Дін ғұламалары айтады: «Өмірлеріңнен өткен бір секундтың өзі өте құнды, ешқашан кері қайтпайды. Мұсылманның иманнан кейін ең құнды заты – уақыты. Сондықтан, ең құнды болған уақытты ең құнды амалмен өткізу керек. Олардың бірі – намаз. Намаз – діннің тірегі. Сондықтан жауапкер болған адамдарымызды және сөзіміз өтетін әркімге міндетті түрде намазға шақыру керек.»
Имам Раббани хазреттері айтқан:
Намаздарды жамағатпен, ықыласпен оқу керек, өйткені адамды екі жаһанда да пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтқаратын – ықыласпен оқылған намаз. Құран кәрімде айтылған: «Намаздарын ықыласпен (жүректері Аллаһ қорқынышына толы, тадил-и әрканға мән беріп) оқыған мүминдер міндетті түрде бақыт тапты. (Құтылды, жеңіске жетті.)» (Мүминун 1, 2) Намаздың кемшіліксіз болуы парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін және мүстаһабтарын орындау арқылы жүзеге асады. Намазды ықыласпен оқу, яғни барлық мүшенің қарапайымдылық танытуы осы төрт нәрсені жасау деген сөз. Жүрекке Аллаһ қорқынышының орнығуы бұларды толық орындау арқылы болады.
Намазда дүниелік істерді ойлау ықыластың аздығынан туындайды. Ислам Ахлақы кітабында былай делінген:
«Жамағатпен намазға тұрғанда имам Фатиханы оқығанда «Оң жағымда жәннат, сол жағымда тозақ, артымда Әзрейіл періште (алейһиссалам), қарсы алдымда қағба, дәл алдымда қабір, аяғымның астында Сырат көпірі, енді менің сұрағым оңай өтеді ме екен? Жасаған ғибадаттарым басыма тәж, жаныма жолдас және қабірімде нұр болады ма? Әлде қабыл болмай, ескі шүберек сияқты бетіме тасталады ма?» деп ойлану керек.»
Силсилә-и алия ғұламаларынан Сәйид Әмір Гилал хазреттері айтқан:
«Ықыласты болыңдар. Әр істеріңді Аллаһ разылығы үшін орындасаңдар, құтыласыңдар. Ықыласпен жасалған аз амал Аллаһу та'ала дәргейінде көп амал сияқты. Ал ықылассыз жасалған көп амалдың Аллаһ алдында еш маңызы жоқ.»
Халифа Харун Рашид рамазан күндерінің бірінде Бәһлул Дана хазреттеріне ақшам намазында мешітке баруын және намазға келген барлығын ауызашарға шақыруын бұйырды.
Кеш батты, намаз оқылды, намаздан кейін хазреті Бәһлул 5-10 адаммен келді. Харун Рашид таңқалып:
- Ақшам намазына мешітке осыншама адам ғана келді ме? – деп сұрады. Бәһлул Дана былай жауаптады:
- Ей, халифа! Сіз маған мешітке келгендерді емес, намазға келгендерді ауызашарға шақыр дедіңіз. Намаздан кейін мешіттің есік алдында тұрдым, шыққан әр адамнан имамның намазда қай сүрелерді оқығанын және басқа нәрселер сұрадым. Сұрақтарыма тек осы алып келген адамдарым ғана жауап бере алды. Мешітке келген адам көп, бірақ намазға келгендері осыншалықты ғана екен!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024