Сұрақ: Ораза жаз айларына сәйкес келгенде адамдар қиналып ораза ұстайды. Оразаның уақытында және кейпінде өзгеріс жасауға болмайды ма?
Жауап: Ораза – Құран кәрімде әртүрлі аяти карималар арқылы мұсылман, ақылды және балиғатқа толған еркек-әйел бәріне айқын парыз етілген ғибадат.
Ислам діні Аллаһу та'аланың бұйрықтары мен тыйымдарының үстіне құрылған. Осы бұйрық пен тыйымдарды ешкімнің сөзі өзгерте алмайды. Не әмір етілген және қалай әмір етілген болса, ол ғибадат солай орындалады. Ораза ғибадатының да түрі, уақыты, қалай орындалатыны анық көрсетілген. Оразаның түрін, уақытын өзгертуге ешкімнің шамасы жетпейді. Ислам діні христиан діні сияқты емес. Христиан діні бұзылғандықтан, оны әркім қалағанындай өзгертті.
Мұсылман өзін Аллаһу та'аланың әлсіз құлы деп біледі. Ал Аллаһу та'аланы барлық болмыстың жаратушысы, иесі және ризық берушісі ретінде біліп, солай сенеді. Сондықтан Аллаһу та'аланың бұйрығымен әрекет етіп, өмірін соған қарай қалыптастырады. Бұл намыстанатын нәрсе емес, керісінше мақтанатын жағдай. Өйткені жаратушысының разылығына сай әрекет етуде, Оған құл болуға тырысуда. Аллаһу та'алаға құлшылық етуден бет бұру тәкәппар, жаман адамдардың ісі.
Мұсылмандыққа қарсы дереккөздерге сүйеніп, мұсылмандардың ораза ғибадатына тиісетіндердің кейбірлері:
«Бір ай бойы, әсіресе жаздың күндерінде күндіз ішіп-жемей, керісінше түнде ішіп-жеу денсаулыққа зиянды болып, түрлі аурулардың шығуына себеп болатындығы маман дәрігерлер тарапынан мәлімденген» дейді.
Осылай айтып жүрген және жазғандардың бұл сөздері мен жазбалары дұрыс емес. Шындықтың терісін айту болып, жалаға жатады. Өйткені оразаның әдептерінің бірі – ауызашар уақытында асқазанды қатты толтырмай, әлі тәбеті бар кезде тамақтануды тоқтату. Бұл әдепті ұстанатындардың ауру болуы былай тұрсын, керісінше денсаулық табатыны барлық дәрігерлер тарапынан бірауыздан айтылған.
Ораза – Аллаһу та'ала әмір еткен ғибадат. Қалай әмір етілген болса, сол күйде орындалады. Бесін намазы түсте, екінді намазы екінді уақытында парыз болғанындай, парыз болған оразаның уақыты да Рамазан айы. Бес уақыт намаздың, қажылықтың, оразаның уақыттары және орындалу түрлері ешқандай түрде өзгермейді және өзгертіле алмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024