11) Кітаптың екі жүз он алтыншы, екі жүз жиырмасыншы және екі жүз жиырма төртінші беттерінде Расулуллаһтың көкесі Әбу Талиб туралы келген «Қасас» сүресінің «Сен жақсы көргендеріңді хидаятқа түсіре алмайсың. Бірақ, Аллаһу та'ала қалағанын хидаятқа қауыштырады» деген елу алтыншы аяти каримасын жазып, жүректерді күпірден, күнәдан иман мен бағынушылыққа тек қана Аллаһу та'ала бұра алатынын жазғаннан кейін: «Тасаууф ғұламаларынан шәкіртінің жүрегіне кіріп, көңіліндегілерді білгенін және көңілін қалағанындай бұратынын айтқандар өтірікші. Оларға сенгендер де Аллаһқа және пайғамбарларына сенбеген болады. Аллаһтан басқа табынылатын барлық нәрсе «Пұт» деп аталады. Қабір, кесене де пұтқа жатады. Мысалы, мысырлықтардың ең үлкен құдайлары Ахмед Бәдәуи. Есімі атақты болмауымен қатар, үстемдігі, білімі және ғибадаты да белгісіз. Бір күні мешітке кіріп, кіші дәрет сындырған. Намаз оқымай шыққандығын Сахауи Ибн Хайяннан хабар беруде. Оны екі өмірде көмектеседі, өртті сөндіреді, дауылда қалған кемелерді құтқарады деп санайды. Оған құдай, тәңір және ғайыпты біледі дейді. Алыстан естиді және тілектерді орындайды дейді, кесенесінің топырағында сәжде етеді. Амман мен Ирак халқы да Абдулқадир Гейланиге осылай табынады. Мухиддин Араби – жер жүзіндегі ең үлкен кәпір» деген.
Тасаууф ғұламалары Аллаһу та'аланың хидаяттарын және бақытты болуын тілеген, азаптан құтқаратынын ежелде тағдырға жазған адамдарын таниды. Олардың жетілуіне себеп болады. Әулиелерді кезіктіру, сол таңдалған ғұламаларды тану, оларға жалбарыну да Аллаһу та'аланың тағдыры мен сыйы. Аллаһу та'ала ежелде хидаятты тағдырына жазған адамға Әһли сүннет ғалымдарының, тасаууф ғұламаларының кітаптарын оқуды нәсіп етіп, бақытқа және шапағатқа қауыштырады. Адасуын, пәлекетке түсуін тілегендерді дін дұшпандарының тұзақтарына түсіреді. Олардың қате кітаптарын, өтіріктерін оқып тозаққа түсуге бейім болады. Уаһһаби кітабы есімдері аталған Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарына, үлкен әулиелерге жала жауып, мұсылмандарға тиісуде. Иә, бірнеше сауатсыздың және дінін дүниелік пайдасына құрал еткен адасушының Ислам дініне қайшы жаман сөзі мен әрекеті болуы мүмкін. Бірақ, осыларды негізге алып, бүкіл Әһли сүннетті жамандауға кірісуі христиандардың оған табынып жатыр деп Иса алейһиссаламға тіл тигізуіне ұқсайды.
Ахмед Бәдәуи (рахимә-һуллаһу та'ала) әулиелердің ұлыларынан. Ол шайх Бәридің шәкірті. Ал шайх Бәри Әли бин Нуайм Бағдадидің шәкірті. Ол болса үстемдіктер, кереметтер иесі шәриф Ахмед Рифаи жетілдірген үлкен әулие (рахимә-һумуллаһу та'ала). Ахмед Бәдәуи – шәрифтерден. Хижреттің 675 [м.1276] жылында Мысырда қайтыс болды. Танта қаласындағы кесенесін әр жылы жүз мыңдаған мұсылман зиярат етіп, фәйз алғандығын және Ислам дініне қайшы ештеңе жасалып жатқан жоқ екенін «Мират-ул-Мәдина» кітабы мың қырық тоғызыншы беттен бастап ұзақ жазған. Абдулқадир Гейлани және Мухиддин Араби (рахимә-һумуллаһу та'ала) әулиелерін тек қана олар сияқты жоғары дәрежелі Ислам ғалымдары түсінген және жазған жүздеген кітаптарында түсіндіруге тырысқан. Имам Раббанидің «Мәктубат» кітабы осы үлкен әулиелерді мақтау және мадақтауға толы. Абдулған Наблуси да (рахимә-һуллаһу та'ала) «Хадиқа» кітабында баяндаған.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024