Сұрақ: Адамның мұсылман болуы және мұсылманның өз дінін дұрыс үйрене алуы үшін не істеу керек?
Жауап: Мұсылман болу үшін Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та'аланың пайғамбары екендігіне сену керек. Аллаһу та'ала Жәбрейіл есімді періште арқылы Оған Құран кәрімді жіберді. Бұл Құран кәрім – Аллаһтың кәламы (сөзі). Мұхаммед алейһиссаламның жеке пікірлері немесе философтардың, тарихшылардың сөздері емес. Мұхаммед алейһиссалам Құран кәрімді тәфсир етті, яғни түсіндірді. Бұл түсіндірмелер хадис шәриф деп аталады. Ислам діні – Құран кәрім мен хадис шәрифтерден түрады.
Әлемнің барлық жерлеріндегі миллиондаған Исламды үйрететін кітаптардың бәрі Құран кәрім мен хадис шәрифтердің түсіндірмелері. Мұхаммед алейһиссаламнан келмеген ешбір сөз Ислам кітабы бола алмайды. Иман мен Ислам дегеніміз – Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сену деген сөз. Мұхаммед алейһиссаламның хабар бергендеріне сенбеген адам Аллаһтың сөзіне сенбеген болады. Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та'аланың айтқандарын сахабаларға жеткізді. Олар шәкірттеріне жеткізді. Олардың шәкірттері кітаптарына жазды. Осы кітаптарды жазған ғалымдарға «Әһли сүннет ғалымдары» делінеді. Әһли сүннет кітаптарына сенген адам Аллаһтың сөзіне сенген болады. Мұсылман болады. Біз дінімізді Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйренеміз. Діндегі реформашылардың, мазһабсыздардың қате кітаптарынан үйренбейміз. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:
«Үмбетім арасында фитна, бүлік тараған кезде сүннетімді ұстанған адамға жүз шәһид сауабы беріледі.»
Сүннетті ұстану Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын үйрену және оларды орындау арқылы жүзеге асады. Мұсылмандардың төрт мазһабтарының кезкелген біреуінің ғалымдары – Әһли сүннет ғалымдары. Әһли сүннет ғалымдарының көсемі – Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуман бин Сабит. Ислам дұшпандары ғасырлар бойы күш салып, бір мұсылманды христиан қыла алмады. Бұған қолжеткізу үшін жаңа жол іздей бастады. Сөйтіп, масондықты құрды. Масондар Мұхаммед алейһиссаламның сөздеріне және барлық діндерге, өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннат пен тозақтың бар екеніне сенбейді. Пайғамбарымыз айтқан:
«Аллаһу та'аланың ең сүйген құлы – дінін үйренген және басқаларға үйреткен адам. Діндеріңді Ислам ғалымдарынан үйреніңдер!»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024