Хадис шәрифтердің түрлері

Сұрақ: Хадис шәрифтердің қандай түрлері бар?

Жауап: Бәрін бөлімдермен көрсетейік:

1) Хадиси мүрсәл: Сахабалардың есімдері айтылмай, табииннің бірі тікелей «Расулуллаһ алейһиссалам айтты» деген хадис шәриф.

2) Хадиси мүснәд: Расулуллаһқа сүйентірген сахабаның есімі көрсетілген хадис шәрифтер.

3) Хадиси мүснәди муттасыл: Расулуллаһқа дейін арадағы рауилердің (риуаят етушілердің) ешқайсысы нұқсан болмаған хадис шәриф.

4) Хадиси мүснәди мүнқати: Сахабадан басқа бір немесе бірден артық рауисі көрсетілмеген хадис шәриф.

5) Хадиси мәусул: Сахабаның «Расулуллаһтан естідім, былай деді» деп хабарлаған хадиси мүснәди муттасыл болғандары. Оларды хадиси мәрфу деп те атайды.

6) Хадиси мүтәуатир: Көптеген сахабаның Расулуллаһтан және басқа көптеген адамның олардан естіген және көп адамдар хабар берген хадис шәрифтер. Олардың жалған сөзді бірауыздан айтуы мүмкін емес. Бұл хадис шәрифтерге сенбеген адам кәпір болады.

7) Хадиси мәшһүр: Алғашқы уақытта бір адам айтқанымен, екінші ғасырда аты шыққан хадис шәрифтер. Яғни бір кісі Расулуллаһтан, ол кісіден көп адам, олардан да басқа адамдар естіген хадис шәриф болып, соңғы естіген адамға дейін мутәуатир болып жетіп келген. Мәшһүр хадистерге сенбеген адам да кәпір болады. (Рәддул мухтар, 176-бет)

8) Хадиси мәуқуф: Сахабаға дейін рауилері бәрі көрсетіліп, сахабаның «Расулуллаһтан естідім» демей, «Расулуллаһ былай депті» деп жеткізген хадис шәрифі.

9) Хадиси сахих: Әділ және хадис ғылымын білетін кісіден естілген, мүснәди муттасыл, мутәуатир және мәшһүр хадис шәриф.

10) Хабари ахад: Бір адам тарапынан айтылып, мүснәди муттасыл болған хадис шәриф.

11) Хадиси муаллақ: Басынан бір немесе бірнеше рауисы (риуаят етушісі) немесе ешбір рауисы белгілі болмаған сөздер.

12) Хадиси құдси: Мағынасы Аллаһу та'аладан, сөздері Расулуллаһ тарапынан айтылғандар.

13) Хадиси қауи: Артынан бір аяти карима оқылып жеткізілген хадис шәрифтер.

14) Хадиси насиһ: Соңғы уақыттарда айтылған хадис шәрифтер.

15) Хадиси мәнсуһ: Алғашқы уақытта айтып, кейін өзгертілген хадис шәрифтер.

16) Хадиси амм: Бүкіл адамзатқа қарата айтылған хадис шәрифтер.

17) Хадиси хас: Белгілі бір адамға қарата айтылған хадис шәрифтер.

18) Хадиси хасән: Жеткізгендер адал және сенімді болып, бірақ есте сақтау қабілеті, түсінігі сахих хадистерді жеткізгендер сияқты күшті болмаған кісілер жеткізген хадис шәрифтер.

19) Хадиси мақту: Жеткізгендері табиинге дейін белгілі болып, табииннен риуаят етілген хадис шәрифтер.

20) Хадиси шаз: Біреудің «хадис ғалымынан естідім» дер хабарлаған хадис шәрифі.

21) Хадиси ғарип: Тек қана бір кісі жеткізген сахих хадис. Яки арадағылардан біреуіне бір хадис ғалымы қарсылық білдірген хадис шәриф.

22) Хадиси заиф: Сахих және хасән болмаған хадистер. Рауилердің бірінің есте сақтау қабілеті, әділдігі кем немесе сенімінде күмән бар. Бұл хадис бойынша көбірек ғибадат жасалады, бірақ ижтиһадта олар негізге алынбайды.

23) Хадиси мухкәм: Тәуилді (айқындап түсіндіруді) қажет етпейтін хадис шәрифтер.

24) Хадиси мүтәшабиһ: Тәуилді қажет ететін хадис шәрифтер.

25) Хадиси мунфасыл: Арадағы риуаят етушілерінің бірден көбі ұмытылған хадис шәрифтер.

26) Хадиси мүстәфид: Жеткізушілері үштен көп болған хадистер.

27) Хадиси муддариб: Әртүрлі жолдардан бір-біріне сәйкес келмейтін түрде жеткізілгендер.

28) Хадиси мәрдуд: Мағынасы жоқ және риуаят шарттары болмаған сөздер.

29) Хадиси мүфтәри: Мұсылман болып көрінген дінсіздердің ойдан шығарған сөздері.

30) Әсәр: Мәуқуф және мәқту хадис немесе ішінде дұға көрсетілген мәрфу хадис.

31) Хадиси мәуду: Бір хадис ғалымы бойынша хадис деп аталу шарттарына жауап бермейтін хадис, тек сол ғалымның үкімі бойынша ғана мәуду, яғни ойдан шығарылған болады. Хадис усулы (тәсілі) ғылымында мүжтәһид болған ғалым, бір хадистің сахих болуында қажет деп санаған шарттарға жауап бермейтін хадис туралы «бұл менің мазһабымның тәсілінің қағидалары бойынша мәуду» дейді. Әйтпесе «Бұл пайғамбарымыздың сөзі емес» демейді. Яғни «хадис шәриф деген атпен жеткізілген бұл сөздің хадис екендігін мен анықтай алмадым» деген сөз. Хадис усулы ғылымының басқа мүжтәһиді хадистің дұрыс болуы үшін өзі талап еткен шарттарға жауап беретініне көз жеткізсе, «бұл хадис, мәуду емес» деуі мүмкін. Төрт мазһаб арасында айырмашылықтар - сөздерінің қате екенін көрсетпегеніндей, хадистер мәселелсінде де осылай қағида бар. Мұндай нәрселер ижтиһадқа қатысты болғандықтан, бір мүжтәһидтің бір хадиске мәуду деуімен расында да ол мәуду болып қалмайды.

 

Сұрақ: Хадис пен хадиси құдси бірдей ме? Егер бірдей болмаса, араларында қандай айырмашылық бар?

Жауап: Мұхаммед алейһиссаламның мағынасы да, сөзі де өзінікі болған сөздеріне Хадис шәриф делінеді. Олардан мағынасы Аллаһу та'ала тарапынан, сөздері Мұхаммед алейһиссалам тарапынан білдірілген хадис шәрифтерге Хадиси құдси делінеді.