Сұрақ: Исламшыл атанып жүрген адамдар тағутты «Аллаһ қойған шектеулер тысында басқа шектеулер қойған адам» деп сипаттайды. Ислам ғалымдары тағутты қалай сипаттаған?
Жауап: Екі аяти кариманың мағынасы мынадай:«Дінде (салық беруді қабыл еткен кітапты кәпірлер мұсылман болсын деп) қинау жоқ. Хақ қатеден, дұрыс жол адасушылықтан, иман күпірден ажырап шықты. Олай болса, кім тағутты (шайтанды, пұттарды, сиқыршыларды, көріпкелдерді, адамдарды туғиянға, яғни күнәға, қарсы шығуға шақыратындарды) жоққа шығарып, Аллаһқа сенсе, ағытылмайтын ең берік құлыпқа (мұсылмандыққа) байланған болады. Аллаһ лайығымен естуші және кәмілдігімен білуші.» (Бақара 256)
«Кітап берілген адамдар жибт және тағутқа иман келтіреді, кейін кәпірлер туралы: "Олар Аллаһқа иман келтіргендерге қарағанда дұрыс жолда" дейді.» (Ниса 51)
Жибт және тағут атты екі пұтқа сенеді. Жибт – пұт, крест, көріпкел дегендей мағыналарды да білдіреді. Аллаһ харам қылған барлық нәрсе. Ал тағут – адамдарды аздыратын барлық нәрсе.
Яһудилердің (еврейлердің) зиялыларынан бір топ Меккеге барып, мүшриктерге «Мұсылмандарға қарсы дұшпандық жариялаймыз, бірақ олардың пайғамбарлары сендерге бізден жақынырақ болғандықтан, келешекте бәлкім келісіп, бізді жалғыз қалдыруларыңнан қорқамыз» деді. Мүшриктер де яһудилерге осыған ұқсас сенімсіздік танытқанда, сенімін жаулау үшін, мүшриктердің жибт және тағут атты пұттарына сәжде жасады.
Имам Қуртуби хазреттері айтқанындай, тағут – пұт және шайтан деген сөз. Әнәс бин Малик хазреттері: «Тағут – Аллаһу та'аладан басқа ғибадат жасалатын, табынылатын барлық нәрсе» деген. Хазреті Омар да «Тағут – шайтан» деген. Тағут «туғйан» сөзімен бір түбірден шыққан, адамды аздыратын барлық нәрсе деген сөз. Әл-Жауһари «Тағут – көріпкел, шайтан немесе адасушылықта көш бастап жүрген адам» деген. (Жами-ул-ахкам)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024