УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (32)

32) «Мәсаил-и мухиммаға жауаб-и Нуман» атты кітап қолымызға түсті. Ислам әріптерімен 1385 [м.1965] жылы Шамда екінші басылымы шыққан екен. Кітапты жазған Анадолының Гүмүшхана аймағында бұрынғы Ширан мұғалімі Мұстафа ұлы Османның баласы Гүмүшханалық Осман Зеки есімді уаһһаби екен. Бұл баланың Ширан ауданынан Хижазға барып, сол жақта жолдан шыққаны аңғарылуда. Бұл қате және зиянды кітап Хижазда түркі елдерінен келген қажыларға тегін таратылуда. Діни білімі аз болғандар кітаптағы қате және өтірік жазбаларды дұрыс деп санап, пәлекетке түсуде. Бидғатшыларға алданғандардың қажылықтары және ешқандай ғибадаттары қабыл болмайды. Қажы болайық деп келгенде дұрыс жолдан айрылған, бидғат, адасушылық пәлекетіне түскен болады.

Осы тоқсан алты беттік кішкентай кітапшасында былай жазған:

«Құран кәрім және Расулуллаһ намаз оқымайтын адамға мүшрик және кәпір деді. Үтір намазын құныт дұғасын оқымастан бір рәкат қылып оқу жеткілікті. Расулуллаһ та шәууал айының хилалын (туғанын) білмейтін. Сондықтан «ғайыпты біледі, көмектеседі» дейтіндер Аллаһтан қорқып, адамдардан ұялсын. Өйткені, ондай нәрселерге Құран мен пайғамбар тыйым салған. Бұл ұятсыздар пайғамбарымызбен сөйлесіп, Оның бұйрығымен амал еткенін айтып жүр. Тіпті есектен де төмен екендіктерін жайып жүр. Бұл дұрыс болғанда еді, сахабалар арасында соғыс болмас еді. Расулуллаһпен сөйлесіп, Оның бұйрығымен қиыншылықтан құтылатын еді. «Арашы» аяти каримасының мағынасы – бұйрықтарды орындау, тыйымдардан сақтану. Әрі нәпілдермен айналысу. Қабірдегілерден көмек пен берекет сұрау емес. Өйткені, бұлай жасау хайуандық және мүшриктік. Мұсылмандықта ондай нәрсе жоқ. Ислам діні ондайларға мүшрик және кәпір дейді.

Өз қалауынсыз болғандарынан басқа парыз намазды тәрк еткен адамды Аллаһ пен Расулы тәкфир еткен (кәпірге шығарған). Олардың қазасын оқуы да қабыл болмайды.

Пәленше мен түгеншенің сөздері ахиретте адамды құтқармайды. Кітапқа және сүннетке жүгінбей, пәленшенің сөздерімен ғибадат еткендер тозаққа түседі. Қабірде сол ұлы деген адамдары сұралмайды. Аллаһ және Оның Расулы сұралады. Аллаһу та'ала білмейтіндеріңді білетіндердер сұрап үйреніңдер деді. Жеке бастарын құтқару үшін олар «Құран мен хадистің захири (сыртқы) және батыни (ішкі) мағыналары бар. Біз батынисын түсіне алмаймыз» дейді. Аллаһ иман иелеріне түсіне алмайтын, істей алмайтын нәрселерді әмір етпейді. Бұл мәселеде «Омар Ризаның» кітабын оқыңыз.

Қорқынышты уақыттарда жүріп бара жатып намаз оқу «Бақара» сүресінің екі жүз отыз сегізінші аятында әмір етілген. Хадистерде құныт дұғасын оқу әмір етілмеген. Құнытсыз үтір намазын оқу сахих. Тек парыздарын ғана және бір рәкат үтір оқыған адамға тіл тигізуге болмайды. Сүннеттерін оқығандарға сауап беріледі. Оқымайтындарға күнә жоқ.

Ей, бауырларым! Аяттан, хадистен айтып жатырмын. Өз ойымнан шығарып жатқан жоқпын. Ақырып ұлып жүрген мүшриктер Расулуллаһқа өтірікші, сиқыршы дейтіндер сияқты. Кітапты және сүннетті жеткізгендерден қашқандар Аллаһтан қашқан оңбағандараға ұқсайды.

Мәуліт оқу, тариқаттар, дәлаил-и шәриф оқу, исқат пен тәлқин кейіннен шығарылған. Бұлардың бәрі қате және жоққа шығарылған. Бұларды шығарғандар өздерін Аллаһу та'аланың орнына қойған болады. Ал қабыл етіп, орындағандар оларға табынған болады. Дінде барлық білімдер айқын көрсетілген. Айтылмаған ештеңе қалмады. «Үмбет жетпіс үш топқа бөлінеді, олардан тек қана менің және сахабаларымның жолында болғандар құтылады» делінген. Барлық тариқаттар қате жолда. Расулуллаһ дәуірінде болмаған нәрселердің бәрі қате. Қадири, Шазили, Мәуләуи, Нақшибәнди, Рифаи, Тижани, Халиди, Увәйси және т.б. тариқаттар дұрыс жолдан айрылу, Құранға бағынбау болып саналады. Мұсылман атынан басқа барлық атауларды тастау керек. Асри саадаттағыдай (пайғамбарымыз және сахабалардың дәуіріндегідей) бауыр болу керек. Саламаттықты қабірлерден, өлілердің рухтарынан сұрау сияқты Ислам дінінде болмаған амалдарды жасап, кәпір-мүшрик болмау керек. Дініміз зікір, тәсбих пен тәкбір үшін моншақтар, теккелер (сопылардың тұрағы), қабір үстіне күмбез, кесене жасауды әмір етпеді. Кесенелерді құлатуды әмір етті. Аллаһу та'ала «Маған дұға етіңдер! Қабыл етемін» деді. Бірақ пайғамбарларға немесе әулиелерге дұға етіңдер демеді. Яғни мәйіттермен тәуәссул етіңдер немесе қабірлерінен, руханиятынан көмек сұраңдар деген жоқ. Пайғамбарлардың бізге пайда және зиян бере алмайтынын Аллаһ хабар беруде. Құран кәрімнің жоқ дегенін сұрау Аллаһу та'алаға сенбеу болады. Мәйіттен көмек сұрағандар кәпір және мүшрик. Пайғамбардың оқыған салауаттары – уахи. Одан өзгелердің айтқан салауаттары – бидғат. Бидғат уахиден үстем бола алмайды. Дәлаил кітабын жазған адам өзін Аллаһ орнына қойды. Ғибадат ойлап шығарды. Оқу үшін арнайы күндер белгіледі. Аллаһқа берілу орнына шайхтарға беріліп жүр. Сахабалар тариқат, мәуліт және салауат ұйымдастырмады. Кейіннен келгендер отанның сақталуы және дұшпанның опат болуы үшін «Салат-и мүнжия», «Салат-и нария» оқу сияқты бидғаттарды шығарды. Жұрт исқат жасауға болады деп ғибадатты тастап кетті. Тәлқинды өлі естімейді. Исламда ешқандай орны жоқ.» Уаһһаби кәпірдің өтірік, қате сөздері тәмам болды.

