Хазреті Нұх пайғамбар және топан

Сұрақ: Нұх алейһиссаламға адамзаттың екінші атасы делінуінің себебі не?

Жауап: Нұх алейһиссаламның заманында топан болып, бүкіл әлемді су басты. Жер жүзіндегі адамдар мен жануарлардың барлығы суда батты. Бірақ Нұх алейһиссаламмен кемеде бірге болған мүминдер құтылды. Нұх алейһиссалам кемеге мінерде әр жануардан бір-бір жұп алғандықтан, жануарлар да солардан тарады.

Нұх алейһиссаламның кемесінде үш баласы бар еді: Сам, Яфес және Хам. Қазір жер жүзіндегі адамдардың бәрі осы үшеуінің ұрпағы саналады. Сондықтан Нұх алейһиссаламға екінші ата делінеді.

 

Сұрақ: Нұх алейһиссаламның хикаясын айтып бересіз бе?

Жауап: «Худ» сүресіндегі хазреті Нұх пайғамбардың хикаясының қысқартылған нұсқасы мынадай:

Хазреті Нұх қауымына айтты:

- Мен сендерге айқын ескертушімін. Аллаһтан басқасына құлшылық жасамаңдар!

Қарсы шығушылардың алдыңғы қатарындағылары айтты:

- Сен де біз сияқты адамсың. Сенің бізден үстемдігің жоқ. Сен өтірік айтып жатырсың. Оның үстіне, саған ергендер – төменгі қабаттағы қара халық.

- Ей, қауымым! Раббым маған пайғамбарлық берген болса, не дейсіңдер?

- Жоқ, ей, Нұх! Сен бізбен қақтығысуда шектен шықтың. Пайғамбар болсаң, сөзің рас болса, онда қорқытқан азаптарыңды алып кел!

- Аллаһ қалайтын болса, бәле-жала жібереді. Ол бәле-жала жіберуден әлсіз емес.

Аллаһу та'ала хазреті Нұхқа кеме жасауын бұйырып, «Саған сенгендерден басқа барлығы суда батады» деді. Теңізден алыс, ауылдық жерде кемені соғып жатқанда қарсы шығушылар қасына келген сайын мазақтап тұрды. Кеме үш қабатты болып жасалды. Жоғарғы қабатқа сенгендер, екінші қабатқа үй жануарлары, ал төменгі қабатта жабайы жануарлар орналастырылды.

Аллаһтың бұйрығы келді. Бу кемесі (пароход) жұмыс істей бастағанда жартысы еркек, жартысы әйел болып 72 мүмин және әр жыныстан бір-бір жұп жануар кемеге мінді. Кеме таудай толқындар арасында оларды алып бара жатқанда хазреті Нұх таудың үстіне өрмелеп бара жатқан баласы Кенанды көріп, оған айтты:

- Ей, балам, бізбен бірге жүр, кәпірлерден болма!

- Жоқ, мен таудың үстіне шығып, құтылып қаламын.

- Бүгін мүмин болмағандар құтыла алмайды.

Осы кезде араларына үлкен толқын кіріп, баласы суға батып кетті.

Алты айдай судың үстінде қалғаннан кейін жерге «Суыңды жұт», ал аспанға «Суыңды тұт (ұста)» делінді. Су тартылды, кеме Жуди тауының үстіне орналасты. (Нұх алейһиссалам 50 жасында пайғамбар болды. 950 жыл бойы қауымына насихат етті. Топаннан кейін 50 жыл өмір сүрді.)

Хазреті Нұх дұғада айтты:

- Йа, Раббым, менің отбасым мүшелерін құтқаратын едің. Сенің уәдең хақ. Сен уәдеңнен қайтпайсың. Менің балам суға батты.

- Ей, Нұх! Ол балаң жаман іс істегендіктен, сенің отбасыңнан саналмайды. Сенің жанұяңдағылардың бәрін құтқардым.

Көрініп тұрғанындай, мұсылманның дінсіз баласы оның жанұясынан саналмайды. Дінсізге мирас та ажыратылмайды. Мұсылманның баласы болса да, парыздарға, мысалы намазға мән бермейтін, күнә істегенде өкінбейтін адам мүртәд болады (діннен шығады), мұсылманнан мирас ала алмайды. Әкесі иемденбеген уәләди зина (зинадан туылған бала) әкесіне мирасқор бола алмайды. (Рәддул мухтар)

 

Хазреті Нұхтың кемесі

Сұрақ: Нұхтың кемесіне 6 миллион жануардың түрі, әр түрден бір-бір жұп қалай сыйып кетті?

Жауап: Ол жануар түрлерінің ішінде бит, бүрге, шыбын-шіркей сияқты кішкентай жәндіктер басым еді. Үлкен жануарлар – біз білетін жануарлар. Олардың саны жүзден аспайды. Кеме өте үлкен еді, айлар бойы, тіпті жылдар бойы құрастырылды. 6 емес, 12 миллион жануар түрі де сыйып кететіндей үлкен еді. Аллаһу та'аланың құдіретіне күмән келтіруге болмайды.

 

Сұрақ: Топаннан кейін бүкіл адамдар тек қана хазреті Нұхтың балаларынан тарады ма?

Жауап: Иә, тек қана хазреті Нұхтың балаларынан тарады.

 

Сұрақ: Нұх пайғамбар заманында жер бетін толықтай су басты ма, бәрі жойылып кетті ме?

Жауап: Нұх алейһиссалам заманында топан болып, бүкіл әлемді су басты. Жер жүзіндегі адамдар мен жануарлардың барлығы батты. Бірақ Нұх алейһиссаламмен кемеде бірге болған мүминдер құтылды. Нұх алейһиссалам кемеге мінерде әр жануардан бір-бір жұптан алғандықтан, жануарлар да солардан тарады. Нұх алейһиссаламның кемеде Сам, Яфес және Хам деген үш баласы бар еді. Қазір жер жүзіндегі адамдар осы үш баласының ұрпағы. Сондықтан да Нұх алейһиссаламға адамзаттың «Екінші атасы» делінеді.