Сұрақ: Фиқһ ғылымы деген не, бұл ғылымның негізі қандай, нені үйретеді, бұл ғылымның қайнары, бөлімдері қандай, бұл білімдер қайдан алынады?
Жауап: Бұл туралы «Мәжмуа-и Зухдия» кітабында былай жазылған:
«Фиқһ сөзі араб тілінде «фәқиһа», «йәфқаһу» түрінде айтылғанда, яғни төртінші бабтан болғанда «Білу, ұғыну» деген мағынаны береді. Бесінші бабтан болса, «Ислам дінінің үкімдерін білу, түсіну» деген сөз. Ахками Исламияны, Ислам дінінің үкімдерін үйрететін ғылымға «Фиқһ ғылымы» деген атау берілді. Фиқһ білімдерін білетін адамға «Фақиһ» делінеді. Фиқһ ғылымы адамдардың істеуі және істемеуі керек болған іс-әрекеттерді үйретеді. Хадис шәрифте:
«Ғибадаттардың абзалы, ең құндысы – фиқһ үйрену және үйрету» делінген.
Фиқһ білімдері Құран кәрімнен, хадис шәрифтерден, ижма-и үмметтен және қиястан бастау алады. Фиқһ білімінің осы төрт қайнаркөзі «Әдиллә-и шәрия» (шараиаттың дәлелдері) деп аталады. Фиқһ ғылымы өте ауқымды. Бәрі төрт үлкен бөлімнен тұрады:
1) Ғибадат, беске бөлінеді: Намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару, діннің әмірлері мен тыйымдарын жаю. Әрқайсысының тармақтары көп.
2) Мунакахат: Үйлену, ажырасу, напақа және т.б. тармақтары бар.
3) Муамәләт: Сауда-саттық, жалға алу, серіктестік, пайыз, мирас сияқты көптеген бөлімдері бар.
4) Уқубат: Жазалар, негізгі бес бөлімнен тұрады. Қысас (өш алу), сирқат (ұрылық), зина, қазф (тартып алу), риддәт, яғни діннен шығу жазалары.»
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Фиқһ үйрену әр мұсылманға парыз. Фиқһ үйреніңдер және үйретіңдер, сауатсыз болып өлмеңдер!» (И.Мәуәрди)
«Ғибадаттардың ең құндысы – фиқһ үйрену және үйрету.» (Ибн Абдибәрр)
«Әр нәрсенің сүйенетін тірегі болады. Діннің негізгі тірегі – фиқһ ғылымы.» (Бәйһақи)
«Ғалымдардың ең қайырлысы – фақиһтер.» (И.Мәуәрди)
«Аллаһ кімге жақсылық жасағысы келсе, ол құлын фақиһ қылады.» (Бұхари)
«Фиқһты білместен ғибадат еткен адам қараңғы түнде қисық ғимарат соғып, оны түзету үшін күндіз құлатқан адамға ұқсайды.» (Дәйләми)
«Хикметсіз жүрек қаусаған үй сияқты. Олай болса, үйреніңдер, үйретіңдер. Фиқһ үйреніңдер, сауатсыз болып өлмеңдер. Өйткені, Аллаһу та'ала сауатсыздыққа сылтау қабыл етпейді.» (И.Сүнни)
«Аллаһ алдында ең үстем адам – фақиһ.» (М.Зухдия)
«Аз фиқһ көп ғибадаттан жақсы. Ықыласпен ғибадат жасаған адамға фиқһ үйрену нәсіп болады.» (Табарани)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024