Сұрақ: Жұмыс істеуге мәжбүр болғаны үшін оранбай, ашық күйде жұмысқа шыққан әйелге күнәхар ретінде қарап, оны шеттету дұрыс па?
Жауап: Әрине дұрыс емес. Сондай адамды жаман адам қатарына қосып, одан аулақ болу ол кісінің жақсы адамдардан, тіпті діннен алыстауына себеп болуы мүмкін. Басқа күнәхарларды шеттету де қате.
Күнә істейтін адамды көргенде өз күнәларымызды ойлауымыз керек. Кемшіліктеріміз, күнәларымыз кешірілмесе, басымызға келетін азаптарды ойлауымыз қажет. Өзгелерді айыптау, жамандау, ғайбаттау харам. Егер біз сондай мәміле көрсетсек, олардың күнәларынан да үлкен күнә істеген боламыз. Аллаһу та'ала жақсылық жасайтындарды жақсы көреді, бірақ өз-өзін ұнататындарды жақсы көрмейді.
Өз кемшіліктерін іздеп, түзетуге тырысқан адам өзгелердің кемшіліктерін көруге уақыт жеткізе алмайды, үнемі өзінен жақсырақ болған мұсылмандарды көреді, яғни көрген мұсылмандарының барлығын өзінен жақсырақ деп біледі.
Әбу Саид Араби хазреттерінен «Дәруиш қандай болады?» деген сұраққа: «Өзгелердің кемшіліктеріне қарамайды. Әрдайым өз кемшіліктерін, айыптарын көреді. Өзін ешқандай мұсылманнан үстем деп санамайды. Бәрін өзінен үстем деп көреді» деп жауаптады. Бір хадис шәрифте былай делінген:
«Өз кемшіліктерін, өз айыптарын ойлап, өзгелердің кемшілігін іздемейтіндерге сүйіншілер болсын!» (Хадиқа)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024