Садақа берудің маңызы
Сұрақ: Садақа берудің маңызы не?
Жауап: Аллаһ разылығы үшін жасалатын материалдық және рухани көмек, жақсылықтарды садақа деп атайды. Шайтан бергізгісі келмесе де садақа беру керек. Бір аяти кәримада былай делінеді:
«Шайтан сендерді (Аллаһ жолындағы қайырымдылықтарыңа) кедей боп қаласың деп қорқытады және (садақа бермеулеріңді) әмір етеді.» (Бақара 268)
Садақаның пайдалары туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмекке ашық болыңдар дұғаларың қабыл болады.» (Ибн Мажә)
«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәлені қайтарады.» (Байхаки)
«Ілімділер ілімінен, мал-мүлкі барлар мүлкінен садақа берсін.» (Ибни Сүнни)
«Жақсылық өмірді ұзартады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды.» (Табарани)
«Садақа кібірді жояды» (Тирмизи)
«Садақа берген адамның ризығы көбейеді және дұғасы қабыл болады!» (Ибн Мажә)
«Садақа беруге кедергі болған адамға лағынет болсын.» (Исфахани)
«Садақа қабір азабынан қорғайды. Қияметте қамқорлығына алады.» (Байхаки)
«Садақамен қиыншылықтардың алдын алыңдар.» (Дәйләми)
«Судың отты сөндіргеніндей садақа да күнәларды жояды.» (Тирмизи)
«Уаллаһи садақа берумен мал азаймайды. Олай болса садақа беріңдер!» (И. Ахмед)
«Садақа дүние-мүлкті көбейтеді. Олай болса садақа беріңдер» (Ибни Әбиддүнийа)
«Садақа 70 түрлі бәленің алдын алады. Бұлардың ең жеңілі алапес ауруы» (Хатиб)
«Садақа шайтанның белін сындырады.» (Дәйләми)
«Жасырын берілген садақа Аллаһтың ашуын сөндіреді.» (Байхаки)
«Аллаһ разылығы үшін садақа берген адамға қияметте Аллаһу та’ала “Ей құлым, сен менің разылығымды көздедің, мен сені масқара етпеймін және денеңді жаһаннамға харам етемін. Қане жаннатқа қалаған есігіңнен кір” деп бұйырады.» (Дәйләми)
«Аз да болса садақа беріңдер. Ақшасын сақтап бермеген адамнан Аллаһу та’ала ихсанын кеседі (мейірімін үзеді)» (Муслим)
«Ризығының көп болуын қалаған адам садақа берсін.» (Дәйләми)
«Садақа беріп ризықтарыңды көбейтіңдер.» (Бәйхаки)
«Садақа мал-мүлікті көбейтеді.» (Ибни Ади)
«Садақа беруде асығыңдар, өйткені бәле садақадан асып өте алмайды.» (Табарани, Байхаки)
«Садақа беріңдер. Өйткені садақа жаһаннамнан құтылуларыңа себеп болады.» (Табарани)
«Бір дана құрма да болса садақа ретінде беріңдер, өйткені ол аз да болса аштықты кетіреді және судың отты сөндіргені секілді күнәларды жояды.» (Ибни Мүбәрәк)
«Күнді бастағанда садақа беру пәлекеттердің алдын алады.» (Дәйләми)
«Садақа нәпіл ораза тұтудан да құнды.» (Байхаки)
«Сауабын мұсылман әке-шешесіне бағыштап берілген садақаның сауабы оларға да барады, өз сауабынан да ешнәрсе азаймайды.» (Табарани)
«Садақа ретінде берілген бір үзім
нан Аллаһу та’аланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді.»
(Табарани)
Садақа беру
Сұрақ: Мұсылмандар күнде садақа беруі тиіс екен. Беретін нәрсе таппағандар не істейді?
