НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМIР

Адам алейһиссаламнан берi әрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орындалатын намаздары болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз - дiннiң тiрегi. Намазын үзбей, әрi қатесiз оқитын жан ислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей. Ал оқымағандар  керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз»  деп намаздың өзектiлiгiне мән берген. Бассыз адамның болмайтыны секiлдi, намазсыз да дiннiң болуы мүмкiн емес. Намаз – Ислам дiнiнде иманнан кейiнгi орындалуы қажеттi парыз. Аллаһу та’ала құлдарының тек өзiне ғана құлшылық жасауы үшiн намазды парыз қылды. Құран Кәрiмде жүзден астам аятта «Намаз оқыңдар» деген әмiр кездеседi. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала, әр күнi бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Бес уақыт намазына ерекше мән берiп, шарттарына сәйкес оқыған жанды пейiшке кiргiзетiндiгiне Аллаһу та’ала уәде бердi», - деп айтылады. Намаз – дiнiмiзде орындалуы әмiр етiлген ғибадаттардың ең құндысы. Бір хадис шәрифте: «Намаз оқымағанның ислам дiнiнен нәсiбi жоқ» – деп айтылған. Тағы бiр хадис шәрифте: «Мұсылман мен кәпiрдiң арасындағы айырмашылық – намаз»- деп, намаздың маңыздылығы мен өзектiлiгiн атап өткен. Яғни иман келтiрген құл намаз оқиды, ал кәпiр намаз оқымайды. Мұнафиқ (екi жүздi) бiрде оқыса, бiрде оқымайды. Мұнафиқ тозақта қатты азап шегедi. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қиямет күнi намаз оқымағандарға Аллаһу та’ала ашулы, қаһарлы түрде мәмiле жасайды» - деп айтып өткен.

Намаз оқу - Аллаһу та’аланың ұлылығын аңғару, әрі Оның құзырында қаншама әлсіз екенімізді түсiну. Бұны жете түсiнген адам әрқашан жақсылық жасайды. Жамандықтан аулақ болады. Күнде Жаратқан иесiнiң құзырында бес рет болуды ниеттенген жанның жүрегi ықласқа толы болады. Намазда орындалуы әмiр етiлген  әрбiр әрекет адамның жүрек тазалығына әрi денесiне пайдалы әсерін тигізеді.

Мешiтте жамағатпен намаз оқу - мұсылмандардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырады. Бiр-бiрiне бауыр екендiктерiн аңғартады. Жастар үлкендердi құрметтейдi. Байлар кедейлерге, қуаттылар әлсіздерге жәрдем бередi. Мұсылмандар жамағат арасында көре алмаған сырқат бауырларын іздестіріп, үйiне барады. «Дiн бауырына жәрдем беруге асыққанның жәрдемшiсi - Аллаһу та’ала»  деген хадистегi сауапқа қауышу үшін бiр-бiрімен жарысады.

Намаз адам баласына тыйым салынған, жағымсыз iс-әрекеттердi iстеуден бас тартқызады. Күнәларға кәффарат (өтеу) болады. Бұл жайында хадис шәрифте: «Бес уақыт намаз  үйiңіздің алдынан ағып жатқан өзен секiлдi. Ол өзенге күнiне бес рет жуынған адамның кiрі кетіп, күнәлары кешіріледі» - делінген.              

Намаз Аллаһу та’ала және оның елшiсiне иман келтiруден кейiнгi күллi ғибадаттардың ең абзалы. Сондықтан намазды парыздарына, уәжiптерiне, сүннеттерi  мен мұстахабтарына назар аударып, кемшiлiксiз орындау қажет. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей, үмбетiм! Ей, сахабаларым! Кемшiлiксiз оқылған намаз - Аллаһу та’ала әмiр еткен ғибадаттардың ішіндегі ең абзалы, ең ұлысы! Пайғамбарлардың сүннетi. Перiштелердiң сүйгенi. Бiлiмнiң, жетi қабат көктiң нұры. Дененiң қуаты. Рызықтың берекетi. Дұғаның қабыл болуына себепшi. Әзiрейiлдiң құзырында шапағатшы. Қабiрде жарық. Мүнкiр-Нәкiрге берiлер жауап. Қияметте көлеңке. Тозақ отына қалқан. Сырат көпiрiнен найзағай секiлдi өтуiңе жәрдемшi. Жәннаттың кiлтi. Пейiште басыңа тәжi. Аллаһу та’аланың иманды құлдарына берген ең ұлы сыйлық. Егер намаздан да абзал өзге бір ғибадат болғанда, Аллаһ иманды құлдарына алдымен соны бiлдiрер едi. Күллi перiште атаулының кейбірі қиямда, кейбірі рукуде, кейбірі сәждеде,  кейбірі де  ташаһһудте. Бұның барлығын бiр-ақ рәкат намазға сыйғызып, мұсылмандарға сыйға тартты. Өйткенi, намаз - иманның басы, дiннiң тiрегі, Исламның нағыз өзi. Момынның миғражы. Көктiң нұры. Тозақтан құтқарушы».

