УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (27)

27) «Фәтх-ул-мәжид» кітабының авторы төрт жүз сексен алтыншы бетінде де ақиқатты жазуға мәжбүр болыпты. Әбу Даудтың Әбу Хурайрадан (радиаллаһу анһ) жеткізген «Үйлеріңді мазарға айналдырмаңдар! Қабірімді мереке орны қылмаңдар! Маған салауат айтыңдар! Қай жерде салауат айтсаңдар да, маған білдіріледі» хадис шәрифін жазған.

Өзінің қате сенімдерін дәлелдеу мақсатымен жазған бұл хадис шәрифі пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәссәләм) қабірлерінде тірі екендігін көрсетуде. Өйткені сөз (сәлем) тірі болған адамға білдіріледі.