлі және тез болғаны – зікір ету және Аллаһу та'аланың әулиелерінің бірімен бірге болу.]

«Хадиқа» кітабының екінші том, жүз үшінші бетінде жазылғанындай, жамағат – мейірім. Яғни мұсылмандардың хақ тұрғысында бірігуі Аллаһу та'аланың мейірім танытуына себеп болады. Ал бөліну – азап. Яғни мұсылмандардың қоғамынан ажырау Аллаһу та'аланың азап беруіне себеп болады. Демек, әр мұсылманның дұрыс жолда болғандарға қосылуы керек. Иманы дұрыс болғандар аз болса да, оларға қосылып, олар сияқты сену қажет. Дұрыс жол – Асхаби кирамның (сахабалардың) жолы. Бұл жолдағылар «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталады. Сахабалардан кейін пайда болған қате, адасқан адамдардың көп болуы адамды адастырмауы керек. Имам Бәйһақи айтады: «Мұсылмандар бұзылған кезде оларға дейін келгендердің дұрыс жолын ұстануың керек! Жалғыз қалсаң да, ол жолдан ажырамауың қажет!» Нәжмәддин Ғаззи айтқанындай, «Әһли сүннет уәл жамағат ғалымы» дегеніміз – Расулуллаһтың және сахабалардың дұрыс жолын ұстанған ғалымдар деген сөз. «Сиуад-и ағзам», яғни Ислам ғалымдарының көбі осындай еді. Хақ болған жамағат және жетпіс үш топ арасында тозақтан құтылатындығы хабар берілген «Фырқа-и нажия» осылар. Құран кәрімде «Бөлінбеңдер!» делінген. Бұл аяти карима ақидада, сенімдегі білімдерде бөліңбендер деген сөз. Ғалымдардың көбі, мысалы Абдуллаһ ибн Мәсуд, осындай екендігін айтқан. Яғни нәпістеріңе және жаман пікірлеріңе еріп, дұрыс иманнан ажырамаңдар деген сөз. Бұл аяти карима фиқһ білімдерінде бөліңбеңдер дегенді білдірмейді. Аяти карима ыдыраушылық болған бөлінуге тыйым салуда. Бұл болса, ақидадағы, сенімдегі бөліну. Үкімдерде, амалдарда болған ижтиһад білімдеріндегі бөліну ондай емес. Өйткені, бұл бөліну ақыларды, парыздарды, амалдардағы, ғибадаттардағы нәзік білімдерді шығарған. Сахабалар да күнделікті істерін сипаттайтын білімдерде бір-бірінен бөлінген еді. Бірақ, ақида білімдерінде мүлдем бөлінбейтін еді. Хадис шәрифте: «Үмбетімнің бөлінуі мейірім» делінген. Төрт мазһабтың амал, іс-әрекет білімдерінде бөлінуі осындай. [Қазір] Төрт мазһаб болуы Аллаһу та'аланың хидаяты және мейірімі. Бәрі сауап алды. Қияметке дейін осы мазһабтарды ұстанушылардың ғибадаттарына берілген сауаптар олардың мазһабтарының имамдарына да берілуде. Ғалымдардың амал, іс-әрекет білімдерінде түрлі салаларға бөлінуі де осындай. Осылайша көбі хадис ғылымында, көбі тәфсирде, көбі фиқһ ғылымында, араб білімдерінде жетілген. Тасаууфшылардың риязат шегуде және талапкерлерін жетілдіруде бөлек жол ұстануы да, яғни әртүрлі жолдардың пайда болуы да осы хадис шәрифке сай болуда. Нәжмәддин Кубра (рахметуллаһи алейһ) «Адамдарды Аллаһу та'алаға қауыштыратын жолдар адамдардың санына тең» деген. Бұл сөз де талапкерлерді жетілдіру жолын көрсетіп тұр. Әйтпесе сенімдерінде ешқандай айырмашылық, бөліну жоқ. Барлық әулиелердің сенімдері, имандары бірдей. Бәрі «Әһли сүннет уәл жамағат» сенімінде. Кәсіп иелерінің де әртүрлі жұмыс салаларына бөлінуі де осындай мейірім. Бірақ, сенімде бөліну, ажырау ондай емес. Өйткені, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Жамағат мейірім. Бөліну азап» деген. [Нәжмәддин Кубра 618 [м.1221] жылы Харезмде Шыңғыс хан әскері тарапынан шәһид етілді.]

