Сұрақ: Ораза айы болған Рамазанның басқа айлардан үстемдігі, ерекшелігі, құндылығы қандай?
Жауап: Исламның бес шартының төртіншісі – қасиетті Рамазан айында күнде ораза ұстау. Ораза хижреттен 18 айдан кейін шабан айының оныншы күні Бәдір соғысынан бір ай бұрын парыз болды. Рамазан – жану деген сөз. Өйткені бұл айда ораза ұстаған және тәубе еткен адамдардың күнәлары жанады, жоқ болады. Салман Фариси хазреттері Расулуллаһтың шабан айының соңғы күні хұтбада былай дегенін хабар берген:
«Ей, мұсылмандар! Сендерге сондай бір ай көлеңкесін түсірмекші, бұл айдағы бір түн – Қадір түні мың айдан да пайдалы. Аллаһу та'ала бұл айда әр күні ораза ұстауды әмір етті. Бұл айда түндерде тарауих намазын оқу да сүннет. Бұл айда Аллаһ үшін аздаған жақсылық жасау басқа айларда парыз орындағандай болады. Бұл айда бір парызды орындау басқа айда жетпіс парыз орындау сияқты. Бұл ай – сабыр айы. Сабыр етушінің баратын жері – жәннат. Бұл ай – жақсы қарым-қатынас айы. Бұл айда мүминдердің ризығы артады. Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Аллаһу та'ала оны тозақ отынан азат етеді. Сол ораза ұстаған кісінің сауабындай оған да сауап беріледі.» Сонда сахабалар:
«Йа, Расулаллаһ! Біз бәріміз ораза ұстаған кісіге ауызашар беретіндей, оны тойдыратындай бай емеспіз» дегенде Расулуллаһ алейһиссалам:
«Бір құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ауыз ашқызғанға да, біраз сүт ұсынған адамға да осы сауап беріледі. Бұл ай сондай ай, алғашқы күндері рахмет (мейірім), ортасы кешірім, соңы тозақтан азат болу. Бұл айда қоластындағыларының жұмысын жеңілдеткендерді Аллаһу та'ала кешіріп, тозақ отынан құтқарады. Бұл айда төрт амалды көп істеңдер! Олардың екеуін Аллаһу та'ала қатты жақсы көреді. Олар: калима-и шаһадат айту және истиғфар ету. Ал қалған екеуін онсыз да әрдайым істеуіміз керек. Олар: Аллаһу та'аладан жәннатты сұрау және тозақ отынан Оған сыйыну. Бұл айда ораза ұстаған бір кісіге су берген адам қиямет күні сусыз қалмайды» деді.
Сұрақ: Рамазан айы келгенде шайтандар адамдарға тиіспейді ме?
Жауап: Иә, тиіспейді. Өйткені Бұхариде өткен хадис шәрифте:
«Рамазан айы келгенде жәннат есіктері ашылады. Тозақ есіктері жабылып, шайтандар байланады» делінген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024