Бiр күнi хазреті Әли (радыяллаһу анһ) екiнтi намазын өткiзiп алады. Бұл ісіне өте қатты қайғырып, өзiн-өзi кiнәлап қатты қапа болды. Егiлiп жылап, көз жасын төктi. Пайғамбарымыз алейһиссалам бұл туралы естiген соң, сахабаларымен бiрге хазреті Әлиге барып оның халiн көрiп Пайғамбарымыз да жылай бастады. Дұға еттi. Сол сәтте күн қайта көтерiлiп Расул алейһиссалам: «Ей, Әли, басыңды көтер, күн әлi батпады» – дедi. Хазреті Әли бұған қуанып, намазын оқыды.

Хазреті Әбу Бәкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) бiр түнi өте көп ғибадат етiп, нәтижеде үтiр намазын оқымастан ұйықтап қалады. Таң намазы болғанда Пайғамбарымызға алейһиссалам келiп: «Ей, Аллаһтың елшiсi! Маған көмектес, үтiр намазым қаза болып қалды» - деп қайғырып жылады. Оған қосылып Пайғамбарымыз алейһиссалам жылай бастады. Сол кезде хазреті Жәбрейiл келiп: “Ей, Аллаһтың елшiсi! Әбу Бәкiр Сыддыққа айт, оны Аллаһу та’ала кешiрдi”- дедi.

Атақты әулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей, Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тәубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид былай дейдi: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен әркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”. Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.”

Мәшһур әулиелердiң бiрi болған Жунайд Бағдади былай деген едi : “Бұл дүниенiң бiр сағаты - қияметтiң мың жылынан жақсырақ. Өйткенi бұл бiр сағатта iзгi, жақсы iстердің көбiн iстеуге болады, ал қияметтегi мың жылда еш нәрсе жасай алмайсың”.

Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деген: «Бiр кiсi бiле тұра бiр намазы мен екiншi намазын бiрiктiрсе, яғни қазаға қалдырса, сексен хуқбә тозақта жанады». Бiр хуқбә ахыреттің сексен жылына тең. Олай болса, ей, дiні бір бауырым! Уақытыңды бос әрi пайдасыз нәрселермен өткiзбе. Уақыттың қадiрiн бiл. Уақытыңды iзгi iстер iстеуге сарып ет. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қайғының, бәленiң үлкенi уақытын босқа өткiзу»- деп айтып өткен. Намазыңды уақытында оқып, мол сауаптарға қауыш. Қиямет күнi өкініп қалма. Хадис шәрифте: «Намазды уақытында оқымай, қаза қылған жан қазасын өтеместен өлiп кетсе, оның қабiрiне тозақтан жетпiс терезе ашылып, қияметке дейiн азапталады».

Кiмде-кiм намазын уақытында бiле тұра оқымаса, яғни намаз уақыты өтiп бара жатса да еш уайымдамайтын болса, дiннен шығады немесе өлiм алдында имансыз кетедi. Ал намазды ойламайтындар, оның парыз екендiгiн де бiлмейтiндердiң халi не болмақ? Намаздың өзіне мiндет екендiгiн бiлмейтiн кiсiлердiң “муртәд”, яғни кәпiр екендiгiн төрт мазһабтың барлық ғұламалары бір ауыздан айтқан. Намазды бiле тұра оқымайтын, қазасын оқуды да ойламайтын, әрi бұл үшiн азапталудан да қорықпайтын жанның “муртәд”, яғни кәпiр болатыны туралы Абдулғани Наблусидың “Хадиқат-ун-нәдийя” кiтабының “Тiлдiң апаттары” атты бөлiмiнде жазылған.

Имам Раббани Мәктубат кiтабының 1- том, 275-хатында былай дейдi: «Сiздердiң бұл нығметке қол жеткузiлерiңiздің негізгі себебі – Ислам дiнiн үйрету және фиқһи мәселелердi кеңiнен түсiндiруіңіз болды. Ол жерлерде надандық үстемдiк құрып, бидғаттар жайылды. Аллаһу та’ала Ислам дiнiн жаюда сiздердi себепшi қылды. Олай болатын болса, дiни мағлуматтарды үйретуге әрi фиқһи мәселелердi жаюға қолыңыздан келгенше жәрдем беруге тырысыңыз. Аталған екеуi – барша бақыттың бастауы, дамудың негiзi, тозақтан құтылуға жәрдемшi. Бұл жолда бар күш-қайратыңызды жұмсаңыз! Дiн өкiлi ретінде өзiңіздi танытыңыз! Ол жердегiлерге жақсылық жасауды әмiр етiп, жамандықтан тыйыңыз. Тұра жолды нұсқаңыз. Музаммил сүресінің 19-шы аятында: «Раббыңның разылығына қауышу үшін бұл әлбетте бір насихат»- деп бұйырылды».