Әбул Фазл Мұса Изники хазреттері Осман Империясындағы үлкен әулие және ғұламалардың бірі. Изникте туылды, туылған күні белгісіз. 838 (м.1434) жылы қайтыс болды. Бір сұхбатында былай деген:
Өтірік айту – күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, жүректі қарайтатын барлық жамандықтардың басы. Өтірік айту – пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең жақтырмайтын қасиет. Періште өтірік айтқан адамнан, өтірігі себебімен шыққан сасық иістен жиіркеніп бір шақырымға алыстайды.
Баланы «Жылама, саған пәлен нәрсе алып беремін» деп алдамау керек. Егер алып бермесең, бұл сөзің өтірік болып жазылады. Бір нәрсені айтып бергенде, хабарлағанда түшкіруді ниғмет деп білу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бір хадис шәрифте «Сөйлескенде түшкіру сөзінің рас екенін көрсететін ең әділ куәгер» деді.
Адамның үш жерде өтірік айтуына рұқсат берілген. Біріншісі, соғыста өтірік айту. Өйткені, соғыс айла орны. Екіншісі, екі адамды татуластыру, ренжіскен екі мүминді жарастыру үшін өтірік айту. Үшіншісі, ер кісінің әйелін қуанту үшін қажет кезде өтірік айтуы.
Ғайбат – мұсылман бауыры туралы ол ұнатпайтын түрде айту деген сөз. Кімде-кім дін бауырын артынан ашық немесе жасырын түрде, ишаратпен, яки біреудің оның кемшіліктерін айтуды жақтауымен немесе ғайбат еткен адамға таңданыс білдірумен ғайбат еткен болады. Ғайбат – зинадан да жаман және сауаптарды өрттің отынды жаққанындай жояды. Ғайбат етушіні тыңдамау керек. Өйткені ғайбатты тыңдаған адам да бұл күнәда ғайбат етушімен ортақ болады. Дінде сахих болған мақсатпен, ниетпен біреудің орынсыз іс-әрекеті мен сөздерін айту және хабарлау қажет болса, бұл жағдайда ғайбат болмайды. Мұны Имам Ғазали хазреттері беске бөлген. Біріншісі, мұсылманды жамандықтан, күнәдан сақтау. Екіншісі, зұлымдыққа ұшырау. Үшіншісі, күнәға бөгет болу және адасқан адамды дұрыс жолға түсіру үшін, оның жасағандарын айтуды пайдалы деп ойлау. Төртіншісі, ашық түрде күнә істейтін, күнә жиындарын ұйымдастыратын, жасаған жамандықтарын, жаман тірліктерін айтудан тыйылмайтын адамның жасағандарын айту ғайбат болмайды. Бесіншісі, соқыр, ақсақ дегендей кемшілігін көрсететін лақап атпен танылған адамды сол лақабымен атау күнә болмайды. Ғайбат етудің кафараты (өтемі) – ғайбат еткен адам үшін истиғфар ету (кешірімін тілеу).
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024