Қауышқан ниғметтеріміздің шүкірін орындауымыз мүмкін емес. Ниғметтер қайдан және кімнен келсе де, бәрін Раббымыздан келді деп білеміз, Оған шүкір етеміз, өйткені беретін Аллаһу та'ала. Бізге жақсылық жасаған адамды жаратқан Ол. Айналамыздағыларға бізге жақсылық жасау деген қалауды және мүмкіндікті берген де Ол. Адамдар – арадағы себепші. Оларға да рахметімізді айтамыз, бірақ ниғметтерді олардан келді деп ойламау керек.
Шүкір тек тілмен ғана айтылмайды, бүкіл мүшелерімізбен шүкір етуіміз қажет.
Жүректің шүкірі – оны Раббымыздың жақсы көрмейтіндеріне деген сүйіспеншілікке толтырмау. Күнәлармен қарайтпау. Жүректі тәкәппарлықтан, көре алмаушылықтан, риядан және менмендіктен аулақ ұстау.
Көздің шүкірі – көзді жаратушысы разы болатындай етіп қолдану. Харамдарға қарамау, ешкімге жоғарыдан менсінбей қарамау. Бәлкім бір күн келіп дәл сол менсінбеген адамының шапағатын сұрап жалыныуы әбден мүмкін.
Құлақтың шүкірі – оны харам дауыстардан қорғау. Адамға күнә емес, сауап беретін дауыстарды тыңдауға тырысу қажет.
Аяқ-қол мен басқа мүшелердің шүкірі оларды Жаратқан рұқсат бергеней қолдануы арқылы орындалады. Әйтпесе аманатқа қиянат еткен боламыз, ал мұның жазасы өте ауыр.
Бір түні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам төсегінен тұрып, дәрет алып, намаз оқи бастайды, өте ұзақ уақыт бойы ғибадат жасады. Айша анамыз (радиаллаһу анһа): «Сіздің онсыз да күнәңіз жоқ қой, бар болса да кешірілген. Біраз тынығып, демалсаңыз деймін» деді. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам «Мен шүкір етуші құл болмаймын ба?» деп жауаптады.
Бұдан аңғаратынымыз, шүкір іс-әрекет арқылы да орындалуы қажет, тек тілмен ғана айтылса аз болады.
Ең үлкен шүкірімізді ең үлкен ниғметке арнап жасауымыз керек. Ол иман ниғметі. Одан үлкен ниғмет болмайды, ол екі дүние бақытының себепшісі.
Бағдатта үйі жоқ, көшеде қабырғалардың түбінде түнейтін, оның үстіне көзі соқыр және денесі сал болған бір адам үнемі Раббысына шүкір ететін еді. Мұны байқаған бір кісі:
«Сен қай ниғметіңе шүкір етіп жатырсың? Жағдайың мынау, үйің жоқ, аяқ-қолың істемейді, көздерің көрмейді» деп сұрайды. Сонда әлгі адам оған:
«Мен Раббымның ең үлкен ниғметіне қауыштым. Ол менің жүрегімді өзіне деген сүйіспеншілікке толтырды. Тым аз құлына нәсіп ететін осы үлкен ниғметке мен қанша шүкір етсем де, аз. Мен сондай бақыттымын, әлі өлмей тұрып жәннатта өмір сүріп жатырмын» деп жауап береді.Ниғметке шүкір етілмесе, қолдан кетеді. Сондықтан, қауышқан ниғметтерімізге көп шүкір етейік, қолымыздан алынбасын...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024