Қажылықта ауырып қалмау үшін

Сұрақ: Қажылықта ауырып қалмау үшін не істеуімізге кеңес бересіз?

Жауап:

1) Тазалыққа аса мән берген жөн, тамақтануға дейін және кейін қол жуу керек.

2) Терлегеннен кейін, мүмкін болса, душ қабылдаған жөн.

3) Іш киімді жиі-жиі ауыстырып тұру керек.

4) Баратын және қалатын жерлерде де тазалыққа көп мән беру керек.

5) Ыстықта бұзылатын азық-түліктер апармаған жөн.

6) Ашық түрде сатылатын тағамдарды алмау керек.

7) Көп лимон алып баруға болады.

8) Майлы және ауыр тағамдардан сақтанған жөн.

9) Айран – өте жақсы азық. Шөлді басу үшін тұз қосылған шалап ішу керек.

10) Дайын шырындар мен сүт алып жүрген жақсы болады.

11) Дайын бұлақ суын таңдаған жөн. Бұлақ суы болмаса, хлорланған су ішу керек.

12) Терлегендегі су мен тұздың шығыны, әсіресе жүрек пен қан тамыры ауыратын науқастарға қауіпті. Бұл жағдайда тұз қосылған айран және су ішу керек. (Бір литрге жарты шай қасығы тұз қосу жеткілікті болады.) Іш өткенде де тұзды су ішу керек.

13) Іш өтіп ауырғанда кезкелген дәріні ішудің орнына дәрігер кеңес берген дұрыс дәрі ішкен жөн.

14) Көп терлеу зиянды. Тұзды су және тұз қосылған айран ішу керек. Лимонат және лимон қосылған шай да жақсы келеді.

15) Жұқа және мақта-мата (х/б) киім киген жақсы болады.

16) Терлегеннен кейін киімді жиі-жиі ауыстыру қажет.

17) Өтпе желде (сквозняк) қалмауға тырысу керек.

18) Бас айналуы, бастың қатты ауруы, жүрек қағысының артуы, дем жетпеуі, ыстық көтерілу, көздің қараюы сияқты жағдайлар байқалғанда дереу салқын жерге бару керек.

19) Күн астында көп қалмау керек. (Әсіресе сәске уақытынан бастап екіндіге дейін.)

20) Көшеге кешке шыққан жөн.

21) Күн астында жүргенде қолшатыр қолдану қажет.

22) Қатты ыстықтан қатты суық жерге кірмеуге тырысу керек.

23) Кондиционер сияқты суыту құралдарын пайдаланған жақсы.

 

Шаршау

Қатты шаршамау керек. Қатты шаршау қауіпті болуы мүмкін. Нәпілдерді орындаймын деп парыздан да мақрұм қалмау керек. Ауру, кәрілік және адамның көптігі сияқты үзірмен (кешірімді себеппен) уәжіптер орындалмаса, ештеңе істеу қажет болмайды. Уәкілге жасату керек болмайды.

 

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері былай деген:

1) Зәмзәм суды әр ішкенде қабырғалар ісініп кеткенге дейін ішу керек.

2) Шаршап қалмау үшін баратын жерлерге көлікпен бару қажет.

3) Ұйқыны қандыру керек, сонда ғибадаттар толық орындалады.

4) Сулы нәрселер жемеу керек. Зәйтүн және қызанақ қосылған палау жеген жөн.

5) Зәмзәмнің жалғыз өзін ішу керек, тіпті тағамдарда да қолданбаған жөн.