Өтірік айту барлық діндерде харам еді

Дұрыс сөйлеу, шындықты айту – дініміздің бұйрығы. Өтірік айту – өте жаман қылық және бұл барлық діндерде харам еді. Бүкіл пайғамбарлар өтірік айту мәселесінде көп тоқталған.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үмбетіне айтқан бір насихатында былай деді:

«Ей, үмбет және сахабаларым! Дұрыстыққа жабысыңдар! Сендерге дұрыстық керек. Күмәнсіз, дұрыстық адамды жақсылыққа жетелейді. Ал жақсылық жәннатқа кіргізеді. Адам дұрысшыл болып қалу жолын іздеген сайын Аллаһ дәргейінде сенімді, дұрысшыл адам болып жазылады. Өтірік айтудан сақтаныңдар! Күмәнсіз өтірік сөз адамды күнәға жетелейді. Ал күнә тозаққа түсіреді. Адам өтірікші болған сайын және өтірік айту жолдарын іздестірген сайын Аллаһ назарында өтірікші адам болып жазылады.»

Хазреті Айша анамыз «Асхаби кирам үшін өтірік айтудан жаман ештеңе жоқ. Өйткені олар өтірік пен иманның бір жерде бола алмайтынын білетін еді» деген.

Лұқман Хаким хазреттерінен:

- Көркем мінездің негіздері қандай, - деп сұралған. Сонда ол:

- Дұрыс сөзді (шыншыл) болу, аманатты иесіне тапсыру және өзіне қатысты болмаған нәрселерге араласпау...» деп жауаптады.

Хазреті Лұқман Хаким баласына насихат ретінде былай деді:

«Балам, өтіріктен сақ бол, өйткені ол құс етіндей тәтті. Одан аздаған адамдар құтыла алады.»

Абдуллаһ ибн Мәсуд хазреттері айтқан:

«Сөздің ең дұрысы – Кәламуллаһ, Құран кәрім. Ең құндысы – зикруллаһ. Соқырлықтың ең зияндысы – жүрек соқырлығы. Аз, бірақ жеткілікті болған нәрсе көп, бірақ ғапіл ететіндерінен қайырлырақ. Өкінудің ең үлкені және ең зияндысы – қиямет күніндегі өкіну. Ең қайырлы байлық – көңіл байлығы. Азықтардың ең қайырлысы – тақуалық. Ішкілік – күнәлардың шақырушысы. Жастық шақ – қызба қандылықтың бір тарауы. Қателіктердің ең үлкені – тілдің өтірік айтуы.»

Табииннің үлкендерінен, мәшһүр ғалым және әулие Амир бин Шәраһил (Шаби) хазреттері айтқан:

«Өтірікші мен сараң тозаққа түседі. Бірақ қайсысының тереңірек тасталатынын білмеймін!»

Хасан Басри хазреттері бір күні оған зұлымдық жасамақшы болғандардан қашып, Хабиб Ажеми хазреттерінің үйіне тығылды. Залымның зұлымдығынан құтылу үшін өтірік айту рұқсат болғандықтан, «Сұрайтындар болса мені жоқ деп айт» деді. Біраздан кейін артынан қуып келген адамдар келіп сұрағанда «Іздеп жүрген адамдарың іште» деп жауап берді. Адамдар ішке кіріп әбден іздеді. Таба алмағаннан кейін Хабиб Ажеми хазреттеріне «Әй, өтірікші-ай...» деп ұрсып кетіп қалды. Хасан Басри хазреттері «Сенің бұл тірлігің дұрыс па?» деп сұрады, сонда Хабиб Ажеми хазреттері «Шындықты айтудың берекетімен екеуіміз де құтылдық» деп жауап берді...