Аллаһу та'ала мен Расулы, намаздың мұсылманға бұйрылғандығына сенбей, менсінбегендіктен оқымайтын адамға кәпір деді. Жалқаулықпен оқымағандар кәпір болмайды, пасық, күнәхар болады. Ханафи мазһабында үтір намазын үш рәкат қылып оқу уәжіп. Пайғамбарымыздың үтір намазын үш рәкат қылып оқығандығы «Мәрақил-фәлах», «Сүнән-и Әби Дауд» және «Мүнауи» кітаптарында жазылған. Құныт дұғасын оқу да уәжіп. Имам Әбу Юсуфтың, Мұхаммедтің, Имам Ахмедтің және Шафиидың (рахимә-һумуллаһу та'ала) үкімдері бойынша сүннет. Әбу Дауд хабар бергені және «Мүнауи» кітабында жазылғаны бойынша, «Расулуллаһ үтір намазын оқығанда құныт дұғасын оқитын еді». Құныт ретінде белгілі дұғаны оқу бірауыздан сүннет. Мұны көрсететін хадис шәриф Шәрнблалидің «Мәрақил-фәлах» кітабында жазылған. Уәжіп пен сүннетті мән бермегендіктен тәрк еткен кісі кәпір болады. Мән беріп, маңызды санап, бірақ жалқаулықпен уәжіпті бір рет, ал сүннетті тұрақты түрде тәрк еткен адам күнә істеген болады. Осы [қате кітапты жазған] оңбаған уаһһаби ханафи болған мұсылмандарды мазһабтан шығарғысы келеді. Бәрін мазһабсыз қылғысы келеді. Мазһабсыз адам Әһли сүннеттен айрылған болады. Ал Әһли сүннеттен айрылған адамның не адасушы, не кәпір болатындығы «Әл-басаир» кітабында жазулы. Бұл құнды кітапты Үндістан ғалымдарынан Мұхаммед Хамдуллаһ жазған, 1395 [м.1975] жылы Стамбұлда басылған.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өздігінен ғайыпты білмейді. Бірақ, Аллаһу та'ала пайғамбарына уахи арқылы және әулиелеріне илхам мен керемет арқылы ғайыпты хабар береді. Хазреті Омардың Ирандағы әскерін көруі және қолбасшысы Сарияға айтуы, оның да естуі осылай болған. Әулиенің өзі ғайыпты білмейді. Бірақ, Аллаһу та'ала қалаған нәрселерін оларға білдіреді. Немесе рухтарына күш беріп, олар көреді және біледі. Осындай екендігін Құран кәрім және хадис шәрифтер хабар беруде. «Фәтх-ул-мәжид» уаһһаби кітабы да 268-ші бетінде «Жер жүзі маған кішірейтілді. Шығысты, батысты алақанымдағы айнада тұрғанындай толық көрдім» хадис шәрифін жазуда. 192-ші беттен басталған жиырма төртінші бөлімді оқыңыз! Расулуллаһ тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де сахабалары арасында болатын фитналарды қалаған адамдарына айтты. Тағдырға разы болуын бұйырды. Көбіне шәһид болатындығын сүйіншіледі. Табарани хабар берген «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылған хадис шәрифте «Хусейн алпысыншы жылыөлтіріледі» делінген. Осы сияқты хазреті Османның, хазреті Әлидің және басқа да сахабалардың (радиаллаһу анһум) шәһид болатындығын хабар берді. Сабыр етуін әмір етті. Сахабаларға шәһид болатынын айту олар үшін сүйінші беру болып саналатын. Олар шәһид болмау үшін емес, шәһид болу үшін дұға ететін. «Расулуллаһ сахабаларына неліктен көмекке келмеді?» сөзі сауатсыз сөз. Аллаһу та'ала Ухуд соғысында Расулына неліктен көмекке келмеді деуге ұқсайды. «Расулуллаһ сахабалары арасындағы соғыстарды көргенде, дауыстарын естігенде, оларға бұйрық беріп, қиыншылықтан құтқаратын еді» дегендей ақымақша сөздер Аллаһу та'аланың Ухуд күні орын алған қасірет пен қиыншылықтарды көрмегендігін, дұға мен тілектерді естімегендігін айту деген сөз. «Жауаб-и Нуман» уаһһаби кітабының осындай ақымақша, тентекше сөздеріне сенуден, алданудан Аллаһу та'алаға сиынамыз. Дін ғұламалары тағдырды өзгертуді қаламайды. Одан хабар алса, разы болады. Хадис шәрифте: «Не істеуді білмей, жұмыстарыңда қиналған кездеріңде қабірдегілерден көмек сұраңдар!» делінген. Уаһһабилер жеке пікірлеріне қайшы хадис шәрифтерді жасырады. Бірақ күнді балшықпен сылай алмайсың. Жауап бере алмаған кезде «ширк, хайуандық» деп шулай бастайды. Жалқауланып, дүниелік істерге беріліп, намаз оқымайтын адам кәпір болмайды. Намазды міндет, борыш деп білмеген, парыз екеніне сенбеген адам кәпір болады.

Автор пәленшенің, түгеншенің сөздері деп Әһли сүннет ғалымдарына тіл тигізуде. «Әһли сүннет ғалымдары» Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден түсінгендерін және сахабалардан естігендерін кітаптарына жазған. Өз көзқарастарына және пікірлеріне жүгінбеген. Әр жазғандарына аяттан, хадистен немесе сахабалардың сөздерінен дәлелдер келтірген. Кітап пен сүннетті ұстануды және сахабалардың жолында болуды қалағандардың Әһли сүннет кітаптарын оқуы керек. «Фәтх-ул-мәжид» кітабының төрт жүз тоқсан екінші бетінде де жазылған хадис шәрифпен мақталған, қайырлы дәуірдің ең жақсылары болған Әһли сүннет ғалымдары кітап пен сүннетті түсіне алмаған да, мың жылдан кейін шөл далада шыққан уаһһаби адасқандары жақсырақ түсінген деп айту үшін жынды немесе ақымақ, яки дүмше болу керек. Уаһһаби кітабының ақылға, білімге сай келмейтін сандырақ жазбалары Құран кәрімді және сүннетті мүлдем түсінбегендігін айқын көрсетіп тұр. Аяти карималар мен хадис шәрифтерді ойыншық қылған, қалағанындай мағына шығаруда. Қабірде Аллаһ пен Расулы сұралады. Бұл сұрақтарға Әһли сүннет ғалымдары көрсеткендей жауап бере алмағандар тозаққа түседі. «Білмейтіндеріңді білетіндерден сұрап үйреніңдер!» деген аяти кариманы өзі де жазады. Әр мұсылманның осы аяти кариманы ұстанып, Әһли сүннет кітаптарын оқып үйренуі керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқымайтындар осы аяти кариманы ұстанбаған болып, сауатсыз қалады. Мазһабсыздардың өтіріктеріне алданып, тозаққа түседі. Дәйләми және Мүнауи жеткізген хадис шәрифте: «Батын ғылымы Аллаһу та'аланың сырларынан. Әмірлерінің бірі» делінген. Расулуллаһ батын ғылымын хабар беруде. Аллаһу та'аланың әмірі дейді. Ал бұл кітапта батын ғылымын Әһли сүннет ойлап шығарды делінеді. Аллаһу та'ала әмірлері мен тыйымдарын баршаға түсірді. Бұлар түсінуге және орындауға болатын нәрселер. Бұларды ұстану әркімге парыз. Батын білімдерін және мүтәшабиһ аяти карималарды әркім түсіне алмайды. Бұларда айтылғандарды түсіну және орындау уләма-и расихинге тән. Олар – тасаууф жолында ілгерілеп, жетілген үлкен ғалымдар. Осы ғылымдардан және осындай расих ғалымдардан хабарлары болмағандар оларды жоққа шығарады. Омар Ризаның қате жазбаларын тек мазһабсыздар ғана ұнатады.

[Омар Риза – Мұхаммед Акифтың күйеу баласы. Мазһабсыз. 1371 [м.1952] жылы өлді.]

«Бақара» сүресінде дұшпан алдында, суға тұншығу, өртте жану қауіпінде болған адамның және жыртқыш жануар шабуылдаған кезде мүмкін болған тарапқа бұрылып, намаз оқуға болатындығы хабар берілген. Фиқһ кітаптарында жазылғанындай, қорқыныш артқан кезде жамағатпен намаз оқылмайды. Жалғыз, түрегеп немесе жануардың үстінде оқылады. Жоғарыдағы қауіптерден қашқан кезде уақытты өткізіп алмау үшін ғана жануардың үстінде жүріп бара жатып оқуға болады. Аяти кариманың түрегеп мүмкін болған тарапқа бұрылып оқу туралы айтқандығы «Мәрақил-фәлах» хашиясында жазулы. Аяти каримадағы «Рижалән» сөзінің «жүріп» емес, «түрегеп тұрып» деген мағанада екендігі тәфсирлерде және «Жәуһара» фиқһ кітабында анық жазылған. Бұл адасқан уаһһаби кітабы бұл жерде де ханафилерді алдауға, жүріп намаз оқытуға тырысуда, ол үшін аяти каримаға қате мағына беруден тартынбауда. Мұсылман сүннеттерді менсінбей қарап оқымайтын болса, кәпір болады. Мән беріп, бірақ тұрақты түрде оқымай жүрсе, күнә істеген болады. Бұл кітап аяттан, хадистен сөйлеп жатқан болса да, оларға ойдан шығарып мағына беруде. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) Расулуллаһтың және сахабалардың түсінгендерін іздестіріп, Олардан үйренген мағыналарды кітаптарына жазған. Осындай екендігін уаһһабилер айтуда. «Фәтх-ул-мәжид» кітабының 388-ші бетінде «Әбу Ханифа (рахимәһуллаһ) «Аллаһтың кітабына, Расулуллаһтың хадисіне және сахабалардың сөздеріне сай келмейтін сөзімді тапсаңдар, бұл сөзімді тастап, соларды алыңдар!» деген. Имам Шафии: «Кітабымда Расулуллаһтың сүннетіне сай келмейтін бір нәрсе тапсаңдар, менің сөзімді тастап, Расулуллаһтың сүннетін алыңдар» деген» деп жазылған. Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) Аллаһтың кітабы мен хадис шәрифтерге қаншалықты берік байланғандығын уаһһаби кітабының осы жазуы да көрсетіп тұр. Сондықтан да, Құран кәрімнің және хадис шәрифтердің дұрыс мағыналарын білгісі келгендер Әһли сүннет ғалымдарының кәлам және фиқһ кітаптарын оқуы керек. Кітап пен сүннетті үйрететін «Әһли сүннет» ғалымдарының кітаптарынан қашатындардың Хақтан қашқан оңбағандарға ұқсайтындығы өз кітаптарында да жазылған болуда.

