Сұрақ: «Намаз шарттарына сай оқылмаса, оқыған адамына сол намаз шағымданады» делінген. Шынымен де осындай нәрсе бола ма?
Жауап: Бұл туралы Имам Табарани хазреттерінің «Әусат» кітабында былай жазылған:
«Бір мүмин намазын жақсылап оқып, руку мен сәжделерін толық жасаса, намаз қуанып, нұрлы болады. Періштелер ол намазды аспанға көтереді. Оқыған адамына сол намаз жақсы дұға етіп: «Сен мені нұқсан болудан қорғағаныңдай, Аллаһу та'ала да сені қорғасын» дейді. Намазды жақсылап оқымаса, ол қара болады. Періштелер ол намаздан жиіркеніп, аспанға шығармайды. Оқыған адамына сол намаз жаман дұға етеді. «Сен мені зая еткеніңдей, жаман жағдайға түсіргеніңдей, Аллаһу та'ала да сені зая етсін» дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Ең үлкен ұры – өз намазынан ұрлаған кісі» деген кезде қасындағылар:
- Йа, Расулаллаһ! Адам өз намазынан қалай ұрлайды? – деп сұрады. Сонда Расулуллаһ «Намаздың руку мен сәжделерін толық орындамау арқылы» деп жауаптады.»
Имам Раббани хазреттері де айтқан:
«Намазды толық оқуға тырысу керек, тадили әрканды орындап, рукуды, сәжделерді, қауманы (яғни рукудан көтеріліп тік тұруды) және жәлсәні (яғни екі сәжде арасында отыруды) жақсылап жасау қажет. Біреудің осы кемшіліктерін көргенде оған ескерту керек. Дін бауырларының намаздарын толық оқуына көмектескен жөн. Туманинет, яғни мүшелердің әрекет етпеуі және тадили әркан, яғни бір рет «субханаллаһ» дейтіндей уақыт әрекетсіз тоқтап тұрудың орындалуына жол ашу қажет. Мұсылмандардың көбі осыларды орындау абыройынан мақрұм қалуда. Бұл ниғметті қолдан жіберіп алды. Бұл амалды жариялау өте маңызды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Ұмытылған бір сүннетімді жариялаған адамға жүз шәһид сауабы беріледі» деген.»
Зәйд ибн Уәһб хазреттері біреудің намаз оқып жатқанда руку мен сәжделерін толық жасамағанын байқады. Оны қасына шақырып алып «Қанша уақыт бойы осылай намаз оқып жүрсің?» деп сұрады. Ол «Қырық жыл» дегенде, «Онда сен қырық жыл намаз оқымаған екенсің» деді.
Сұрақ: Бір мұсылман намаздың шарттарын толық орындамаса, намазынан ұрлаған, ұрлық жасаған болады ма?
Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз бір күні сахабаларына қарап:
- Ұрылардың үлкені кім, білесіңдер ме? – деп сұрады. Олар:
- Білмейміз, сіз айтыңыз, - дегенінде:
«Ұрылардың үлкені – намазынан ұрлаған адам, ол намазының әрканын толық жасамайды!» деді. Осы ұрлықтан сақтану және үлкен ұры болудан құтылу керек. Жүрекке ештеңе кіргізбей ниет ету қажет. Ниет дұрыс болмаса, ғибадат сахих болмайды. Қыраатты дұрыстап оқу қажет. Рукуды, сәжделерді, қауманы және жәлсәні толық жасау керек. Яғни рукудан тұрғанда толық тұрып, бір тәсбих айтатындай уақыт тоқтап және екі сәжде арасында дұрыс отырып, тағы бір тәсбих айтатындай уақыт тоқтап тұру керек. Осылайша қаумада және жәлсәде туманинет пайда болады. Осылай жасамайтындар ұрылардан саналады және үлкен азаптарға душар болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024