Сұрақ: Кейбір адамдар пайғамбарымыздың «Сүннетімді тәрк еткен адамға шапағатым харам болды» деген хадис шәрифті айтып, сүннеттерді тәрк еткендер шапағатқа қауыша алмайды дейді. Шынымен де солай ма, әлде басқа мағынасы бар ма?
Жауап: Шайх-ул-ислам Ахмед бин Сүлейман бин Кәмал хазреттері «Шәрһ-и хадис-и әрбаин» кітабында «Сүннетімді тәрк еткен адамға шапағатым харам болды» хадис шәрифін былай түсіндірген:
«Бұл хадис шәрифтегі сүннет сөзінің мағынасы «Ислам жолы» деген сөз. Өйткені, мұсылман адам үлкен күнә істесе де, шапағаттан мақрұм қалмайды. Хадис шәрифте: «Үлкен күнә істегендерге шапағат етемін» делінген. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһу та'аладан түсірген дініне бағыну керек. Оны тәрк еткен адам шапағатқа қауыша алмайды.» Шират-ул-ислам кітабындай былай делінеді:
«Бұл хадис шәрифтегі сүннет – орындалуы уәжіп болған нәрселер деген сөз. Ол – сахабалардың, табииннің және тәбәи табииннің (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) иманы және ғибадаттары. Бұл сүннетті ұстанғандар «Әһли сүннет» деп аталады. Олай болса, хадис шәрифтің мағынасы: сену керек болған, орындау керек болған және сақтану керек болған істерде Әһли сүннеттен ажырағандар шапағатқа қауыша алмайды деген сөз.»
«Үмбетімнің арасында фитна, бүлік тараған кезде сүннетімді ұстанған адамға жүз шәһид сауабы бар» хадис шәрифі де «Сәләф-и салихин дәуіріндегі иман және ахкам-и исламия (Ислам үкімдері) білімдерін ұстанған адамға жүз шәһид сауабы беріледі» дегенді білдіреді. Рияд-ун-насихинде айтылады:
«Имам Насыруддин Сәйид Әбулқасым Самарқандидың айтуынша, бұл хадис шәриф үмбетімнің арасында бүлік шыққан кезде Әһли сүннет уәл жамағат сенімінде болып, бес уақыт намазды жамағатпен оқыған адамға жүз шәһид сауабы беріледі деген сөз.»
Сондықтан, алдымен Әһли сүннет бойынша иман келтіру, кейін харамдардан сақтану, кейін парыздарды орындау, кейін мәкрухтардан сақтану, кейін муәккәд сүннеттерді, одан кейін мүстаһабтарды орындау керек. Бұл реттілікте алдында тұрғанды орындамаған адамның кейін тұрғанын орындауының ешқандай пайдасы болмайды және алдында тұрғанын орындай алу үшін кейін тұрғанын тәрк етуі жаиз (рұқсат), тіпті уәжіп болады.
Сұрақ: Парызды оқитындай уақыт қалған кезде сүннетті тәрк етуге (оқымауға) болады ма?
Жауап: Хадиқада былай жазылған:
«Намаз уақыты азайған кезде парыздың алдындағы сүннетті оқу парыздың қазаға қалуына себеп болса, бұл сүннетті оқу харам болады.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024