«Имам» – сөздікте жетекші, көсем, жолбасшы деген мағыналарды береді. Білімде озат болған адамға имам делінуімен қатар, намаз оқытқан адамға да, жамағаттың алдында тұрғандықтан «Имам» делінеді. Исламның алғашқы ғасырларында мемлекетті басқарғандарға да «Имам» делінетін еді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тегінен болып, білім, тақуалық, мінез-құлық, батылдық, тек жағынан заманындағы адамдардың ең үстемдері болған биік тұлғалар он екі мүбәрәк кісіге «Он екі имам» делінеді.
Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үш түрлі міндеті бар еді. Солардың бірі, Құран кәрімнің рухани үкімдерін, яғни Аллаһу та'аланың заты мен сипатына қатысты марифаттарды, жоғары білімдерді тек үмбетінің жоғары дәрежелі болғандарының ғана жүректеріне өткізу еді. Пайғамбарымыздан және төрт халифасынан кейін бұл міндетті «Он екі имам» және басқа тасаууф ғұламалары атқарды. Он екі имамда пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қаны бар. Оларды қадірлеу, құрметтеу әр мұсылманның міндеті.
Ол мүбәрәк кісілер ретімен төмендегідей:
1) Әли бин Әби Талиб: Расулуллаһтың көкесі Әбу Талибтың ұлы және сүйікті пайғамбарымыздың күйеу баласы. Яғни хазреті Фатиманың күйеуі. Ислам халифаларының және жәннатпен сүйіншіленген он кісінің төртіншісі. 661 жылы Ибн Мүлжәм тарапынан шәһид етілді.
2) Хасан бин Әли: Расулуллаһтың қызы хазреті Фатиманың ұлы. Хижреттің үшінші жылы Мәдинада туылды. 669 жылы Мәдинада қайтыс болды. Әкесі хазреті Әлидің қайтыс болуына орай орнына халифа болғанымен, жеті айдан кейін халифалықты хазреті Муауияға берді. Оның ұрпағына «Шәриф» делінеді.
3) Хусейн бин Әли: Расулуллаһтың немересі және хазреті Әлидің хазреті Фатимадан туылған екінші ұлы. Хижреттің алтыншы жылы туылды. 660 жылы Кербелада шәһид болды. Оның ұрпағына «Сәйид» делінеді.
4) Зәйнәл абидин бин Хусейн: Хазреті Хусейннің ұлы, Мұхаммед Бақырдың әкесі. 713 жылы Мәдина әкімі Осман бин Хайян тарапынан у беріліп шәһид етілді.
5) Мұхаммед Бақыр: Зәйнәл абидиннің ұлы, Жафәр Садықтың әкесі. 732 жылы қайтыс болды. Мәдинада Бақи мазарында әкесінің жанында жерленген.
6) Жафәр Садық: Мұхаммед Бақырдың ұлы және Мұса Казымның әкесі. 765 жылы Мәдинада қайтыс болды. Имам Ағзам Әбу Ханифа және химик Жабир оның шәкірттері еді.
7) Мұса Казым: Жафәр Садықтың ұлы, Имам Әли Ризаның әкесі. 796 жылы Бағдадта қайтыс болды. Қабірі Кадхимия (Бағдад) қаласында.
8) Әли Риза: Мұса Казымның ұлы және Мұхаммед Жауад Тақидың әкесі. 818 жылы Тус, яғни Мешхед қаласында қайтыс болды.
9) Мұхаммед Жауад Тақи: Әли Ризаның ұлы, Әли Нақидың әкесі. Лақап аты Хади. 835 жылы Бағдадта қайтыс болды.
10) Әли Нақи: Имам Мұхаммед Жауад Тақидың ұлы және Хасан бин Әскери Зекидің әкесі. 868 жылы Бағдадтың Самарра аумағында қайтыс болды.
11) Хасан бин Әли Әскери Зеки: Әли Нақидың ұлы, Мұхаммед Мәһдидің әкесі. 875 жылы қайтыс болды.
12) Мұхаммед Мәһди: Хасан бин Әскери Зекидің ұлы, Самарра қаласында қайтыс болды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024