«Мәуліт оқу» дегеніміз – Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дүниеге келуін, миғражын және өмірін баяндау, Оны еске алу, Оны мақтау деген сөз. Әр мұсылманның Расулуллаһты қатты жақсы көруі керек. Оны қатты жақсы көрген адам Оны көп еске алады, Ол туралы көп айтып, көп мақтайды. Дәйләми жеткізген және «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам оны көп еске алады» делінген. Бұл хадис кітабын Мүнауи жинақтаған. Расулуллаһты қатты жақсы көру керектігін бүкіл Ислам ғалымдары ұзақ жазған. Тіпті уаһһаби кітабы да үш жүз отыз алтыншы бетінде мұны былай жазған:

«Хадис шәрифте: «Кімде-кім мені баласынан және әкесінен, бәрінен қатты жақсы көрмегенше иман келтірген болмайды» делінген. Яғни иманы толық болмайды. Аллаһты жақсы көрген адамның Оның Расулын да жақсы көруі уәжіп. Салих құлдарды да жақсы көруі қажет.»

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мәуліт түндерінде сахабаларына дастархан жайып, ас беріп, дүниеге келген кезіндегі және балалық шағындағы оқиғаларды айтып беретін еді. Хазреті Әбу Бәкір халифа кезінде мәуліт түнінде сахабаларды жинап, Расулуллаһтың дүниеге келген кезіндегі ғажайып оқиғалар туралы сөйлесетін. Туған күнді атап өтуді христиандар мұсылмандардан үйреніп алған. Әлемнің барлық жеріндегі мұсылмандар пайғамбарымыз және сахабалар істегендей мәуліт түнінде Расулуллаһты сипаттайтын кітаптарды оқып, Расулуллаһтың дүниеге келген осы түнін тойлап, қуанатын еді. Ислам ғалымдары бұл түнге аса мән берген. Бұл түнді бүкіл махлұқтар, періштелер, жындар, жануарлар және жансыз заттар бір-біріне сүйіншілеуде, пайғамбарымыз дүниеге келді деп қуануда. Мәулана Жалаледдин Руми «Мәуліт оқылған жерден бәле-жала, қиыншылықтар кетеді» деген. Мәулітті ұйқас сөздермен өлең ретінде айту әсерлірек және пайдалырақ болады.

Мәуліт оқудың ғибадат екендігін және қалай оқу керектігін, пайдаларын көрсету үшін Ислам ғалымдары барлық тілде кітаптар жазды. Бұл кітаптардың он данасын Мұстафа Катиб Челебидің (рахметуллаһи алейһ) «Кәшф-уз-зунун» кітабынан және қосымшасынан алып көрсетудеміз:

1) Бурсалық Сүлейман Челебидің түрік тіліндегі мәуліт қасидасы кеңінен танымал болған. Османлылардың және Түркияның барлық жерінде қуанышпен оқылуда. Негізгі аты «Уәсиләт-ун-нәжат». Сүлейман Челеби хазреттері Йылдырым Сұлтан Баязид (рахметуллаһи алейһ) ханның имамы еді. 800 [м.1398] жылы Бурсада қайтыс болды.

2) Мұхаммед Ақ Шәмсуддиннің ұлы Хамдуллаһ (рахметуллаһи алейһ) та мәуліт қасидасын жазған.

3) Молда Хасан-ул Бахри (рахметуллаһи алейһ) да мәуліт жазған. 994 [м.1586] жылы қайтыс болды.

4) Уаиз Мұхаммед бин Хамза да жазған.

5) Шәмсуддин Ахмед Сиваси (рахметуллаһи алейһ) да жазған. 1006 [м.1598] жылы қайтыс болды.

6) Хафыз ибн Насируддин Димишқи (рахметуллаһи алейһ) «Жамиул-асар фи мәулид-ил-мухтар» кітабын жазған.

7) Ибн Әсир Мұхаммед Жәзри «Әт-тариф бил-мәулид-иш-шәриф» кітабын жазған. 833 [м.1430] жылы қайтыс болды.

8) Әбул Қасым Мұхаммед Лулуви (рахметуллаһи алейһ) «Дуррул-мунзам фи-мәулид-ин-Нәбий-ил-муаззам» жазған, 867 [м.1463] жылы Шамда қайтыс болды.

9) Афифуддин Мұхаммед Тебризи «Мәулид-ин-Нәби» кітабын жазған, 855 [м.1451] жылы Мәдинада қайтыс болды.

10) Сәйид Мұхаммед Қавукжу Ханафи «Мәулид-ин-Нәби» кітабын жазды, 1305 [м.1887] жылы қайтыс болған.

[Катиб Челеби 1067 [м.1656] жылы Стамбұлда қайтыс болды.]

[Ақ Шәмсуддин 864 [м.1460] жылы Гөйнүкте қайтыс болды.]

Олардан басқа Ибн Хажәр Хитәмидің «Ән-Нимет-ул-кубра аләл аләм фи-мәулид-и Сәйид-и уәләд-и Адем» кітабы, Жалалуддин Суютидің «Әр-Рәдду алә мән әнкәрә қираәтәл-мәулид-ин-Нәби» кітабы, Юсуф Нәбханидің «Жәуаһир-ул-бихар» кітабының үшінші бөлімі, «Хужжәт-уллаһи аләл аләмин» кітабының 233 және кейінгі алты беті, Ахмед Саид мужәддидидің «Исбат-ул-мәулид» кітабы, ғұлама Мұхаммед Зәрқанидің «Шәрһ-ул-Мәуаһиб-ил-ләдунния» кітабының бірінші бөлімінің 136-шы және кейінгі төрт беті, бір кезде 1397 [м.1977] жылы Стамбұлда басылған. Ахмед Саид Фаруқи мужәддиди 1277 [м.1861] жылы Мәдинада қайтыс болды. Урду тілінде жазылған «Саид-ул-баян» мәуліт кітабы мен Сәйид Абдулхакимның (рахметуллаһи алейһ) түрік тіліндегі «Мәуліт қыраатының құндылығы» кітабы да өте құнды.

Үндістандағы Ислам ғалымдарының ұлыларынан Мәулана Мұхаммед Фадл-ур-Расул (рахимә-һуллаһу та'ала) 1266 [м.1850] жылы парсы тілінде жазған «Тасхих-ул-мәсаил» кітабында уаһһабилерге сатылған Мұхаммед Исхақ есімді үндістандық дін адамының «Миәтә мәсаил» кітабына жауап берген.

[Юсуф Нәбхани 1350 [м.1932] жылы қайтыс болды.]

Фадл-ур-Расул Бадаюни (рахметуллаһи алейһ) 1289 [м.1872] жылы қайтыс болды. Кітабының 253-ші бетінен бастап былай дейді: Мәуліт оқу алғашқы үш ғасырда жоқ еді. Одан кейін пайда болды. Сондықтан, ғалымдар мәуліт жиындарының рұқсат екендігіне бірауыздан келіспеді. Сөздері бір-біріне қайшы келді. Ғалымдардың бұл келіспеушілігі «Сирәти Шами» кітабында ұзақ жазылған. Сирәти Шами кітабының авторы Мұхаммед бин Юсуф Шами (рахимә-һуллаһу та'ала) 943 [м.1536] жылы Мысырда қайтыс болды. Кітабында тек қана келіспеушіліктерді көрсеткен, олардың арасынан таңдауын жасамаған. Сонымен қатар, мәуліт жиындарының мүстаһаб екендігін айтқан көптеген үлкен ғалымдарды хабар берген. Ұстаздарының бұған қарсы болғандарға қарсы шыққандығын да айтқан. Көпшілігін тастап, қарсы шыққандардың бірнешеуін көрсетіп, мәуліт жиындарына рұқсат емес делінетін болса, онда фиқһ мәселелерінің көбіне сенім қалмайды. Сирәти Шамиде былай жазылған:

