Сұрақ: Діннің әмірлері мен тыйымдарын дінсіздер ұстанбаса, оларға да күнә болады ма?
Жауап: Жоқ, оларға күнә болмайды. Күнә – Аллаһу та'аланың әмірлерін орындамау, тыйымдарынан сақтанбау деген сөз. Әмірлер мен тыйымдар мұсылмандарға, яғни иманы бар адамдарға қатысты. Иманы жоқ адамдарға, яғни кәпірлерге әмірлер мен тыйымдар алу, ғибадат ету абыройы берілмеді.
Кәпірлерге тек қана бір әмір берілген, олардан тек қана бір нәрсе талап етілген. Бұл әмір – иман келтіру, яғни мұсылман болу. Кәпірлер осы әмірді тыңдамағандықтан, тек қана бір қылмыс істеген болады. Бірақ бұл қылмыс – ең үлкен күнә. Бұл күнәнің жазасы өте үлкен, өте ауыр және мәңгі. Дүниеде ондай жаза бола алмайды. Бұл мәңгі жаза оларға ахиретте, тозақта беріледі.
Сұрақ: Мұсылман болмағандар өмірде жасаған күнәларының жазасын дүниеде көреді ме?
Жауап: Күнә – Аллаһу та'аланың әмірлерін орындамау, тыйымдарынан сақтанбау деген сөз. Бұл әмірлер мен тыйымдар тек мұсылмандарға, имандыларға ғана қатысты. Аллаһу та'ала имансыздарға, кәпірлерге әмір беру, ғибадат еткізу абыройын бермеді. Олар жануарлар сияқты қалағанын істейді, күнә болмайды. Олар ғибадат етпегені, күнә істегені үшін дүниеде азапталмайды. Әр түрлі ниғметтерге қолжеткізеді. Қалағанына, көздегеніне қолжеткізеді. Тек залым болғандары, айналасына зұлымдық көрсететіндері дүниеде жазаларын алады. Кәпірлерге тек бір әмір ғана берілген, олардан тек бір нәрсе ғана талап етілген. Бұл бір әмір – иман келтіру, мұсылман болу. Кәпірлер осы әмірді тыңдамағандықтан бір қылмыс істеген болады. Бірақ бұл қылмыс – ең үлкен күнә. Бұл күнәнің жазасы өте үлкен, өте ауыр және мәңгі. Дүниеде ондай жаза бола алмайды. Бұл мәңгі жаза оларға ахиретте, тозақта беріледі.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024