«Хадиқа» кітабының екінші том, жүз он үшінші бетінде былай делінген: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Әр адам жақсы көргенімен бірге болады» деген. «Мүслим» кітабында хабар берілгені бойынша, бір адам Расулуллаһтан қиямет туралы сұрағанда «Қияметке қандай дайындық жасадың?» деді. Ол адам «Аллаһқа және Расулына деген сүйіспеншілігімді дайындадым» деп жауаптады. Пайғамбарымыз: «Жақсы көргендеріңмен бірге боласың» деді. Имам Нәуәуи бұл хадис шәрифті түсіндіргенде «Бұл хадис шәриф Аллаһу та'аланы және Оның Расулын, салихтарын, қайырым иелерінің тірілері мен өлілерін жақсы көрудің құндылығын, пайдасын көрсетуде» деді. Аллаһу та'аланы және Оның пайғамбарын жақсы көру дегеніміз – әмірлерін орындау, тыйымдарынан сақтану, олардың алдында әдепті, құрметті болу деген сөз. Салихтарды жақсы көріп, олардан пайдалану үшін олардың істегендерін істеу керек емес. Өйткені, олардың істегендерін істесе, ол өзі де олардан болады. Хадис шәрифте: «Адам бір жамағатты жақсы көреді. Бірақ, олардан болмайды» делінген. Олармен бірге болу олардың дәрежесіне көтерілу деген сөз емес. Хадис шәрифте: «Бір жамағатты жақсы көрген адам олардың арасында тіріледі» делінген. Әбу Зәр (радиаллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Адам бір жамағатты жақсы көрсе, бірақ олардың жасағанын істемесе, қалай болады екен?» деп сұрағанда пайғамбарымыз: «Йа, Әба Зәр! Жақсы көргендеріңмен бірге боласың» деді. Бірақ, Хасан Басри (радиаллаһу анһ) айтқан: «Бұл хадис шәрифтер сені қатеге түсірмесін! Сен жақсыларға тек олардың жақсы амалдарын істеу арқылы ғана қауыша аласың! Яһудилер мен христиандар пайғамбарларын жақсы көргенімен, олар сияқты болмағандықтан, олардың қасында бола алмайды.» Имам Ғазали бұл туралы: «Олардың жақсы амалдарының бірнешеуін немесе бәрін істемегенше, тек жақсы көрумен оларға қауышу мүмкін емес» деді. Осылардың барлығынан аңғарылғаны бойынша, бір жамағатты жақсы көрген адам үш түрлі болуы мүмкін: 1-Олардың бүкіл амалдары мен жақсы мінездерін менгерген. 2-Немесе ешқайсысын ала алмаған. 3-Яки бірнешеуін орындап, басқаларын орындамаған, тіпті терісін істеген. Бәрін істей алған адам олардың қатарында, олармен бірге болады. Оларға деген махаббаты мен ықыласы оны нағыз олар сияқты етіп, махаббаттың ең жоғарғы денгейіне жеткізген. Әлбетте олардың қатарынан орын алады. Жақсы көргендеріне мүлдем ермеген, оларға еш ұқсамайтын адам олардың қатарынан бола алмайды. [Жақсы көру тілде емес, жүректе болу керек. Өткені жақсы көрудің орны – жүрек. Яғни көңіл.] Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) Хасан Басридың осылар жайлы насихаттағанын айтқан. [Мұндай махаббат тек сөзбен ғана шектелген. Сөзде ғана жақсы көруге махаббат делінбейді. Жақсы көремін дегені шындық емес.] Жақсы көргендерінің бірнеше амалына ғана ерген адамға келер болсақ, егер иманда ермеген болса, олардан бола алмайды. Оларды жақсы көремін деуі жалған. Ондайлардың жүрегінде оларға деген махаббат емес, дұшпандық бар. Жер бетінде дін дұшпандығынан асатын дұшпандық болмайды. Яһудилер мен христиандардың өз пайғамбарларын жақсы көреміз деуі осындай. Адам егер жақсы көргендері сияқты сеніп, ғибадаттарда оларға толық бағынбаса, ұнатпағаны үшін бағынбаған болса, жақсы көремін деуінің пайдасын көрмейді, олармен бірге болмайды. Егер шамасы жетпегендіктен, нәпсіне ие бола алмағандықтан толықтай бағына алмаған болса, бұл олармен бірге болуына тосқауыл болмайды. Хадис шәрифтер осы екінші тұрдегі, бір жамағатты жақсы көріп, бірақ толықтай олар сияқты болмаған адамға қатысты айтылған. Әбу Зәр хадисі мұны айқын көрсетіп тұр. Бұл хадис шәриф мұсылмандарды аса қуантуда. Жүз сексен үшінші 183 [м.799] жылы Куфада қайтыс болған Мұхаммед ибнус-Сәммак (рахимә-һуллаһу та'ала) соңғы демінде «Йа, Раббым! Саған көп қарсы шықтым. Бірақ, саған бағынғандарды үнемі жақсы көріп жүрдім. Мені осы сүйіспеншілігім үшін кешір!» деп дұға етті.

