Шәрәфуддин Иса әл-Ғаззи хазреттері шафии мазһабының фиқһ ғалымы. 740 (м.1339) жылы Газада туылды. 799 (м.1397) жылы қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген:
Мынадай үш жағдайда қарыз сұрауға болады: 1) Напақа алу үшін. Қажетті азық-түлік сияқты қажетті киім-кешек те напақаға жатады. 2) Үй алу, жалға алынған үйдің ақысын төлеу, суықтан сақтану мақсатымен киім алу немесе емделу ақшасы сияқты қажеттіліктер үшін. 3) Лауазымы, жұмыстағы қызметі себебімен әдетке сай киіну үшін. Тек осыларға ғана қарыз беріледі. Залымдарға, күнәхарларға, қажеттілігі жоқ адамдарға, ақшасын қажетсіз жерге, харамға жұмсайтындарға қарыз бермеу керек. Біреуге қарыз беріп, өзін қиындыққа түсіру де дұрыс емес. Осы үш бөлімде айтылғандардан басқа жағдайларда қарыз сұрауға болмайды. Мысалы, ақшасы жоқ адамның торт жеу және қымбат матадан киім алу, көршісінде бар деп қажет болмаған бір нәрсені сатып алу үшін қарыз сұрау дұрыс емес. Қысқасы, өз мансабы мен лауазымы қажет етпесе, әлеуметтік жағдайына сай болмаған, салтанатты саналатын тағамдар, сусындар және киімдер үшін қарыз алуға болмайды.
Қажеттілігі бар адамға қарыз беріледі. Қажеттілігі жоқ, ақшасын қажетсіз жерге, харамға жұмсайтындарға қарыз берілмейді. Біреуге қарыз беріп, өзін қиын жағдайға түсіру дұрыс емес. Нисапқа ие болмаған адамның құрбандық шалуға қарыз сұрауы жаиз (рұқсат) емес. Қайтарып беру ниетімен қарыз алған кісіге Аллаһу та'ала көмектеседі, ал қарыз берушіге көп сауап жазады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Садақа беруге он сауап, ал қарыз беруге он сегіз сауап бар.»
«Аллаһ разылығы үшін қарыз берген адамға әр күніне садақа сауабы жазылады. Кедейден алашағын тез сұрамаған кісіге әр күніне бар мал-мүлкін толықтай садақа қылып бергендей сауап беріледі.»
Қарызға кірмеуге аса мән беру керек! Хазреті Лұқман Хаким «Қарыз жүгінің астында қалғаннан гөрі тас тасуды таңдаймын» деген. Өйткені қарыздану адамды күпірге дейін жетелейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:
«Йа, Раббым, күпірге түсуден және қарызға кіруден саған сиынамын.»
«Қарызсыз адам еркін (бостандықта) өмір сүреді.»
«Бақытты өмір сүріп жүргенде қарызға батып, қорқынышта өмір сүрмеңдер!»
«Қарыздан сақтаныңдар! Қарыз түнде мұңға, күндіз қорлыққа себеп болады.»
Алған қарызды мүмкіндік болғанда дереу өтеуге тырысу керек! Қарызды кешіктіру күнә. Ибраһим Әдхам хазреттері «Қарызы бар адам майлы және сірке суы қосылған (яғни жақсы) тамақ жемесін» деген. Қарызы бар кісі қарызын өтемей тұрып тіпті садақа да бермеуі керек! Хадис шәрифте айтылғанындай: «Өзі немесе бала-шағасы мұқтаж, яки қарыздар болған кісінің берген садақасы қабыл болмайды.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024