Хафыз [яғни хадис ғалымы] Шәмсуддин Мұхаммед Сәһауи айтады: «Мәуліт [жиындарын ұйымдастыру] туралы Сәләфтен ешқандай хабар жоқ. Үшінші ғасырдан кейін пайда болды. Әр жылы мәуліт түнінде мұсылмандар садақа береді, қуанады. Қайырымдылық, жақсылық жасайды. Жиналып, мәуліт қасидасын оқытып, тыңдайды.» [Шәмсуддин Сәһауи 902 [м.1496] жылы Мәдинада қайтыс болды.] Хафыз Иззәддин Әли ибн Әсир Жәзри айтады: «Мәуліт оқу жыл бойы зиян мен қауіпті нәрселерден қорғайды. Мәуліт оқылған жерге сол жылы рахмет пен берекет жауады.» [Ибн Әсир Әли Жәзри 630 [м.1232] жылы Мусулда қайтыс болды.] Хафыз Имадуддин Исмаил ибн Кәсир Әрбил әмірінің рабиул-әууәл айында үлкен мәуліт жиындарын ұйымдастырғанын хабар беруде. [Ибн Кәсир 774 [м.1372] жылы қайтыс болды.] Әбул Хаттаб Омар ибн Дыхия «Әт-тәнуир фи-Мәулид-ил-Бәшир» кітабында Әрбил әмірі ұйымдастырған мәуліт жиындарын ұзақ баяндауда. Көптеген ғалымдар, мысалы, Имам Нәуәуидің ұстазы хафыз Әбу Шамә бұл кітапты мақтаған. Абдуррахман Әби Шамәнің «Әл-баис алә инкар-ил-бида уәл-хауадис» кітабы осы мақтауларға толы. [Әбу Шамә 665 [м.1266] жылы, Әбулхаттаб Омар 633 [м.1236] жылы қайтыс болды.] Ғұлама Сәйфуддин ибн Тұғрыл бек «Дурр-ун-назим фи-мәулид-ин-Нәбийил-кәрим» кітабында айтады: «Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көретін адамдар мәуліт түндерінде мәуліт жиындарын ұйымдастырады. Олардың бірі, Ибн Әфдал есімімен танымал болған Әбул-Хасанның Мысырда жасаған үлкен мәуліт жиыны, ұстазымыздың ұстазы Әбу Абдуллаһ бин Мұхаммед бин Нуманның, Жамалуддин ажеми Хамаданидің, Юсуф бин Әли Хажжари Мысридың мәуліт жиындары. Олар Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсінде көргендерін және «Біз үшін қуанғандар бізді де қуантады» дегендігін айтқан.» [Ибн Тұғрыл бек 670 [м.1271] жылы қайтыс болды.]

Ибн Баттал Малики фәтуасында айтады: «Мәуліт түнінде садақа беру, мұсылмандарды жинап, рұқсат болған нәрселер жегізу, рұқсат болған нәрселерді оқытып тыңдау, салих адамдарды киіндіру бұл түнді құрметтеу болып саналады. Бұларды Аллаһ разылығы үшін жасау рұқсат және үлкен сауап болады. Бұларды тек кедейлер үшін ғана жасау шарт емес. Бірақ, мұқтаж болғандарды қуанту көбірек сауап болады. Заманымызда істеліп жүргендей, жиындарда есірткі [мас қылатын нәрселер] қолданылса, жас балалар жиналып, еркек-әйел аралас отырса және шәхуатты қоздыратын өлеңдер мен әндер оқылса, [сазды аспаптар, сырнай, дағыра сияқты сауық-сайран құралдары шалынса], үлкен күнә болады.» [Мұндай харам нәрселерді ғибадат ретінде жасаудың, ғибадат арасында жасаудың күнәсі еселеніп көбейеді. Мұндай харамдарға Ислам музыкасы дейтіндерге алданбау керек. Ибн Баттал 449 жылы қайтыс болды.] Имам Жалалуддин Абдуррахман бин Абдил-Мәлик Қаттани айтады: «Мәуліт күні мен түні құнды, қасиетті, киелі. Қадірі мен абыройы өте жоғары. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) болмысы – қайтыс болғанынан кейін Оған бағынғандар үшін құтылу себепшісі. Оның мәуліті үшін қуану тозақ азабының азаюына себеп болады. Бұл түнді құрметтеу, қуану бүкіл жылдың берекетті болуына себеп болады. Мәуліт түнінің қасиеттілігі жұма күні сияқты. Жұма күні тозақ азабының тоқтайтындығы хадис шәрифте айтылды. Осы сияқты, мәуліт күнінде де азап берілмейді. Мәуліт түндерінде қуанғандығын көрсету керек, көп садақа, сыйлық беріп, шақырылған жерлерге бару қажет.» [Харам істелетін, харам бар болған жиындарға бармау керек, харам істеуден және харам істеушілердің арасында болудан, ғибадаттарға харам араластырудан аса сақтану қажет.]

 Ғұлама Захируддин бин Жафәр айтады: «Мәуліт жиындарын ұйымдастыру – бидғат-и хасанә. Салихтарды жинап, салауат оқу, кедейлерді тойдыру әр уақытта сауапты. Бірақ, бұларға харам араластыру, сазды аспап, ән-күй, би сияқты нәрселер жасау үлкен күнә болады.» Ғұлама Насируддин айтады: «Мәуліт жиындарын ұйымдастыру сүннет емес. Бірақ, ол күні садақа, сыйлық беру, қуаныш пен шаттықты көрсету, балалар мен әйелдер араласпай мәуліт қасидасын оқыту және осындай жиынға бару үлкен сауап болады. Бірақ, зәрулік болмағанша ешкімнен ештеңе сұрамау керек. Зәруліксіз сұрау (тілену) харам. Салих мұсылмандардың жиналып, Аллаһу та'аланы зікір етуі және салауат оқуы ғибадатқа жатады. Сауабы көп болады.»