[Сәйид Абдулхаким Арваси (рахметуллаһи алейһ) да «Йа, Раббым! Саған лайықты ештеңе істей алмадым. Қарабет болып алдыңа келдім. Бірақ, сенің дініңді құлатып, Ислам дінін жоюды көздегендерді жақсы көрмедім. Сен үшін істеген осы өшпенділігім үшін мені кешір!» деп дұға ететін.] Нәжмуддин Ғаззи (рахимә-һуллаһу та'ала) салихтарды жақсы көрген залымдарды үшінші түрдегі бірінші бөліктің адамдарына ұқсатқан. Яғни жақсы көргендерінің имандары сияқты сенген, бірақ олардың амалдарына және мінездеріне еруді қаламаған адамға ұқсатқан. Салихтарға деген сүйіспеншілігі және көмектері бұл залымдарға пайдасын тигізбейді деген. Біздің айтарымыз, ондай залымдар екінші түрдегі адамдарға ұқсайды. Яғни жақсы көргендерінің имандары сияқты сенген, бірақ олар сияқты болмаған адамдар. Ибнус-Сәммак та осындай екендігін айтқан. Ол залымдар нәпістеріне еріп зұлымдық жасағанымен, салихтарды жақсы көрген, дұғаларын алуға тырысқан. [Нәжмуддин Ғаззи Шафии 1061 [м.1651] жылы қайтыс болды.]

«Хадиқа» кітабының екінші томы, жүз жиырма төртінші бетінде, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Әр адам жақсы көргенімен бірге болады» деді делінген. Сәләф-и салихинды, яғни Әһли сүннет ғалымдарын жақсы көрсек, олар сияқты болмасақ та, бұл хадис шәрифтегі сүйіншіге қауышамыз. Аллаһу та'аланың сүйіктілерінің және Аллаһу та'аланы жақсы көретіндердің тірілерін және өлілерін жақсы көрген адам үлкен бақытқа, жақсылықтарға қауышады. Оларды жақсы көру, мысалы олардың дұшпандарына қарсы және оларды жамандайтын надандарға қарсы оларды жақтау, мақтау керек. Дүниелікке берілгендердің ең жамандары – Аллаһу та'аланың сүйіктілерін, әулиелерді жамандайтындар. Дүниелікке берілу барлық жамандықтарға жол ашады. Көре алмаушылық, ұрлық, парақорлық, тәкәппарлық сияқты харамдарға себеп болады. Сауатсыз дін адамдарының тәкәппар болуы олардың дүниелікке берілуінен туындауда. Мухиддин Арабидың көңілінің ашылуы, батын білімдеріне қолжеткізуі тасаууф ғұламаларын жақсы көргендігі, оларды жақтағандығы себебінен жүзеге асқандығын ол өзі айтқан. «Рух-ул-қудс» кітабында былай жазған: «Әлхамдулиллаһ! Сауатсыз дін адамдарына қарсы тасаууфшыларды үнемі жақтап жүрдім. Өлгенге дейін де жақтап өтемін. Осы себептен, көңіл білімдеріне қолжеткіздім. Оларға тіл тигізген, есімдерін атап жамандаған адам өзінің сауатсыз екендігін жариялаған болады. Оның соңы пәлекет болады.»

