Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алғашқы уахи 610 жылы Рамазан айында келді. Расулуллаһ алейһиссалам қырық жас шамасында болғанда Мекке маңындағы Хира тауындағы үңгірге кіріп, ойға шомып отырған еді. Рамазан айының Қадір түнінде түннің екінші жартысында Оны мүбәрәк есімімен шақырған бір дауыс естіді. Басын көтеріп, айналаға қарады. Екінші рет осы дауысты естігенде жан-жақты нұрдың қаптағанын көрді. Кейін Жәбрейіл алейһиссалам алдынан шықты және «Иқра», яғни «Оқы!» деді. Расулуллаһ «Мен оқуды білмеймін» деп жауап берді. Сол кезде періште Оны ұстап, шыдай алғанша қысты да, қайтадан «Оқы!» деді. Тағы да «Мен оқуды білмеймін» дегенде үшінші рет қайтадан қысты. Кейін жіберді. «Оқы» дегені – естігендеріңді қайтала деген сөз еді. «Барлық нәрсені жаратқан Раббыңның есімімен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан (эмбрионнан) жаратты! Оқы, Аллаһу та'ала үлкен кәрім иесі. Ол қаламмен үйретеді, білмегендіріңді үйретеді» деген «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяти каримасын түсірді.
Алғашқы уахи және Құран кәрімнің келе бастауы осылай орын алған еді. Расулуллаһтың бүкіл өмірі бойынша, қайтыс болуына аз уақыт қалғанға дейін, әсте-әсте әртүрлі жолдармен жалғасты. Осылайша Құран кәрімнің 94-ші сүресі болған «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты – ең алғаш түскен аяттар болды. Ең соңғы аяты Расулуллаһқа «Қоштасу қажылығында» түсті. Бұл аяти кариманың мағынасы мынадай: «Бүгін діндеріңді сендерге толық қылдым. Сендерге деген ниғметімді тәмәмдадым және сендерге дін ретінде Исламды берумен разы болдым.» (Маида 3)
Құран кәрім тәртіпті түрде белгілі реттілікпен емес, қажетіне қарай және жағдайларға байланысты аят-аят болып, кейде сүре-сүре болып уахи етілді. Жиырма үш жылда толықтанды. Пайғамбарымыз өзіне келген уахиды жаттап алатын және мүлдем ұмытпайтын еді.
Расулуллаһ алейһиссалам өзіне уахимен келген аяттарды сахабаларға оқитын, олар да жаттап алатын. Келген аяттарды уахи жазушыларына жаздырып, әр аяти кариманың қай сүреге жазылатынын хабарлайтын. Жәбрейіл алейһиссалам әр жылы бір рет келіп, сол кезге дейін түскен Құран кәрімді Ләух-и махфуздағы реті бойынша оқитын, пайғамбарымыз тыңдап қайталайтын еді. Ахиретке көшетін жылы екі рет келіп, толықтай оқып шықты.
Пайғамбарымыздың қайтыс болуынан кейін хазреті Әбу Бәкірдің халифалығы дәуірінде орын алған Йәмама соғысында жетпістен астам қурра (хафыз, Құранды жатқа білетіндер) шәһид болғанда хазреті Омардың кеңесімен, хазреті Әбу Бәкірдің бұйрығымен, Зәйд бин Сабиттің басқаруында үлкен алқа тарапынан Құран кәрім беттері бір жерге жинақталды. Хазреті Әбу Бәкір бұл алқаға бүкіл Құран кәрімді қағаз бетіне жазғызды. Осылайша алғашқы Құран кітабы пайда болды...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024