Үлкен Ислам ғалымдары өз замандарындағы қате сенімдегі адамдардың үнін өшіру және халықтың иман білімдерін қорғау үшін өте құнды еңбектер жазған. Сенуіміз керек болған дұрыс иманды, яғни Әһли сүннет сенімін қысқаша былай көрсеткен:
«Аллаһу та'ала бір (жалғыз), қадим (әзәли, мәңгі) болған затымен бар. Одан басқа барлық нәрсе Оның бар қылуымен кейіннен бар болған. Соңында қайтадан жоқ болады. Ақыл – білімнің себебі мен құралы. Илхам (шабыт) – бір нәрсенің дұрыс екенін білуге жеткілікті себеп пен құрал емес. Аллаһу та'ала жаратылыстарына ұқсамайды. Ол мекенге бағынбайды. Яғни бір жерде, төменде, жоғарыда емес. Барлық нәрсені және барлық жерді жаратқан Ол. Аллаһу та'аланың затымен мәңгі әзәли сипаттары бар. Ол өзіне тән әзәли кәламмен сөйлеуші. Оның кәламы (сөзі) әріп және дыбыс жынысынан емес. Ешнәрсе мүлдем Оған ұқсамайды. Ешнәрсе Оның білімінің және құдіретінің тысында емес.
Өлгеннен кейін қайтадан тірілу хақ. Амалдар тартылатын таразы, Кәусар хауызы, Сырат көпірі, жәннат пен тозақ хақ.
Үлкен күнә мүмин болған адамды иманнан шығармауымен қатар, күпірге де түсірмейді. Үлкен күнә істегендерге пайғамбарлардың шапағат ете алатындығы нақли дәлелдермен бекітілген. Пайғамбарлардың алғашқысы хазреті Адам, соңғысы хазреті Мұхаммед алейһиссалам. Пайғамбарлардың ең үстемі Мұхаммед алейһиссалам. Періштелер – Аллаһтың құлдары. Оның бұйрығымен әрекет етеді, еркек-әйел болып бөлінбейді.
Аллаһу та'аланың пайғамбарларына түсірген кітаптары бар. Аллаһ бұйрықтарын, тыйымдарын, уәделерін, ескертулерін осы кітаптарда хабарларған.
Пайғамбарымыздан кейін адамдардың ең үстемі – хазреті Әбу Бәкір Сыддық, кейін хазреті Омар әл-Фаруқ, кейін хазреті Осман Зиннурайн, кейін хазреті Әлийул Мүртаза.
Асхаби кирамның (сахабалардың) барлығын тек қана жақсылықпен еске алу керек.
Насстарды, яғни аяти карима мен хадис шәрифтермен айқын бұйырылған үкімдерді қабылдамау, Ислам діні көрсеткен харамдарды халал, халалдарды харам деп санау, Исламды мазақ қылу күпір болып табылады. Аллаһтың азабынан құтылатынын ойлау күпір. Бақсы-балгерлердің айтқандарын растау күпір. Мәсінің үстіне мәсіһ жасауға болады. Тірілердің өлілерге жасаған дұғалары мен жақсылықтары қабыл болады. Аллаһу та'ала дұғаларды қабыл етіп, қажеттіліктерді орындайды. Дажжалдың шығуы, Даббатул арз, Яжуж-Мәжуждің пайда болуы, хазреті Исаның аспаннан жерге түсуі, күннің батыстан шығуы сияқты пайғамбар хабар берген қиямет белгілері хақ.» (Саадати Әбәдия, Ислам Ахлақы)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024