Сұрақ: Нәпіл ғибадаттарды адамдарды ынталандыру үшір парыздар сияқты ашық түрде жасау дұрыс па?
Жауап: Рия, яғни жұртқа көрсету деген қаупі жоқ болса, адамдарды ынталандыру мақсатымен нәпіл ғибадаттарды ашық түрде жасауға болады. Егер рия қаупі бар болса немесе рияға жол ашуы мүмкін болса, нәпіл ғибадаттарды жасырын орындау керек.
Ислам ғалымдары «Бір қайырымдылықтың жасалуына жол көрсеткен адам оны жасаған адамдай болады» хадис шәрифі бойынша садақаны ашық түрде берудің, жақсылықты ашық түрде жасаудың екі есе сауапты екенін айтқан. Біріншісі садақа сауабы, ал екіншісі адамдарды соған ынталандыру сауабы. Бір хадис шәриф:
«Садақаны жасырын беру ашық түрде беруден абзал, бірақ үлгі болу, адамдарды садақаға ынталандыру үшін жария түрде берілген садақа жасырын садақадан абзал.» (Дәйләми)
Рия болып қалу қаупі бар болса, садақаны жасырын түрде беру сауапты. «Йа, Расулаллаһ, қандай садақа құндырақ?» деген сұраққа пайғамбарымыз алейһиссалам: «Аздап жасырын берілген садақа» деп, «Егер садақаны ашық түрде берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер сендерге сол қайырлырақ» деген аятты оқыды. (Табарани)
Имам Раббани хазреттері айтқан: «Парыздар орындалғанда рия араласпайды. Ал нәпіл ғибадаттарда елге көрсету ойы көп болады. Сондықтан зекетті жария түрде беру керек. Ал нәпіл болған садақаны жасырын беру қажет, сонда қабыл болу ықтималы көбірек болады.» (2/82)
Құран кәрімде былай делінген:
«Жасырын садақа жақсырақ.» (Бақара 271)
«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын, дауыссыз дұға етіңдер!» (Араф 55)
«Раббыңды ішіңнен зікір ет!» (Араф 205)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһты жасырын түрде зікір етіңдер!» (Ибн Мүбәрәк)
«Хафаза періштелері естімеген зікір естіген зікірінен 70 есе құндырақ.» (Бәйһақи)
«Қияметте Аллаһу та'ала қамқорлық көрсететін жеті кісінің бірі – оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей садақаны жасырын берген кісі.» (Бұхари)
«Жасырын берілген садақа – Аллаһтың ашуын басады.» (Бәйһақи)
«Садақаны жасырын беру – жақсылықтың қазынасы.» (Табарани)
«Ең үстем садақа – жасырын түрде берілгені.» (Табарани)
«Түнде оқылған намаздың күндіз оқылған намаздан үстемдігі жасырын берілген садақаның жария түрде берілген садақадан үстемдігі сияқты.» (Табарани)
«Парыздардан басқа, үйде оқылған намаз мешітімде оқылғанынан үстем.» (И.Абидин)
«Парыздардан басқа, үйде оқылған намаз қайырлырақ.» (Бұхари)
«Көзден таса жерде оқылған нәпіл намаздың сауабы жария түрде оқылғанынан 25 есе артық.» (И.Ахмед)
«Құранды жария оқыған кісі жария түрде садақа бергендей, ал жасырын оқыған кісі жасырын садақа бергендей болады.» (Тирмизи)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024