Сұрақ: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) міндеті тек қана адамдарды дінге шақыру болған ба?
Жауап: Бұл туралы Ислам ғалымдарының ең үлкендерінен сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері былай деген:
«Расулуллаһ алейһиссаламның үш түрлі міндеті бар еді:
Біріншісі: Иман келтіру керек болған білімдерді және фиқһ үкімдерін бүкіл адамзатқа жеткізу, үйрету. Фиқһ үкімдері – әмір етілген және тыйым салынған нәрселер деген сөз.
Екінші міндеті: Аллаһу та'аланың затына және сипаттарына қатысты марифеттерді тек үмбетінің жоғары дәрежелі болғандарының ғана көңіліне өткізу.
Үшінші міндеті: Фиқһ үкімдерін насихатпен орындамағандарға күш қолданып жасатқызу.
Расулуллаһтан кейін төрт халифаның әрқайсысы осы үш міндетті толық орындады. Одан кейін бұл үш міндетті бір адам атқара алмайтын болды. Иман мен фиқһ үкімдерін жаю міндеті дін адамдарына, яғни мүжтәһидтерге берілді. Екінші міндет, яғни қалаған мұсылмандарды Құран кәрімнің рухани үкімдеріне қауыштыру Әһли бәйттің он екі имамына және тасаууф ғұламаларына берілді. Жүнәйд Бағдади және Сырри Сақати хазреттері осы ғұламалардан.
Әһли сүннет ғалымдары Расулуллаһтың осы екінші міндетін он екі имамнан үйреніп, тасаууф білімін шығарды. Аңғарылғанындай, он екі имам – Әһли сүннеттің имамдары. Әһли бәйтті жақсы көрген және он екі имамның жолында болғандар – Әһли сүннет. Ислам ғалымы бола алу үшін Расулуллаһтың осы екі міндетінде Оның мұрагері болу қажет.
Үшінші міндет, яғни діннің үкімдерін күш қолданып жасатқызу сұлтандарға, яғни мемлекет адамдарына берілді.
Бірінші топтың бөлімдері Мазһаб, екіншісінің бөлімдері Тариқат, ал үшіншісі Қанун (заңдар) деп аталды. Иманды үйрететін мазһабтарға Сенімдегі мазһаб делінеді. Сенімдегі мазһабтардың жетпіс үшке бөлінетінін, олардың жалғыз біреуі ғана дұрыс, қалғандары қате болатынын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген еді. Расында да солай болды. Дұрыс жолда екендігі сүйіншіленген топқа Әһли сүннет уәл жамағат мазһабы делінеді. Қате жолда екендігі айтылған жетпіс екі топқа Бидғат топтары делінеді. Олардың ешқайсысы кәпір емес. Бірақ жетпіс екі топтың бірінде болғанын айтқан адам Құран кәрімде немесе хадис шәрифтерде айқын көрсетілген және мұсылмандар арасында кеңінен тараған білімдердің біріне сенбесе, кәпір болады.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024