Сұрақ: Рамазан айында ораза ұстаған адамның өткен күнәларының кешірілетіндігін оқып қалдым, мұның шарттары бар ма, қалай кешіріледі?
Жауап: «Сахих Бұхари»-дегі хадис шәрифте былай делінеді: «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстауды парыз деп біліп, міндет деп біліп, оразаның сауабын Аллаһу та'аладан күтсе, өткен күнәлары кешіріледі.» Демек, оразаның Аллаһтың бұйрығы екеніне сену және сауабын күту керек. Күннің ұзақ болуына және ораза ұстаудың қиын екеніне шағымданбау шарт. Күннің ұзақ болуын, ораза ұстамағандардың арасында қиналып ораза ұстауды керісінше үлкен мүмкіншілік және ғанибет деп білу керек.
Хафыз (яғни хадис ғалымы) Абдулазим Мүнзири «Әттәрғиб уәттәрхиб» кітабында және хафыз Ахмед Бәйһақи «Сүнән» кітабында Жабир бин Абдуллаһтан (радиаллаһу та'ала анһ) хабар берген бір хадис шәрифтерінде: «Аллаһу та'ала менің үмбетіме Рамазан айында бес нәрсе нәсіп етеді, бұларды ешқандай пайғамбарға бермеген:
1) Рамазанның бірінші түні Аллаһу та'ала мүминдерге мейірім етеді. Мейіріммен қараған құлына ешқашан азап бермейді.
2) Ауызашар уақытында ораза ұстаған кісінің ауыз иісі Аллаһу та'алаға барлық иістерден де жағымды болады.
3) Періштелер Рамазанның әр түні мен күнінде ораза ұстағандардың кешірілуін тілеп дұға етеді.
4) Аллаһу та'ала ораза ұстағандарға ахиретте беру үшін Рамазан айында жәннаттан орын ажыратады.
5) Рамазанның соңғы күнінде ораза ұстаған мүминдердің барлығын кешіреді» деген. (С.Әбәдия, 313-бет)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024