Ғұлама Абдуррахман Әбу Шамә «Әл-Баис» кітабында айтады: «Рәби Имам Шафииден хабар берген: «Бидғат екіге бөлінеді. Бірінші бөлімі кітапқа, сүннетке, сахабалардың сөздеріне немесе ижмаға қайшы болады. Бұлар адасушылық. Бидғаттың екінші бөлімі: осы төрт дәлелге сай болған қайырлы нәрселер. Ешбір ғалым олардың жаман екендігін айтпады. Омар (радиаллаһу анһ) Рамазан түндерінде мешіттерде жамағатпен тарауих намазын оқуға «Өте жақсы бидғат» деді. Ондай бидғаттар «Бидғат-и хасана» деп аталады. Бидғат-и хасананы істеудің рұқсат және мүстаһаб екендігі бірауыздан қабылданды және оларды Аллаһ разылығы үшін орындаған адамға сауап беріледі делінді. Ислам үкіміне сай болған барлық жаңалықтар осындай. Мешіттерге минбер, жолаушыларға керуен-сарай, оқушыларға мектеп, медресе жасау сияқты Ислам үкіміне сай болған жақсы амалдар – бидғат-и хасана. Бұлар Асхаби кирам мен Табиин дәуірлерінде жоқ еді. Кейіннен пайда болды. Бірақ, Аллаһу та'аланың әмірлерін орындауға көмекші болғандықтарынан, бидғат-и хасана делінді.» Бұл бидғат-и хасаналардың бірі – Мусул маңындағы Әрбил қаласында жыл сайын жасалған Мәуліт жиындары. Мәуліт түндерінде садақа таратылады. Сән-салтанат пен қуаныш көрсетіледі. Кедейлерге сыйлықтар беріліп, сияпаттар жасалады. Осылайша, Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсетіледі. Бұл жиынды Мусулда ең алғаш үлкен ғалым, салихтардан Омар бин Мәла ұйымдастырды. Әрбил сұлтаны [Әбу Саид әл-Музаффар Көкбөрі] оған мойынсүнды. [Әбу Саид – Салахуддин Әйюбидің (рахимә-һумуллаһу та'ала) жездесі еді. 630 [м.1232] жылы христиандардың «Крест жорығы» деп аталған шабуылдарына қарсы Аққа қамалы соғысында шәһид болды.] Шафии ғалымдарынан Садр-уд-дин Омар айтады: «Мәуліт жиындарын жасау жаиз (рұқсат). Мәкрух емес. Ниетке қарай сауап беріледі.» [Ниет бұзылған болса, мүлдем сауап берілмейді.] Хафыздың айтуынша, Мәуліт жиындарын жасау бидғат. [Яғни кейіннен пайда болған ғибадат.] Бірақ, жақсы, пайдалы нәрселер жасалғандықтан, жаман нәрселер болмағандықтан, бидғат-и хасана саналады.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Мәдина қаласына келгенде яһудилердің Мухаррам айының оныншы күнінде ораза ұстағандарын көрді. Себебін сұрап еді, олар «Бұл күні Аллаһу та'ала перғауынды суға батырды. Мұса алейһиссаламды құтқарды. Осы себептен, қуанышымыздан ораза ұстап, Аллаһқа шүкір етудеміз» деп жауап берді. «Мұса алейһиссаламның құтылғанына мен көбірек қуанамын» деп, ораза ұстады. Мұсылмандарға да Ашура күні ораза ұстауын бұйырды. Ниғмет келгенде және қиыншылықтан құтылған кезде Аллаһу та'алаға шүкір етілгеніндей, әр жылы сол күні де шүкір ету керектігі осы хадис шәрифтен аңғарылуда. Аллаһу та'алаға шүкір ету сәжде жасау арқылы, садақа беру, Құран кәрім оқу арқылы және осылар сияқты кезкелген ғибадатты орындау арқылы іске асады. Ихсан иесі, рақымдылығы мол ұлы пайғамбардың дүниеге келуінен асқан үлкен ниғмет бар ма? Әр жылы сол күнді тауып, осы ниғметті ойлау керек. Осылайша, Расулуллаһтың Мұса алейһиссаламның құтылуы ниғметіне шүкір еткеніне бағынған боламыз. Егер осылай ойламасақ, солай ниет етпесек, Расулуллаһтың бұл сүннетін ұстанбаған боламыз, сауап берілмейді.» Хафыз Мұхаммед ибн Жәзәри Шафии айтады: «Әбу Ләһәб түске кіріп, қандай жағдайда екендігі сұралғанда «Қабір азабын көріп жатырмын. Тек әр жылы рабиул әууәл айының он екінші түндері азабым жеңілдейді. Екі саусағымның арасынан салқын су шығады, соны ішіп, біраз рахаттанамын. Бұл түні Расулуллаһ дүниеге келгенде Сувәйбә есімді күңім маған сүйінші хабарды берген еді. Мен қуанғанымнан оны азат етіп, Оған сүт ана болуы бұйырғанмын. Сол себептен осы түндерде азабым жеңілдейді» деді. Аяти каримамен жамандалған Әбу Ләһәб сияқты азғын кәпірдің азабы жеңілдейтін болса, ұлы пайғамбардың үмбетінен болған мұсылман осы түнге қуанып, мал-мүлкін таратып, осылайша пайғамбарына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген сүйіспеншілігін көрсететін болса, Аллаһу та'ала нәсіп етіп, оны жәннатына кіргізеді. Ұстазым фәтуаларында айтқанындай, мәуліт жиындарын ұйымдастырып, Құран кәрім және Мәулид-ин-Нәби оқу, кейін ас беру, одан кейін таралу бидғат-и хасанаға жатады. Мұны ұйымдастырғанға және оған қатысқандарға сауап беріледі.» Хафыз Бәйһақидан алып былай дейді: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбар екендігі білдірілгеннен кейін өзі үшін ақиқа сойды. Алайда, дүниеге келгенінің жетінші күнінде атасы Абдулмутталибтың оған ақиқа сойғандығын білетін еді. Ақиқаны қайталап сою да жаиз емес. Екіншісін өзінің әлемдерге мейірім болып жаратылғандығына шүкір ретінде сойғандығы және осылай істеуі үшін үмбетіне үлгі болуды қалағандығы аңғарылуда. Расында, үмбетіне үйрету үшін өзіне салауат оқығандығы көп болды. Сондықтан, мұсылмандардың мәуліт түндерінде жиналып, мәуліт қасидасын оқуы, тәтті тағамдар ұсынып, қайырымдылық, жақсылық жасауы, осылайша бұл түннің шүкірін орындауы мүстаһаб болды. «Сүнән-и ибн Мажа» шәрһінде харам, тыйым салынған нәрселер араластырмай мәуліт жиындарын жасаудың бидғат-и хасана және мүстаһаб екендігі айтылған.»

[Әбу Шамә 665 [м.1266] жылы қайтыс болды.]

[Ибн Жәзәри 833 [м.1429] жылы Ширазда қайтыс болды.]

«Сирәт-и Шами» немесе «Субутул-худа уәррәшад» деп аталатын кітапта Фақиһанидың жазбалары және ұстазының оларға берген жауаптары былай жазылған:

Фақиһани: – Мәуліт жиындарын ұйымдастырудың кітапқа және сүннетке сай болатын жерінің бар екенін білмеймін.

Ұстазы: – Бір нәрсені білмеу оның жоқ екендігін көрсетпейді. Хафыздардың имамы Ибн Хажәр мәуліт жиындарының сүннеттен негізделгендігін айтты. Біз де екінші негізі бар екендігін жоғарыда айттық.

Ф. – Үлкен ғалымдардың мәуліт жиындарын жасағандығы айтылған емес.

Ұ. – Мәуліт жиынын алғаш рет ғалым, салих болған Әмір жасады. Мұны Аллаһ разылығы үшін жасады. Көп ғалымдар, салихтар бұл жиынға қатысты. Ибн Дыхия мұны мақтады. Үлкен ғалымдар Әмірдің бұл ісін мақтайтын кітаптар жазды. Жамандаған ешкім болмады.

Ф. – Мәуліт жиыны қалайша мүстаһаб бола алады? Мүстаһаб – Ислам діні талап еткен нәрсе деген сөз ғой?

Ұ. – Ислам дінінің талап етуі насспен немесе қияспен болады. Бұл жерде насс жоқ болғанымен, қияс бар.

Ф. – Мәуліт жиынына мубах деуге де болмайды. Дінде бидғат шығаруды ешбір ғалым мубах демеген.

Ұ. – Бидғат тек мәкрух пен харам ғана емес. Мубах, мүстаһаб және уәжіп болған бидғаттар да көрсетілген. Имам Нәуәуи айтады: «Дінде бидғат –Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәуірінде болмай, кейіннен шығарылған нәрселер, олар екіге бөлінеді: Хасана және сәйия.» Иззәддин бин Абдиссалам айтады: «Бидғат уәжіп, харам, мүстаһаб, мәкрух және мубах болып бөлінеді. Керуен сарай, мектеп салу және барлық қайырымдылық пен жақсылық – мүстаһаб болған бидғаттар. Тарауих намазы және тасаууф жолдары да осындай.» Бәйһақи Имам Шафииден хабар бергені бойынша, Имам: «Бидғат екіге бөлінеді. Кітапқа, сүннетке, қиясқа және ижмаға қайшы болғандар – адасушылық. Бұл төрт негіздердің біріне сай болғандар адасушылық емес» деді.

Ф. – Мәуліт түнінде бала-шағаны және достарды жинап, ас берсе күнә болмайды. Баршаны жинау жаман бидғат болады.

Ұ. – Ол қасиетті түнде баршаны жинау кітапқа, сүннетке, қиясқа және ижмаға қайшы емес.

Ф. – Бұл жиындарда музыка, би болып, балалар, әйелдер аралас отырса және басқа да харамдар жасалса, бірауыздан харам болады.

Ұ. – Бұл сөз дұрыс. Бірақ, жиынның харам болуына осы харам нәрселер себеп болуда. Ондай нәрселер жұма намазы жиынында да бар болса, ол жиын да харам болады. Бірақ, ол жиын харам болғандықтан, жұма намазына жиналу харам болады деуге болмайды. Осы сияқты, мәуліт түні үшін жиналу харам болады деуге болмайды. Рамазан түндерінде тарауих оқу үшін жасалған жиындарда осындай тыйым салынған нәрселер араласқандығы байқалуда. Бұлар араласты деп тарауих намазына жиналуға харам деуге болады ма? Мүлдем айтуға болмайды. Тарауих намазын оқу үшін жиналған жақсы. Бірақ, бұл жиынға жаман, тыйым салынған нәрселер араластыру жаман болады деу керек.

Ф. – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) рабиул әууәл айында дүниеге келген болса да, қайтыс болуы да осы айда орын алды. Бұл айда қуану емес, қайғыру, аза тұту керек.

Ұ. – Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туылуы үлкен ниғмет болғанындай, қайтыс болуы да үлкен қайғы. Дініміз ниғметтерге шүкір етуімізді, қиыншылықтарға сабыр етіп, үн шығармауымызды, оларды жасыруымызды әмір етуде. Бала туылғанда ақиқа союды бұйыруда. Ал қайтыс болғанда мал союды немесе басқа бір нәрсе істеуді әмір етпеген. Тіпті, айқайлап жылауға, аза тұтуға тыйым салуда. Сондықтан, бұл айда қуанышты, жайдарлы, көңілді болу, қайғылы болмау, аза тұтпау керек. «Әс-Сирәт-уш-Шамия» кітабынан аударма тәмам болды.