Мухиддин Араби (рахметуллаһи алейһ) өзінің «Уасияти Юсуфия» кітабын түсіндірген кезінде айтқанындай, Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсімде көрдім. Менен: «Аллаһу та'аланың бұл ниғметіне қалай қолжеткізгеніңді білесің бе?» деп сұрады. «Жоқ, білмеймін» дедім. «Әһлуллаһ (Аллаһтың досы) екендігін айтқандарға құрмет көрсеткенің үшін қолжеткіздің!» деді. Сөзі дұрыс болса да, болмаса да, оған құрмет көрсетуі бақытқа қауышуына себеп болды.

Өз кемшіліктерін іздеп, түзетуге тырысқан адам өзгелердің кемшіліктерін көруге уақыт таба алмайды. Үнемі өзінен жақсырақ болған мұсылмандарды көреді. Яғни әр көрген мұсылманды өзінен жақсырақ деп біледі. Әулие екенін айтқан адамның сөзінің шын екендігіне сенеді. Ал өзгелерден жамандық іздейтін, өз кемшіліктерін көрмейтін адам әулиеге сенбейді.

Нәжмәддин Ғаззи (рахметуллаһи алейһ) «Хусн-ут тәнәббуһ» кітабында былай деген: «Салихтарды жақсы көру, сұхбаттарына қатысу, оларды зиярат ету, олармен берекеттену керек. Олар әулие адамдар.» Шах-ул-кәрмани айтады: «Әулиелерді жақсы көруден құнды ғибадат жоқ. Себебі, әулиелерді жақсы көру Аллаһу та'аланы жақсы көруге жол ашады. Аллаһу та'аланың жақсы көрген кісіні Аллаһу та'ала да жақсы көреді.» Әбу Осман Хайри айтады: «Әулиелердің сұхбатына қауышқан адам Аллаһу та'алаға қауыштыратын жолды табады.» Яхия бин Муаз (рахимә-һуллаһу та'ала) айтады: «Әулиелердің сұхбатына қауышқан садық адам барлық нәрсені ұмытып, Аллаһу та'аламен бірге болады. Егер ондай болмаса, онда Аллаһу та'алаға мүлдем қауыша алмайды.» Мұхаммед бин Ирақ «Сәфинәтул-ирақия» кітабында былай деген: «Фиқһ ғалымдарынан Мұхаммед бин Хусейн Бәжли Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсінде көріп, қай амалдың ең абзал екенін сұрады. Ол «Аллаһу та'аланың әулиелерінің бірімен бірге болу» деді. «Тірі әулиені таба алмасақ ше?» деп сұрағанында: «Тірі кезінде де, өлі кезінде де оны жақсы көру, еске алу осыған жатады» деп жауаптады.» [Мұхаммед бин Әли Шами ибн Ирақ 933 [м.1527] жылы Мәдинада қайтыс болды.]

