Сұрақ: Адамдарға зұлымдық жасайтын, мал-мүлкін тартып алатын, ар-намысына тиісетін, жамандық жасайтын адамдарды құрметтеуге болады ма?
Жауап: Харам істейтін адамға «Пасық» (күнәхар), жаман адам делінеді. Күнәнің ең жаманы – зұлымдық жасау. Өйткені бұл ашық түрде жасалады және құл (кісі) ақысы да араласады. «Али Имран» сүресінің 57 және 140 аяттарында:
«Аллаһу та'ала залымдарды жақсы көрмейді» делінген. Хадис шәрифте:
«Залымның ұзақ өмір сүруіне дұға ету – Аллаһу та'алаға қарсы шығуды тілеу деген сөз» делінген.
Залым тұрып жатқан үйін біреуден тартып алған болса, ол үйге бару харам болады.
Күнәхар адамның алдында қарапайымдық танытқан адамның дінінің үштен екісі кетеді. Ал залымның алдында қарапайымдылық танытудың зиянын осыдан түсінуге болады.
Залымның қолын сүю, алдында иілу күнә. Ал әділ болған адам болса рұқсат. Әбу Убәйда бин Жәррах хазреттері хазреті Омардың қолын сүйген.
Табысының көбі харамнан болған адамның үйіне барып отыруға болмайды. Оны сөзбен немесе әрекетпен мақтау харам. Тек қана өзін немесе басқа біреуді оның зұлымдығынан құтқару үшін оған баруға болады. Оның қасында болғанда өтірік айтпау және оны мақтамау керек. Егер құлақ асатын болса, онда насихат айту қажет.
Залым саған келсе, орнынан тұрып қарсы алуға болады. Діннің абыройын және зұлымдықтың жамандығын көрсету үшін орнынан тұрмау жақсы болады. Мүмкін болса, насихат айтқан жөн. Залымнан әр уақытта аулақ болу жақсырақ. Хадис шәрифте:
«Мұнафиқпен сөйлескенде "мырзам" демеңдер!» делінген. (Яғни құрмет білдіретін сөздер қолданбаңдар деген сөз.) Залымды, кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, «Ұстазым» деу күпір болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024