14) Екі жүз отыз тоғызыншы бетінен бастап былай дейді: «Хадис шәрифте адамдардың ең жаманы – қиямет басталған кезде тірі болғандар және қабірлерді мешітке айналдырғандар делінген. Ислам дінінен бұрын мазарлар мешітке айналдырылған болатын. Бұл үмбеттің кейіннен келгендері сауатсыздардан да асып түсті. Қиналған кездерінде Аллаһты ұмытып, өлілерді құдай ретінде көреді. Өлілердің олардан сұрағандарын істеп беретініне сенеді. Абдулқадир Гейлани дұға еткендерді естіп, көмектеседі дейді. Ол ғайыпты біледі деп санайды. Алайда ол өлген. Олай айтқан адамдар кәпір. Олар Құранға қарсы шыққан болады. Ибн Қайим мазарлардың үстіндегі күмбездерді құлату уәжіп деді. Имам Нәуәуи қай ниетпен болса да, қабір үстіне кесене салу харам деді. Мазар лас болғандықтан, ол жерде намаз оқуға тыйым салынған дегендер қателесуде. Өйткені пайғамбарлардың мазарлары лас емес. Ибн Хажәр Хитәми «Кәбаир» кітабында: Мазар үстіне күмбез салу үлкен күнә. Ислам үкімет адамдарының бұл күмбездерді құлатуы керек. Әуелі Имам Шафиидің кесенесін бұзу қажет, – деді.»
Бұл жерде де мұсылмандарға жала жабылуда. Мұсылмандар күнде бес рет Аллаһу та'алаға ғибадат етеді, Оған жалбарынады. Осындай адамға Аллаһты ұмытуда деп айту айқын өтірікшілік. Мұсылмандар өліге табынбайды. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының, тіпті әр өлінің қабірде еститінін хадис шәрифтер хабарлағандықтан, Оның қабіріне барып, Оның себебімен Аллаһу та'алаға дұға етеді. Мәйіттен арашы болуын, шапағат етуін сұрайды. Өлі әр қалағанын істей алмайды. Тірі де әр қалағанын істей алмайды. Бірақ Аллаһу та'ала сүйікті құлдарының және бәрінен бұрын пайғамбарларының дұғаларын қабыл ететініне сөз берген. Мұсылмандар пайғамбарлардан (алейһимуссалауату уәттәслимат) және әулиелерден (рахимә-һумуллаһу та'ала) бір нәрсе істеуін сұрамайды. Аллаһу та'аланың бір нәрсе беруін тілеп дұға етуін сұрайды. Әулиелер қабір басына келгендердің тілектерін естиді. Соны беруін тілеп, Аллаһу та'алаға дұға етеді. Аллаһу та'ала дұғасын қабыл етеді.
Ибн Хажәр Хитәмидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Зәуажир» кітабының жүз жиырма бірінші бетін аударып, уаһһаби кітабының өтіріктерін көрсетейік: Ибн Хажәр хадис шәрифтерді жазғаннан кейін айтқан: Шафии ғалымдарының бірнешеуі жоғарыдағы хадис шәрифтерді алып, алты нәрсенің үлкен күнә екендігін айтқан. Олардың бірі – қабірлерді мешітке айналдыру. Өйткені хадис шәрифте «Пайғамбарлардың қабірлерін мешітке айналдырмаңдар!» делінген. Қабірлерді мешітке айналдырғандар лағнет етілді және салихтардың қабірлерін мешітке айналдырғандардың қиямет күні адамдардың ең жаманы болатынын хабарланды. Мазарды мешітке айналдыру дегеніміз – оған қарап намаз оқу деген сөз.
Осы себептен Шафии ғалымдарымыз пайғамбарлардың және әулиелердің қабірлеріне қарап оларға құрмет ретінде намаз оқуды харам деді. Харам болуы үшін екі шарт керек. Біріншісі, қабірдегі адамның құрметті, абыройлы болуы, екіншісі, намазды оған қарап оқуға ниет ету. Қабірде шырақ жағу да өліге құрмет ретінде болса, харам болады. Қабірді сыртынан айналу да осындай. Бұлар құрмет ретінде болмаса, мәкрух болатыны аңғарылуда. Қабірге сәжде етіп құрмет көрсету – оған табыну болып саналады. Ал бұл үлкен күнә, тіпті күпірге жатады. Ханбали ғалымдарының кейбірлері «қабірдің қасында құрмет намазын оқу үлкен күнә және күпірге себеп болады. Осындай нәрселер жасалатын кесенелерді құлату керек» деді.
[Абдулқадир Гейлани 561 [м.1166] жылы Бағдадта қайтыс болды.]
[Ибн Хажәр Мекки 974 [м.1566] жылы Меккеде қайтыс болды.]
Ибн Хажәр Мекки Хитәмидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Фәтауа-и кубра фиқһия» кітабының Мысыр басылымы, жаназа бөлімінде былай жазылған: «Барлық мәйіттер жерленетін қоғамдық мазаратта қабір үстіне кесене жасалмайды. Оларды құлату керек. Жалпылық болмаған мазараттағы кесенелердің қасына мәйітті жерлеу үшін кесенені бұзу рұқсат емес.» Он жетінші бетінде жазылған: «Жалпыға ортақ болған қоғамдық мазарат ішіне кесене салу харам. Салынған болса, бұзу керек. Уақыф болған (барша мұсылмандардың қолдануына берілген) мазаратта және иесінен рұқсат алмай оның мазарына ғимарат соғу да харам. Өз мүлкінде немесе біреудің рұқсатымен оның мүлкінде кесене жасау мәкрух.» Жиырма бесінші бетінде жазылған: «Жалпыға арналған мазаратта кесене жасау көп жерді алып, өзгелердің мәйіттерін жерлеуіне тосқауыл болғандықтан харам болып табылады. Жалпылық мазараттағы кесенелерді бұзу керек. Шафии ғалымдарының көбі (рахимә-һумуллаһу та'ала) осы себептен Имам Шафиидің (рахимә-һуллаһу та'ала) кесенесін бұзуға фәтуа шығарған. Өйткені бұл кесене қоғамдық мазаратта орналасқан.» Көрініп тұрғанындай, Ибн Хажәр Мекки (рахметуллаһ алейһ) барлық кесене харам, бәрін бұзу керек демеген.
Әулиелердің қабірлерінің үстіне кесене жасаудың рұқсат екендігі «Жамиул фәтауа», «Кәшф-ун-нур» және «Усул-и әрбәа» кітаптарында анық жазылған.
Зәуажир кітабының екі жүз тоғызыншы бетінде мақтану үшін үлкен үй салдырудың да үлкен күнә екендігі жазылған. Осы хадис шәрифтерді ұстанып, уаһһабилердің кесенелерді емес, Риядта, Таифте және Жиддада соқтырған биік-биік ойын-сауық ғимараттары мен жезөкше үйлерін бұзуы уәжіп. Екі жүз қырық сегізінші бетінде «Қабірлерді зиярат етіңдер! Бұл зияраттар сендерге ахирет күнін еске салады» хадис шәрифін жазған және Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк анасының қабірін зиярат еткендігін айтқан. Бірақ бұл хадис шәриф қабірдегі адамға истиғаса жасауды, одан бір нәрсе сұрауды көрсетпейді деп пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және әулиелердің кесенелерін зиярат етуді кәпірлердің мазарларға табынуына ұқсатуға тырысуда.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024