Имам Биргиуи (рахметуллаһи алейһ) дұға еткенде: «Ей, жәрдемшілердің ең жақсысы! Ей, үмітсіздердің панасы! Йа Әрхамуррахимин! Ей, күнәларды жасыратын мейірімі мол Аллаһым! Сүйікті пайғамбарыңның құрметі үшін және бүкіл пайғамбарлардың, періштелердің, пайғамбарыңның сахабалары мен табииндерінің құрметтері үшін күнәға батқан бізге жанашыр бол! Күнәларымызды кешіре көр!» дейтін. Аллаһу та'алаға пайғамбары (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және Оның сахабаларының (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин), табииндерінің құрметіне деп дұға ету, дұғаның қабыл болуы үшін оларды арашы қылу дінімізде бар әрі рұқсат. Бұл олардың шапағатын сұрау саналып, Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) оның рұқсат екенін айтқан. Мутазила сектасы бұған сенбеді. Арашы қылып жасалған дұға сол әулиенің кереметі ретінде қабыл болады. Бұл болса, өлгеннен кейін де кереметтің бар екендігін көрсетуде. Бидғатшылар, адасқан ағымдағылар бұған сенбейді. [Имам Мұхаммед Биргиуи 981 [м.1573] жылы Анадолыда Биргиде қайтыс болды.]

Имам Мунауи (рахметуллаһи алейһ) «Жамиуссағир» кітабын түсіндіргенде былай дейді: «Имам Субқи (рахметуллаһи алейһ): Дұға еткенде Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) арашы қылу, оны шапағатшы қылу, одан көмек сұрау жақсы болады. Сәләф-и салихиннен және кейіннен келген ғалымдардан ешкім (рахимә-һумуллаһу та'ала) бұған қарсы шықпады. Тек Ибн Тәймия ғана қарсы шығып, һақ жолдан айрылды. Өзінен бұрын келгендердің ешқайсысы айтпаған бір жолға түсіп адасты. Әһли Ислам арасында адасқандығымен аты шықты, – деді.» Ғалымдарымыз (рахимә-һумуллаһу та'ала) Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тән болған үстемдіктерді сипаттағанда «Дұға еткенде Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) арашы қылу рұқсат. Басқаларын арашы қылу ондай емес» деді. Бірақ, Имам Қушайри (рахметуллаһи алейһ) былай деген: «Маруф Кәрхи (рахметуллаһи алейһ) шәкірттеріне «Дұға еткенде мені арашы қылыңдар! Мен Аллаһу та'ала мен сендердің араларыңда арашымын» деген. Өйткені, әулиелер (рахимә-һумуллаһу та'ала) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұрагерлері. Мұрагер болған адам мұрагері болған адамының барлық үстемдіктеріне ие болады.» Жиырмасыншы бөлімді оқыңыз! «Хадиқа» кітабынан аударма тәмам болды. [Абдулкәрим Қушайри 465 [м.1072] жылы Нишапурда қайтыс болды. Маруф Кәрхи – Сырри Сәкатидің мүршиді еді. 200 [м.815] жылы Бағдадта қайтыс болды.]

 

Хақ та'ала жаудан өшін құлы арқылы алады.

Ләдун ілмін білмейтіндер, құлдың ісі деп қалады.

Барлық болмыс Құдайдікі, құл қолымен жасалады.

Біліп қой, шөп те қозғалмас, Аллаһ бұйырмағанша!

 

ТӘУХИД ДҰҒАСЫ

Йа Аллаһ, йа Аллаһ. Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ. Йа Рахман, йа Рахим, йа афувву йа Кәрим, фәъфу анни уәрхамни йа әрхамәррахимин! Тәуәффәни мүслимән уә әлхиқни биссалихин. Аллаһуммағфирли уә ли-абаи уә уммәһати уә ли абаи уә уммәһати зәужати уә ли-әждади уә жәддати уә ли-әбнаи уә бәнати уә ли-ихуати уә әхауати уә ли-аъмами уә аммати уә ли-ахуали уә халати уә ли-устази Абдулхаким Арваси уә ли каффати мү’мининә уәл мү’минәт. (Рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин.)