Ең үлкен ниғмет – қабірге иманмен кіру

Мұсылман күпірге түсуден, кәпір болудан қатты қорқуы керек. Әсіресе мына жағдайлардан қатты қорқу қажет:

Имансыз өлуден қорқу... Бәрінен қатты қорқуымыз керек болғаны осы болуы керек. Адам сүріп жатқан осы дүние өмірінде иманын қорғай алған және соңғы демін иманмен бере алған болса, ол бақытты адам. Осының өзі оған жеткілікті. Бұл бақытқа қауышқаннан кейін бүкіл дүниенің байлығын бірден жоғалтатын болса да, еш маңызы жоқ. Аллаһ сақтасын, имансыз өлген адам жасаған ешбір ғибадатының, ешбір жақсылығының пайдасын көре алмайды, мәңгілікке тозақта жанады. Адам баласы қолынан келгенше барлық нәрсенің ең жақсысына, ең әдемісіне қолжеткізуге тырысады. Үйдің ең әдемісінде тұруды, көліктің ең жақсысына мінуді қалайды және осы сияқты нәрселердің ең құндысына өзін лайықты деп санайды. Оларға қолжеткізген кезде баладай қуанады. Өлімнің де ең жақсысын таңдау керек. Өлімнің ең жақсысына жақсы өмір сүру арқылы қолжеткізу мүмкін. «Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі. Қалай өлсе, (қиямет күні) солай тіріледі.» Мұның терісі өте сирек кездеседі.

Раббымыздың құлына беретін ең үлкен ниғметі – оның иманымен бірге қабірге кіруі. Бұдан асқан ниғмет пен бақыт жоқ.

Күнә істеуден қорқу... Кирамән катибин періштелері біздің әрбір іс-әрекетімізді жазуда. Ахиретте бізді ұятқа қалдыратын және азапталуымызға себеп болатын күнәлардан аса сақтануымыз қажет. Жасаған күнәларымызды біз ұмытуымыз мүмкін, бірақ періштелер ұмытпайды, бәрін жазып сақтап қоюда. Қиямет күні амал дәптерімізде мүлдем есепке алмаған күнәларымызды көрсек, бұған таңқалмауымыз керек.

Шайтанның амалдарымызды бұзуынан қорқу... Шайтандар бізге тек күнә істеткізумен шектелмей, жасаған ғибадаттарымызды да бұзуға, жоюға тырысуда. Өз амалымызды ұнатуға және осылайша бізді тәкәппарлыққа, менмендікке итермелеп, сауаптарымызды өшіруге тырысады.

Әзрейіл алейһиссаламның рухымызды кенеттен алуынан қорқу... Адам қай кезде өлетінін білмейді, кезкелген сәтте өмірмен қоштасуы мүмкін. Сондай бір күн келеді, ол күннен кейінгі түнді көре алмаймыз. Яки сондай бір түн келеді, біз үшін ол түннен кейін күн болмайды. Ертеңгі күнді сау-саламатта қарсы алатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Ертеңгі күнімізге сенімді бола алмасақ, онда өлімге әрдайым дайын болуымыз керек.

Дүниенің бізді алдауынан қорқу... Барлық жамандықтардың басы – дүниені жақсы көру. Тәкәппарлық, көре алмаушылық, кекшілдік, дұшпандық, алдау, өтірік айту, өзгелерді қорлау сияқты күнәлардың бәрі осыдан туындайды.

Хасан Басри хазреттері «Мунафиқун» сүресіндегі: «Ей, иман келтіргендер, дүние өмірі сендерді алдамасын» аяти каримасын оқып, тыңдаушылардан сұрайтын: «Бұл сөз кімнің сөзі екендігін білесіңдер ме? Бұл дүниені жаратқан Раббымыздың сөзі. Өзі жаратқандықтан, дүниенің не екенін бәрінен жақсы Ол біледі.»

Осы бәрінен қатты қорқу керек болған жағдайлардан біздің де қорқуымыз және олардан аулақ жүруіміз қажет.