Дін ғұламаларымыздың ең көп қорққаны – соңғы дем болған. Мысалы, үлкен ғалым Ахмед ибн Ханбал хазреттері дәл өлім сәтінде бірден бар дауысымен үш рет «Болмайды, болмайды, болмайды» деп айқайлап, қайтадан төсегіне құлайды. Баласы жетіп келіп:
- Әкешім, не болып қалды? Неге «Болмайды» деп айқайладыңыз? – деп сұрады. Сонда:
- Малғұн шайтан «Мұсылмандықты таста, христиан бол, жәннатқа кіресің» деді. Мен «Болмайды» деп едім, малғұн жоғалып кетті» – деп жауап береді және калима-и шаһадат айтып қайтыс болады...
Жүнейд Бағдади хазреттері де өліміне жақын жылай бастайды. Шәкірттері неліктен жылағанын сұрағанда:
- Соңымнан қорқып жатырмын. Адамның амалы жіңішке жіппен жоғарыға асылғандай болып тұрады. Әр уақытта әрі-бері шайқалып тұрады. Амалым жоқ демеймін, бірақ тұрақты емес, қайда тоқтайтыны белгісіз. Аллаһ сақтасын, сол тарапта тоқтаса, менің жағдайым не болады? Соны ойлап жылап отырмын, – деп жауап берді. Соңында калима-и шаһадат айтып қайтыс болды. Әр мұсылман да, осы ұлы тұлғалар сияқты, соңғы демінде имансыз кетуден қорқып, көп дұға етуі қажет. Аллаһтың мейірімінен де үмітті үзбеу керек.
Үлкен Ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) айтқан:
«Имам Раббани хазреттерінің жолының басқаларынан айырмашылығы мынадай: басқа ғұламалар біреуді құтқару үшін «Былай істе, сонда құтыласың» дейді. Ал бұл ғұламалар соңғы деміне дейін оны бақылайды, соңғы демде иманмен өлуіне көмектесіп, иманмен ахиретке жібереді.»
Әулиелердің бірі қажылық уақытында Арафатта адам кейіпіне енген Ібілісті (шайтанды) көріп қалады. Азып-тозып кеткен, жүдеген, көзінен жасы аққан нашар жағдайда еді. Әулие кісі Ібілісті танып, одан сұрайды:
- Неге жылап отырсың?
- Сауда жасау ойы болмастан, тек Аллаһ разылығы үшін ғана қажылық жасауға келгендердің осы қалаулары үшін басқаларының да қажылықтарының қабыл болуынан қорқтым. Сол үшін жылап отырмын.
- Сені арықтатқан не?
- Қажыларды алып келген аттардың қиналмастан кісінеп келгеніне мұңайдым. Алайда менің жолыма барғандарды осылай алып барғанда, қатты қуанатын едім.
- Сені жүдеткен не?
- Мұсылмандардың ғибадаттарын тұрақты жасауы және бір-біріне жәрдемдесуі. Егер күнә істе жәрдемдескенде, қуанышым артатын еді.
- Сені шөктіріп, құлатқан не?
- Құлдардың «Йа, Раббым! Иманмен өлуімді нәсіп ете гөр» деп дұға етуі. Алайда, мен оларды өз ғибадаттарын ұнатқызып немесе «Аллаһ кешіреді» деп ойлатқызып, өтірік айтқызып, қателік жібергіземін. Әрі «Кейін істейсің» деп алдап, имансыз кетуіне бар күшімді салудамын. Аллаһқа осылай дұға етушілердің мақсатымды түсінуінен, алдын алуынан қорқамын!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024