Жұма күні дұғалар қабыл болатын уақыт

Сұрақ: Жұма күндері дұғалар қабыл болатын уақыт қай кезде?

Жауап: Қадір түні, орта намаз және исми ағзам дұғасы сияқты, жұма күні дұғалар қабыл болаты уақыт та жасырылған. Ғалымдарымыз бұл туралы былай дейді:

1) «Бұл сәт хұтба мен жұма намазы арасында» деген ғалымдар көп. (С.Әбәдия – Тәфсир-и Мазхари)

2) Бұл сәт екінді мен ақшам намаздарының азаны арасында. (С.Әбәдия – Р.Насихин)

3) Қабул-Ахбар хазреттерінің айтуынша, бұл уақыт екінді намазынан күннің батуына дейінгі уақыт пен хұтба оқылатын кезде. (Ихия)

4) Бұл уақыт екінді мен ақшам азаны арасында. Зауал уақытынан имамның мешітке кіруіне дейін. Имамның хұтбаға шығуынан намаз оқу уақытына дейін. Әбу Хурайра хазреттері айтқан: Ол сәтті мына үш уақытта іздеңдер: 1) Таң намазының уақыты кіргеннен күн шыққанға дейін. 2) Екінді намазынан күн батқанға дейін. 3) Имамның хұтбадан түсуінен намазды бастағанына дейін. (Рияд-ун-насихин)

5) Бұл сәттің қай уақытта екендігі туралы әртүрлі қаулылар бар: 1) Күн шығарда. 2) Жұма азаны оқылғанда. 3) Хұтба оқылып жатқанда. 4) Жұма намазы уақытында. 5) Хазреті Фатима бұл уақыттың екіндінің соңғы уақытынан күн батқанға дейін екендігін әкесі пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген. (Шира шәрһі)

Дұғалардың қабыл болатын уақыты туралы төрт хадис шәриф:

«Дұғалар қабыл болатын сәт – имамның мінберге шығуынан намаз біткенге дейінгі уақыт.» (Мүслим)

«Жұма күнінде сондай бір уақыт бар, ол уақытта құл не тілесе, Аллаһу та'ала соны береді. Ол уақыт намаз барысында.» (Тирмизи)

«Жұма күні дұғалардың қабыл болатын сәтін екінді намазынан кейін күн батқанға дейін іздеңдер!» (Тирмизи)

«Жұма күні дұғалардың қабыл болатын уақытына қауышу үшін таңнан кешке дейін көп дұға ету керек.» (И.Нәуәуи)

Соңғы хадис шәриф бойынша амал ететін болсақ, сол құнды уақытты табу ықтималы көбейеді.