Жақсы адам – салих және салиха адам деген сөз. Салих мұсылман әр ісін тек Аллаһ разылығы үшін ғана жасайды. Ондай адам өз нәпсінің қалауларын емес, Аллаһу та'аланың қалауларын, бұйрықтарын орындайды. Осылайша зиянды, жаман істерден өзін қорғаған болады. Өйткені, Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Күмәнсіз, нәпіс бүкіл күшімен жамандыққа бейім, жамандықты істеткізеді» делінген.
Салих адам амалдарының марапатын тек қана Аллаһу та'аладан күтеді. Басқалардың мақтағаны, жамандағаны оған мүлдем әсер етпейді.
Әулиелердің ұлыларынан Шақиқ бин Ибраһим хазреттерінен:
- Адамның салих екендігін қалай аңғаруға болады? – деп сұралған екен.
Шақиқ хазреттері бұл сұраққа былай жауап берді:
- Мұны үш нәрсемен аңғаруға болады:
1) Жүрегіндегілерді салихтарға айтқаныңда олар қуанып, разы болса, жақсы адам деген сөз. Жоқ, егер айтқандарыңды ұнатпай, мұңаятын болса, салих адам емес.
2) Адам Аллаһу та'аланың әмірлерін орындағанда емес, дүниелік рахаттықтарды, атақ-даңқты ойлағанды жақсы көріп, бұларды қатты қаласа, ол адам салих емес.
3) Өлімді ойлаған кезінде нәпсі өлуден қашпай, өлуді қалайтын болса, ол адам салих кісі.
Салих адамдар ғибадат еткенде мына төрт нәрсеге мән береді:
1) Орындайтын ғибадаты туралы жеткілікті білімі бар.
2) Ғибадатты бастарда алдымен ниетін туралайды.
3) Ғибадатын сабырмен жалғастырады.
4) Орындағанын ықыласпен жасайды, ықыласты қолдан жібермейді.
Ауф бин Абдуллаһ хазреттері айтып берген:
Қайырымды салих адамдар бір-біріне жазған насихат хаттарында мына үш нәрсені жазатын еді:
1) Кімде-кім ахирет үшін еңбектенсе, дүние жұмыстары өздігінен болады, Аллаһ оған жеткілікті.
2) Кімде-кім Аллаһпен арасын түзетсе, яғни Аллаһу та'аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанса, Аллаһ та оның адамдармен арасын түзетеді. Бәрі оған жақсы қарайтын болады. Ара-қатынасы жақсы болады.
3) Кімде-кім жүрегін, ниетін тураласа, Аллаһ та оның басқа жұмыстарын туралайды. Яғни жүрегін түзетеді. Әр ісін Аллаһ разылығы үшін жасаса, Аллаһу та'ала да діннің әмірлерін ұстануды оған оңай қылады.
Ғұламалардың бірі айтқан: «Аллаһу та'ала біреуді бұзғысы келсе, оны үш нәрсемен жазалайды:
1) Білім береді, бірақ білімімен амал етуді нәсіп етпейді.
2) Салихтармен достық құрады, бірақ олар сияқты болуды нәсіп етпейді. Олардың қадірін, құрметін біле алмайды.
3) Ғибадат есіктерін ашады, бірақ ықылас есіктерін жабады...»
Бұлардың үшеуінің де себебі – ол кісінің жүрегінің бұзылған болуы. Жүрегін туралаған адамдар мұндай жазаларға ұшырамайды. Аллаһу та'ала бәрімізді салихтар және салихалар қатарынан болуды нәсіп етсін! Әмин!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024