[«Сирәти Шами» авторы Мұхаммед бин Юсуф Шафии 942 [м.1536] жылы қайтыс болды. Омар бин Әли Искандари Малики Фақиһани 734 [м.1334] жылы, Шайх-ул-ислам Иззәддин ибн Абдиссалам Шафии 660 [м.1261] жылы қайтыс болды. Ислам үкімі бойынша әрі қуаныш, әрі қайғы болған күннің жылдығында қайғырмай қуану, сол күндегі қуанышты нәрселерді еске түсіріп, қайғылы нәрселерді ойламау керек. Дініміздің осы әмірі бойынша мухаррам айының оныншы күні аза тұтпай, Расулуллаһтың сүннетін ұстанып, шүкір ету, қуану қажет. Иә, хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) сол күні шәһид етілді. Ол ұлы имамның шәһид етілуі бүкіл мұсылмандарға үлкен қайғы және қасірет. Хазреті Османның және хазреті Хамзаның өте қорқынышты түрде шәһид етілуі де осындай үлкен қайғы мен қасірет. Бірақ, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Хамзаның шәһид етілген күнінің жылдығында азалы болмады. Азалы болуды әмір етпеді. Мүмкіндік болған күндері қабірін зиярат етіп, дұға жасайтын еді. Мухаррамның оныншы күндері ақылымызға еріп, азалы болуымыз емес, пайғамбарымызға еріп, шүкір оразасын ұстауымыз, қуанышты болуымыз керек.]

Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ақындары бар еді. Дұшпандарының жалаларына жауап беріп, Расулуллаһты мақтайтын еді. Олардан Хассан бин Сабиттің өлеңдерін аса ұнататын еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мешітке Хассанға арнайы мінбер қойдырды. Хассан соған шығып, дұшпандарын жамандайтын, Расулуллаһты мақтайтын. Расулуллаһ «Хассанның сөздері дұшпандарға оқ жарасынан да ауыр тиюде» дейтін. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала құлына жазу және сөйлеу өнерін нәсіп етсе, Расулуллаһты мақтасын, дұшпандарды жамандасын!» делінген. Ислам мемлекеттерінде мәуліт оқылуы осы хадис шәрифтегі әмірге де сай ғибадат болуда. Мәуліт оқуға қарсы шыққан адам Расулуллаһтың және сахабалардың жасаған нәрсесін жақтырмауымен қатар, осы хадис шәрифке де қарсы шыққан болады.

«Дәлаил-и шәриф» – салауат, дұға кітабы. Расулуллаһқа дұға мен сәлем оқуды Құран кәрім әмір етуде. Бұл дұға кітабын оқуға бөгет болған адам Құран кәрімнің осы әміріне қарсы шыққан болады. Әр мұсылман әр тілде дұға етеді. Оған кәпір деуге болмайды. Иә, аяти карималарда және хадис шәрифтерде көрсетілген дұғаларды өзгертпестен оқу керек. Аяти каримада және хадис шәрифтерде көрсетілмеген дұғаларды намаз сыртында оқуға болады. Ислам діні бұған тыйым салмаған. Оқуға болмайды дейтіндер өтірік айтады. Аллаһу та'ала және Расулы тыйым салмаған нәрсеге тыйым салынған деген адамның, әсіресе күпір, ширк деген адамның өзінің кәпір болуынан қорқылады. Расулуллаһты тәңірлік дәрежесіне шығармау шартымен көп мақтау, жаратылыстардың ең үстіне шығару, Аллаһу та'аланың сүйікті пайғамбарына берген үстемдіктерін атау және Одан шапағат сұрау – үлкен ғибадат. Бұған қарсы болу – үлкен надандық, өте нашар қырсықтық. Әсіресе, «Дәлаил кітабының авторы кітапты жеті бөлімге бөлген, күнде бір бөлімін оқып, бәрін бір аптада оқу керек дейді. Бұл сөзі ширк. Күнде бес уақыт намаз оқыңдар дегендей Аллаһтың орнына көз тігу болып саналады. Өзін Аллаһу та'аладан үстем ұстауға жатады» деп айту ақымақтың сөзі. Уаһһаби кітабы да үш жүз отыз бесінші бетінде Аллаһу та'аланы жақсы көру үшін он себеп бар дейді. Оларды ретімен түсіндіреді. Олардың Дәлаил-и хайрат кітабының авторына мүшрик деуіне қарсы біреу шығып, оларға «иманның шарттары алтау. Сендер оны онға көбейтіп алдыңдар, мүшрик болдыңдар» деуіне ұқсайды.

«Дәлаил-ул-хайрат» кітабына олар көп тиіседі. Бұл кітапты Әһли сүннет ғалымдарынан жетілген әулие, арифтердің көшбасшысы Мұхаммед бин Сүлейман Жәзули Шазили (рахметуллаһи алейһ) жазған. 870 [м.1465] жылы шәһид етілді. Расулуллаһқа салауат оқудың маңызын және пайдаларын түсіндіруде. Кейін хадис шәрифтерден шығарған және сахабалар оқыған салауат дұғаларын жинақтап жазған. Дәлаил кітабын жамандау – Ислам дінін жамандау болады.

Тариқат – жол дегенді білдіреді. Тасаууф жолы деген сөз. Тасаууфтың бидғат болмағандығын, бәрінің Расулуллаһтың сүннетіне сай екендігін Имам Раббани мүжәддиди әлфи сани Ахмед Фаруқи және Мұхаммед Масум Фаруқи (рахметуллаһи алейһ) «Мәктубат» кітабында ұзақ жазған. Олардан бірнешеуін парсы тілінен түрікшеге (одан қазақшаға) аударып, жетінші және он тоғызыншы бөлімдерде жаздық. Сол жерден оқыңыз!

Тасаууфтан хабары болмағандар бұған да тиіседі. Мұсылмандарды осы себептен жамандайды. Мұхаммед Масум Фаруқи бірінші томның жүз жетпіс жетінші хатында тасаууфтың не екенін қысқаша түсіндірген. Бұл хатты да төменде аударып қоюды жөн көрдік:

Кәшфтерге (аяндарға) және түстерге жүгінбеңіз! Жүгінуге болатын және адамды тозақтан құтқаратын ол тек қана кітап пен сүннет. Аллаһтың кітабын және пайғамбардың сүннетін бар күшіңізбен ұстаныңыз! Бүкіл амалдарыңыздың осы екеуіне сай болуына аса мән беріңіз! Зікір ету де Аллаһу та'аланың бұйрықтарының бірі. Көп зікір етіңіз! Барлық уақытыңызды зікірмен өткізіңіз!

[«Әнфал» сүресінің қырық алтыншы аятында: «Ей, мүминдер! Аллаһу та'аланы жүрекпен және тілмен көп зікір етіңдер. Бақыт табасыңдар!», «Жұма» сүресінің оныншы аятында: «Әр уақытта Аллаһу та'аланы көп зікір етіңдер! Дүниеде және ахиретте бақытқа қауышасыңдар!», «Ахзаб» сүресінің қырық бірінші аятында: «Ей, мүминдер, Аллаһу та'аланы әр уақытта зікір етіңдер!» делінген. «Тибян» тәфсирінде Абдуллаһ ибн Аббастың (радиаллаһу та'ала анһума) айтуынша, Аллаһу та'ала бүкіл әмірлеріне белгілі бір шектеу қойған, бұл шектеуді асқанда үзір деп санаған. Үзір болғанын кешірген. Тек зікір етіңдер әмірі мұндай емес. Оған ешқандай шектеу және үзір қойылмаған. Ешқандай үзірмен зікірді тәрк етуге болмайды. Тұрғанда, отырғанда және жатқанда да зікір етіңдер деді. Барлық жерде, барлық жағдайда тілмен және жүрекпен зікір етіңдер деді. Мені еш ұмытпаңдар деді. «Бақара» сүресінің жүз елу екінші аятында: «Мені зікір етіңдер! Мен де сендерді зікір етемін!» делінген.

Тибяндағы хадис құдсида: «Мені зікір еткен құлыммен біргемін» делінген. Бәйһақи жеткізген хадис шәрифтерде: «Дәрежесі ең жоғары болғандар – Аллаһты зікір етушілер», «Аллаһты жақсы көрудің белгісі – Оны зікір етуді жақсы көру», «Аллаһтың зікірі – жүректердің шипасы», «Зікір [нәпіл] садақадан, оразадан қайырлырақ», «Аллаһты көп зікір еткен адамды Аллаһ жақсы көреді» делінген. Расулуллаһ әр сәтте зікір ететін еді. Тасаууф – Аллаһу та'аланы көп зікір ету деген сөз. Осындай тасаууфты жамандауға болады ма?]