Жауап: Расулуллаһ алейһиссаламмен сахабаларының арасында мынадай сөз қозғалады. Пайғамбарымыз:
- Әрбір мұсылманның садақа беруі тиіс,- дейді.
- Йа Расулаллаһ! Беретін нәрсе таппағандар не істейді?
- Еңбектеніп табыс табады және садақа береді.
- Істейтін жұмыс табылмаса ше?
- Көмекке мұқтаж кісіге қандай да бір көмек береді.
- Көмекке мұқтаж кісі табылмаса ше?
- Кез келген бір жақсылық жасауы (мал-мүлкім болғанда мен де садақа берер едім деу, біреуге жол көрсету, жолдағы кедергілерді алып тастау, өлімді еске алу, басқаға зиян тигізуден сақтану, ілім үйрену және үйрету секілді) ол үшін садақа болып табылады. (Бұхари, Муслим, Нәсаи)
Кімге беру керек
Ілім беріліп жатқан жерлерге зекет, пітір, атау (нәзір), ақиқа және садақа ретінде берілген көмек адамды апаттардан, бәлелерден қорғайды. Дүниеде сау-саламатты өмір сүруге себеп болады. Сондай-ақ парыз болған жихад және ілімді тарату сауабына да қауыштырады. Осылайша жәрдем еткен адам дүниеде де, ақыретте де үлкен ниғметтерге қауышқан болады. Ілімді таратудың сауабын пайғамбарымыз былай білдірген:
«Бүкіл ғибадаттарға берілген сауап, Аллаһ жолындағы жихадқа берілген сауаптың қасында, теңіздің жанындағы бір тамшы судай. Ал жихад сауабы әмри маруф және нахии мункар (діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету) сауабының қасында теңіз жанындағы бір тамшы судай.» (Дәйләми)
Садақаның түрлері
Сұрақ: Не істесе садақа болады?
Жауап: Аллах разылығы үшін жасалған әрбір жақсылық садақа болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Өзіне және бала-шағасына жұмсағандарының бәрі – садақа.» (Байхаки)
«Әрбір жақсылық – садақа.» (Тирмизи)
«Жақсы сөз – садақа.» (И. Ахмед)
«Жылы жүзбен сәлем беру – садақа.» (Байхаки)
«Дін бауырына жылы жүзділік таныту – садақа.» (Тирмизи)
«Бір ағаштан желінген немесе ұрланған нәрселер, сол ағашты отырғызған адам үшін садақа болады.» (Муслим)
«Біреуге жақсы нәрселерді үйрету, жамандықтан тыю, сұрағанға жол көрсету, көшедегі зиянды нәрселерді тазалау садақа болады.» (Тирмизи)
«Әркімнің буын мөлшеріндей садақа беруі тиіс. Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ, Лә иләһә иллаллаһ немесе Аллаһу әкбар деп айту да садақа. Жақсылыққа үндеу, жамандықтан тыю да садақа. Екі рәкат құшлық намазын оқу болса, осылардың барлығын қамтиды.» (Муслим)
«Әмри маруф пен нахии мункар жасау – садақа.» (Муслим)
«Науқастың тыныс алуы – садақа.» (Хатиб)
«Мешітке бара жатып басқан әрбір қадам – садақа.» (И. Ахмед)
«Өлімді еске алу – садақа.» (Дәйләми)
«Қарыздар кедейге қарызын қайтару үшін уақыт берген адамның әрбір күні садақа.» (Табарани)
«Жолынан адасқанға жол көрсету – садақа.» (Ж. Сағир)
«Жұбайына қызмет ету – садақа.» (Дәйләми)
«Ерлі-зайыптылардың бірге болуы – садақа.» (Муслим)
«Харамнан сақтанатын адаммен кеңесу – садақа.» (Дәйләми)
«Жамандық жасаудан сақтану – садақа.» (Ибни Әбиддүнийа)
«Қарыз беру – садақа.» (Табарани)
«Салем беру – садақа.» (Бұхари)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024