Бүкіл жамандықтардың басы

Бүкіл жамандықтардың басы, негізі арақ екендігі аяти кәрима және хадис шәрифтерде білдірілген. Хақ та’ала Құран кәрімде «Ей иман келтіргендер! Арақ, құмар, табынушылыққа тігілген тастар (пұттар), пал ашу оқтары шайтанның амалынан саналатын нәжістер. Сондықтан  құтылу үшін бұлардан сақтаныңдар!» деп бұйырылады. (Маида 90)

 

            Хадис шәрифтерде де спиртті ішімдіктер қатаң түрде жамандалған. Ислам ғалымдары спиртті ішімдіктердің зияндарын былай білдірген:

            Арақ ішкен адам жындының бір түріне айналады. Адамдардың күліп, мазақ етуіне себепші болады. Айналасындағы адамдардың алдында қадірі қалмайды. Адамның ұятын, ар-намысын жояды. Өйткені хадис шәрифте: «Арақ ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған жолдас болады, әр түрлі жамандыққа жол ашады және жақсылыққа тосқауыл болады.» делінген.

 

            Спиртті ішімдік адамның ақыл-есіне де, қалтасына да зиянды болып табылады. Ақшаның жаман жолға жаратылып, рәсуа болуына себеп болатыны секілді, ақыл-естің де кемуіне себеп болады. Пайғамбарымыз: «Арақ мал-мүлікті жояды, ақылды аздырады.» деп бұйырған.

 

            Арақ достардың, ағайын-бауырлардың арасында дұшпандыққа себеп болады. Өйткені Аллаһу та’ала Құран кәрімде «Шайтан арақ және құмарда тек араларыңа дұшпандық және іріткі салуды көздейді.» делінеді.

 

            Спиртті ішімдік адамды Аллаһты еске алудан және намаз оқудан алыстатады. Аллаһу та’ала «Шайтан арақта және құмарда сендерді Аллаһты еске алудан және намаз оқудан алыстатады.» делінеді.

 

Арақ шәһуатты қоздырады, адамды зинаға апарады. Хадис шәрифте «Арақ зинадан да жаман.» делінеді.
 

Сондай-ақ ішкілікке салынған некелі еркек өзі аңғармай неке бауын үзетін сөздер айтуы мүмкін. Осылайша әйелімен зина жағдайына түсуі мүмкін.   
 

Спиртті ішімдік барлық жамандықтардың кілті. Өйткені мас адамға кез-келген күнәні істеу оңайға соғады. Адам ақылы кеткені үшін харамды, халалды, дұрысты, бұрысты ажырата алмайды. Хадис шәрифте «Арақтан сақтаныңдар! Ағаштың бұтақ жайғаны секілді арақ та жамандық жаяды.» деп бұйырылды.
 

Спиртті ішімдік ішетін адам сыраханаға баруы арқылы және үстінен арақ иістері шығып жүруі арқылы үнемі жанында болатын, жақсылықтарымен жамандықтарын жазатын Хафаза періштелеріне жапа шектірген болады. Рахмет періштелері одан ұзақ болады. Хадис шәрифте «Рахмет періштелері мас адамнан ұзақ болады.» делінеді.
 

Спиртті ішімдік ішетін адам жақсылықтарға, дұғаға өзін жапқан болады. Өйткені спиртті ішімдік ішетін адамның жақсылықтары және дұғасы қабыл болмайды. Сондықтан да арақ ішу былай тұрсын арақ ішіліп жатқан жерден де ұзақ тұру керек. Өйткені хадис шәрифте «Аллаһқа және ақыретке сенетін адам арақ ішпесін, арақ ішілетін дастарханға да отырмасын.» делінеді.

 

Арақ ішкен адамның жағдайы қауіпті болады. Өлімі алдында оның бұл халі имансыз кетуіне себеп болады. Өйткені өлімнің қашан келетіні белгісіз. Хадис шәрифте «Арақпен иман бір жерде болмайды, бірі екіншісін ұзақтатады.» делінеді.
 

Бұл аталған зияндар тек дүниедегі жазалары. Сондай-ақ ақыретте де жазалары бар. Бұлар сансыз деуге болатындай көп. Дүниедегі зияндарымен салыстыруға келмейді және өте ауыр. Сонымен қатар бірі өткінші, ал бірі шексіз. Ақыл-есі бар адам бұл дүниенің бірнеше зауқтарын ақыреттің мәңгі, шексіз зауқтарына ауыстыруы мүмкін емес.  
 

Сахабалардан хазреті Абдуллаһ Ибни Мәсуд «Өкініштердің ең үлкені және ең зияндысы қиямет күніндегі өкініш. Азықтардың ең жақсысы тақуа. Ішімдік күнәлардың шақырушысы. Жастық жындылықтың тармағы, бөлігі.» деген.

 

Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады:

«Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір салих кісі болады. Үнемі ғибадаттарымен әуре болатын. Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап кілттегеннен кейін ниетін жайып салады: “Не менімен бірге боласың, не арақ ішесің немесе мына баланы өлтіресің. Бұлардың бірін істемейінше бұл жерден шықпайсың. Әйтпесе айғайлап, байбалам шығарып үйіме кіріп мені зорламақшы болды деймін. Олай еместігін ешкімге сендіре алмайсың! Сенің масқараңды шығарамын” дейді. Қара ниетті әйелдің бұл қорқытуынан кейін әлгі кісі ойланып өз-өзіне “Зина істей алмаймын. Баланы да өлтіре алмаймын. Олай болса жеңіл өтетін күнәні, арақты ішейін, кейін тәубе етемін” дейді де арақтан аздап ішеді. Біраздан кейін басы айнала бастайды. Әйел тағы құйып береді. Әне-міне дегенше жақсылап мас болып арақтың берген шәһуатымен әйелмен зина етеді. Кейін көргендерін айтып қояр деп баланы да өлтіреді.

Ей адамдар! Көргеніміздей арақ адамға ең жаман нәрселерді жасатады. Сондықтан арақтан өте ұзақ болыңдар. Өйткені арақ бүкіл жамандықтардың негізі. Аллаһқа ант етіп айтамын адамның көңілінде арақпен иманның бірге тұруы қиын. Арақты іше келе уақыт өтуімен арақ ішу үйреншікті, қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан бірінің келуімен екіншісінің ол жерден кетуінен қорқылады!»