Бұл жолдың ең үстем дәрежесінің Аллаһу та'алаға марифет, яғни Оны тану екендігін Аллаһ адамдары (әулиелер) бірауыздан айтқан. Бұл марифет Аллаһу та'алада жоқ болу деген сөз. Яғни Аллаһу та'аланы тану дегеніміз – тек Оның ғана бар екенін, Одан басқа барлық нәрсенің жоқ екенін түсіну деген сөз. Тасаууф – осы марифетке, осы түсінікке қолжеткізетін жол. Шумақ:

Өзіңді жоқ деп біл, кәмілдік тек қана осы,

Онда жоқ бол, қауышу дегеніміз осы!

Бұл жоқ болу «Фәна» деп аталады. Екі түрлі фәна бар: біріншісі «Фәна-и қалб», жүректің Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені ұмытуы деген сөз. Қанша тырысса да, одан басқа ештеңе есіне түспейді. Жүрек Аллаһтан басқа ештеңені білмейді және жақсы көрмейді. Фәнаның екіншісі «Фәна-и нәфс». Нәпістің фәнасы, оның жоқ болуы деген сөз. Адам өзіне мен дей алмайтын болады. Арифтың өзі де, әсері де қалмайды. Аллаһтан басқа ештеңені білмейді және жақсы көрмейді. Өзіне және басқаларға ешқандай байланысы қалмайды. Адамдарды пәлекетке жетелейтін ең үлкен у – Аллаһу та'аладан басқа нәрсеге беріліп кетуі. Осындай арифтың иманы жарқырап тұрған айна сияқты. Әр ісі Ислам дініне сай. Аллаһу та'аланың әмірлері мен тыйымдарына бағыну ариф болған адамға өте жағымды және оңай болып келеді. Бойында ужб [өз ғибадаттарын ұнату] және рия сияқты жаман мінездер мүлдем жоқ. Әр ісін, әр ғибадатын ықыласпен, яғни тек Аллаһу та'ала үшін жасайды. Нәпіс бастапқыда Аллаһу та'аланың әмірлеріне қарсы дұшпан бола тұра, енді итминанға (тәрбиеге) жетіп, момын болған. Шынайы, нағыз мұсылман болған.

Тасаууф жолында ілгерілеу өзін жоқ деп білу үшін қажет. Аллаһу та'алаға нағыз құл болу үшін қажет. Бұл жолда ілгерілеу «Сәйр» және «Сүлук» деп аталады. Бұл жолдың соңы «Фәна» және «Бәқа». Яғни Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені ұмыту және тек қана Аллаһу та'аланы бар деп білу. Фәна мен бәқаға қолжеткізген адам «Ариф» деп аталады. Адамның жасай алатын құлшылығын ариф жасай алады. Нәпістен туындаған жалқаулық, немқұрайлылық қалмайды. Тасаууф жолында болу Аллаһқа құл болудан құтылу үшін емес. Өзін басқалардан үстем қылу үшін емес. Рухтарды, періштелерді, жын мен нұрларды көру үшін емес. Бәрі көзбен көріп жүрген, дұрыс, әдемі, жағымды нәрселер жетпейтіндей, басқа нәрселер іздеудің не қадірі бар? Олар да, бұлар да, бәрі Аллаһу та'ала жаратқан болмыстар. Бәрі жоқ еді. Кейіннен жаратылған нәрселер. Аллаһу та'алаға қауышу, Оның дидарын көру тек ахиретте, жәннатта болады. Дүниеде болмайды. Осындай екендігін Әһли сүннет ғалымдары және тасаууф жолының ғұламалары (рахимә-һумуллаһу та'ала) бірауыздан айтты. Дүниеде қолжеткізілгені тек қана «Иқан». [Мұның не екендігі «Саадати Әбәдия» кітабының үшінші бөлімінде ұзақ жазылған.]

Тасаууф жолы дүниеде Исламды толықтыру үшін қажет. Ислам діні үш нәрседен құралған. Олар: ілім, амал және ықылас. Тасаууф осы үшіншісіне қолжеткізу үшін қажет. Аллаһу та'алаға жақындау, Оған қауышу, Оны көру тек ахиретте ғана болады. Сондықтан, бар күшіңізбен Мұхаммед алейһиссаламның жолын ұстаныңыз! Әмри маруф және нәхий мүнкәр жасауды әдетке айналдырыңыз! Ұмытылған сүннеттерді қайта жандандырып шығаруға тырысыңыз! [Сүннеттерді қайта жандандырғанда фитна мен бүлік шығармаңыз. Фитна шығару харам. Сүннет істеймін деп харам істеп жүрмеңіз! Шаш аламын деп бас алған боласыз!] Түстерге жүгінбеңіз. Адам өзін түсінде патша және ғұлама болғанын көрсе, не мәні бар? Бұл екі мансап ояу кезде берілсе, құнды болады. Бір адам ояу кезінде де патша болса, жер жүзіндегілердің бәрі оның қоластында болса, ұлылық болып саналады ма? Қабір және қиямет азаптарынан құтылуға жарайды ма? Ақылы бар, алдын көре алатын адам ондай нәрселерге көңілін байламайды. Аллаһу та'ала разы болған, ұнатқан нәрселерін істеуге тырысады. Фәна филлаһ дәрежесіне баруға тырысады. Жүз жетпісінші хаттың аудармасы тәмам болды.

Имам Раббани (рахметуллаһи алейһ) бірінші том, үш жүз алтыншы хатында айтады: Фәна филлаһ – масиуаны [яғни Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені, яғни Оның жақсы көрмейтіндерін] жүректің ұмытуы деген сөз. Аллаһу та'аладан басқа нәрселерге деген сүйіспеншілікті, байланысты жүректен шығару үшін фәна табу керек. Махлұқтар ұмытылса, жүректің оларға байланысы да жоқ болады. Уилаят жолында махлұқтарды жақсы көруден құтылу үшін фәна қажет. Ал Нубуввәт жолында қажет емес. Өйткені, нубуввәт жолында Аллаһу та'алаға [және Оның жақсы көргендеріне] сүйіспеншілік бар. Бұл сүйіспеншіліктің барында махлұқтарды ұмытса да, ұмытпаса да, оларға деген сүйіспеншілік бола алмайды. Махлұқтарды білу оларды жақсы көруге себеп болғандықтан жаман атануда. Махлұқтарды жақсы көру қалмаса, оларды білу, тану жаман болмайды. [Уилаят жолымен көтерілген адам үшін де осындай.]

Мұхаммед Масум (рахметуллаһи алейһ) бірінші томның 93-ші хатында айтқанындай, фәна филлаһ батында [жүректе] болады. Ариф фәнаға қолжеткізгеннен кейін де әйелін, бала-шағасын және туыстарын бұрынғыдай таниды. [Ғибадаттарды орындауда, махлұқтардың алдындағы міндеттерін, борыштарын өтеуде кемшілік жібермейді.] Жүректің білуі басқа, захирдың [ақылдың, пікірдің] білуі басқа. Жүрек көруден, білуден құтылған [яғни фәнаға қолжеткізген] кезде захирдың көруі, білуі қайтадан жалғасады.

Тасаууф жолдарының барлығы Расулуллаһтан фәйз [марифет, көмек] алуда. Сахабалардың барлығы Сол қайнардан тікелей нұр, марифет алды. Кейіннен келгендер бұл марифеттерді сахабалардан алды. Тек хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Әлиден алынған фәйздер, марифеттер ғана осы күнге дейін келді. Басқа сахабалардан келген фәйздер бірнеше ғасырдан кейінге жете алмады. Фәйз алу үшін осы фәйзге қауышқан салих адамды табу, оны жақсы көру, оның қасында жетілу керек. Уаһһаби кітабы да осының қажет екендігін айтуда. Үш жүз отыз бесінші бетінде: «Аллаһу та'аланы жақсы көруге қауыштыратын он себептің тоғызыншысы – Аллаһтың садық болған жақсы көрушілерінің қасында болу. Олардың сөздерін тыңдап пайдалану. Олардың қасында аз сөйлеу» дейді. Осындай салих құлдарға «Мүршид-и кәміл» немесе «Пір» делінеді. Табарани хабар берген және «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Барлық нәрсенің қайнары бар. Тақуалықтың қайнары – арифтердің жүректері» делінген. Дәйләми хабар берген хадис шәрифтерде: «Салихтарды еске алу күнәларды тазалайды», «Ғалымның қасында болу ғибадат» және «Ғалымның жүзіне қарау ғибадат» делінген. Мұхаммед ибн Хиббан хабар берген хадис шәрифте: «Зікір садақадан да пайдалы» делінген. Дәйләми хабар берген хадис шәрифте: «Зікір нәпіл оразадан да пайдалы» делінген. «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында «Расулуллаһ жүрген кезде әр қадамында зікір ететін еді» деп жазылған. Бұл жердегі хадис шәрифте: «Аллаһты көп зікір ету жүректі нифақтан (екі жүзділіктен) тазалайды» делінген. Дәйләми және Мунауи (рахимә-һумуллаһу та'ала) хабар берген хадис шәрифте: «Барлық аурудың шипасы бар. Жүректің шипасы – Аллаһу та'аланы зікір ету» делінген. Тасаууф – зікір ету және арифтерді еске алу, оларды жақсы көру, әрі Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жолын ұстану деген сөз. Осы және осы сияқты хадис шәрифтер мен олар шығарылған аяти карималар тасаууфты әмір етуде.

[Ибн Хиббан Шафии 354 [м.965] жылы Самарқандта қайтыс болды.]

Тасаууф жолдарының әртүрлі аталуы сауатсыздарды алдатпасын! Тасаууф жолын ұстанғандар өздеріне фәйз келуіне себеп болған пірлерінің атын айтқан, бұл есімдер тариқаттың атына айналған. Мысалы, бір мемлекетте жүздеген мектеп бар. Әр мектепте бірдей ортақ дәрістер оқылады. Бірақ, ұстаздары әртүрлі болғандықтан, білім алу түрлері де әртүрлі. Бірақ, әр мектептің түлегі ортақ білімдерге және ортақ құқықтарға ие. Әрқайсысы өмірінің соңына дейін ұстаздарын айтып мақтап жүреді. Ұстаздарының әртүрлі болуы, білім алу тәсілдерінің өзгеше болуы олардың ешқайсысына кемшілік болмайды. Тасаууф жолдарының өзгеше болуы да осындай. Бәріне Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк жүрегінен тараған фәйздер, марифеттер келген. Ұстаздарының және есімдерінің әртүрлі болуы олардың ешқайсысына кемшілік бола алмайды.

Тасаууф жолдарының басқаша аталуының себебі жетінші бөлімде де айтылған.

Иә, Ислам үкімдеріне бағынбайтын, ғибадат жасамайтын, дүниелік пайдалардың соңында жүретін, нәпістеріне, шәһуаттарына берілген жаман адамдарды Аллаһ та, құл да жақсы көрмейді. Олардың тасаууфшымын, керемет иесімін деп айтуына сенбеу керек. Бірақ, осы себеппен тасаууфты жамандамау керек. Жерге түсумен гауһардың құны жоғалып қалмайды деу керек.

Исқат пен тәлқин бидғат емес. Дініміздің әмірімен орындалғандығы «Әл-Бәсаир» және «Саадати Әбәдия» кітаптарында дәлелдерімен ұзақ жазылған. Сол жерден оқыңыз! Бұхариде, Мүслимде, Имам Ахмедтің «Мүснәдінде», Мүнауиде (рахимә-һумуллаһу та'ала) жазылған хадис шәрифте: «Өлілеріңе калима-и тәухидті тәлқин етіңдер!» делінген. Жалқаулардың, жаман адамдардың [қабірдегілерге жасалатын] исқатқа және тәлқинға сүйеніп, ғибадат жасамайтындығын, жамандық істейтіндігін айту дініміздің осы екі әмірін жамандау болып саналады. Жалқаулар мен жамандар Аллаһу та'аланың мейірімділігін, кешірімді екендігін айтып, ғибадатты тастайды, барлық жамандықты жасап, шектен шығады. Бұған не дейді екен?

Дінде барлық нәрсе түсіндірілген. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) бұл білімдерді зерттеді. Сахабалардан естігендерін, үйренгендерін кітаптарына жазды. Біз де дінімізді осы кітаптардан үйренудеміз. «Жауаби нуман» кітабының авторы бұл білімдерді бұзуға, Ислам дінін өзгертуге тырысуда. Бәрін алдау үшін аяти карималарға және хадис шәрифтерге қате, бұзылған мағыналар беруде. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұсылман аталып жүргендердің жетпіс үш топқа [ағымға] бөлінетіндігін, олардан жетпіс екісінің тозаққа түсетіндігін, тек сахабаларының жолымен жүргендердің ғана жәннатқа кіретіндігін айтты. Бұл жалғыз топ «Әһли сүннет» болған мұсылмандар. Өйткені, Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) барлық білімдерін сахабалардан алды. Әр амалдарында кітапқа және сүннетке жүгінді. «Әһли сүннет уәл жамағат» дегеніміз – Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және Оның жамағатының, яғни сахабаларының жолындағы мұсылмандар деген сөз. Әһли сүннетті жамандаудың орнына қате, адасқан жетпіс екі топты жамандағанда, дұрыс істеген болар еді. Бірақ олай істемеді. Өйткені, аяти карималарда: «Жауыз, жаман адамдар жауыздармен бірігеді» делінген. Өзі де жауыз, адасқан болғандықтан, адасқандармен бірігіп, Әһли сүннетке қарсы шықты. Бүкіл мұсылмандардың бірігуі, бауыр болуы керек. Бірақ, хақ жолда, Әһли сүннет жолында бірігу қажет. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) адасқандардың бірікпейтіндігін, жетпіс екі топқа бөлінетіндігін айтты. Мұсылмандар адаспау керек. Хақ жолға, Әһли сүннеттің дұрыс жолына келуі, хидаятқа қауышуы, адасушылықтан құтылуы қажет.

Расулуллаһ «Не істейтіндеріңді білмей қалған кездеріңде қабірдегілерден көмек сұраңдар!» деді. Сахабалардың барлығы осы хадис шәрифті ұстанып, қабри саадатты зиярат етті. Хабибуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) истиғаса етті, көмек сұрады. Осылайша мақсаттарына жетті. Расулуллаһ та (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) арашыға жүгінетін еді. Құлмен истиғаса жасайтын еді. Ибн әби Шәйба хабар бергеніндей және Мүнауидың «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылғанындай, «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қиналған кезінде сахабалардың кедейлерін арашы қылып, олардың құрметіне Аллаһу та'аладан көмек сұрайтын еді.» Осылай істегендігі Имам Раббанидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мәктубат» кітабында жазылған. Ғасырлар бойы Ислам ғалымдары да, әулиелер де, салихтар да осы хадис шәрифті ұстанды. «Жауаби нуман» кітабының авторы Ислам дінінде ондай нәрсе жоқ деп, осы және бұған ұқсас хадис шәрифтерге қарсы шығуда. Өтіріктермен, жалалармен Ислам дінін бұзуға тырысуда. Шынайы мұсылмандарға кәпір, мүшрик деуде. Аллаһу та'ала әртүрлі аяти карималарда: «Зікір етіңдер, тәсбих оқыңдар! Аллаһу әкбар деңдер» деген. Расулуллаһ та бұларды оқыған және біздің оқуымызды әмір еткен. Дәнектерден тізілген тәспіні көріп, бөгет болмады. Ал бұл адам мұсылмандықта ондай нәрсе жоқ дейді. Күнді балшықпен сылауға болмайды! Дініміз кесенелерді бұзуды әмір етті деп өтірік айтады. Сахабалар (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кесенесін бұзды ма? Бұзған жоқ. Кесенені жылап, жалбарынып зиярат етті.

Аллаһу та'ала «Пайғамбарыма бағыныңдар!» деді. Ал Расулуллаһ «Қабірдегілерден көмек сұраңдар!» деді. Дәйләми және Мүнауи хабар берген хадис шәрифте «Қабірдегілер болмаса, жер бетіндегі адамдар жанар еді» делінген.

Мұсылмандар ешқандай қабірден, ешқандай өліден ештеңе сұрамайды. Мәйіттің құрметі үшін Аллаһу та'аладан сұрайды. Аллаһу та'ала сол сүйікті құлының құрметіне сол тілегін нәсіп етіп береді. Мұсылмандар арифтің, әулиенің (рахимә-һуллаһу та'ала) рухынан фәйз және марифет сұрайды. Осылайша, сол әулиенің руханиятынан фәйз алады, пайдаланады. Осылай рухтардан пайдаланып, әулие болғандарға «Увәйси» делінеді. Мұсылмандар дүние жұмыстары үшін әрі еңбектенеді, технологияда дамиды. Әрі Аллаһу та'алаға дұға етеді, жалбарынып, көмек сұрайды.